Сабақ ұйымдастыру тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі



бет1/3
Дата04.07.2018
өлшемі378,57 Kb.
#46943
  1   2   3
«Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы біріктірілген сабақ ұйымдастыру» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Сын тұрғысынан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және істей білу, ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншылд, ашық, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар және шешім қабылдауға парасатты болу ниетін дамытуды көздейді. ( МАН 43 бет, 2 деңгей)

Коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп, «Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы біріктірілген сабақ ұйымдастыру» тақырыбына шықтық.



Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді.

Біріктірілген тәсіл сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ, әр түрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында: 
*бір-бірінің пікірін тыңдайды,сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалайды; 
*өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады; 
*бір-біріне құрметпен қарайды; 
*өз ойын ашық,еркін айтады,пікір алмасады; 
*өзін-өзі,бірін-бірі бағалайды; 
*мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастырады; 
*достарының ойын тыңдай отырып,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектеседі; 
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды. 
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады. 
Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 13 мұғалім.



2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке «Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы біріктірілген сабақ ұйымдастыру» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.

Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдана отырып оқушыларды сыни ойлауға тәрбиелеу жолдарын қарастыру. Жеті модульді қолдану арқылы біріктірілген сабақ жоспарын құрастыру

Күтілетін нәтижеміз:

Әріптестер сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы біріктіліген сабақ жоспарын құрастырады. Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.

Психологиялық ахуал туғызу мақсатымен «Отпуск» құрметті ұстаздар, алдымызда керемет демалыс күтіп тұр. Қазір біз жазғы демалысымызды жоспарлаймыз және армандаймыз.

Бәріміз шеңбер құрастырамыз. Әр қатысушы өзінің атын айтады да, атынын бірінші әрібіне қай елге барғысы келетінін айтады.



Нәтижесінде: қатысушылар көңілдерін көтерді.

Қатысушылар Кәмпиттің түрлері арқылы 2 топ құрады. Ұйымдастырылған топтар үстелге отырды.





«Ой қозғау» әдісінде берілген постерде топтар сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін жазды.



Нәтижесінде: Тапсырманы орындайды, өздерін бағалайды, сын тұрғыдан ойлау стратегияларын білетінін көрсете білді және сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдерді жазды.

Каталог: uploads -> doc -> 003c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
003c -> Сабақ Тақырыбы: Адам табиғат перзенті. Какимжанова Майра Хамитқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет