Сабақ жоспар Пәні: Қазақ тілі Сынып: 5



Дата11.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#142712
түріСабақ
Байланысты:
5 ҚТ. Уәдеге адалдық


Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 5

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдалиева С.О.

Қатысқаны:

Қатыспаған оқушы сан:

Бөлім:

8-бөлім. Адамның сырт-келбеті мен мінезі

Сабақтың тақырыбы

§63. Уәдеге адалдық

Ресурстар

Оқулық: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» баспасы, 2017 ж., 99-100-беттер.
Қосымша материалдар (бейнематериалдарға сілтемелерге): www.metod-kopilka.ru/trbi_saaty_zholda_zhru_erezhesn
Иллюстрациялық материал:


Сабақтың мақсаттары

5.3.1.1.- оқылым стратегияларын қолдану, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
5.4.4.4 -сан есімнің құрамына қарай түрлерін ажырата білу;


Бүгінгі сабақта сіз:

  • мәтінді түсініп оқисыз;

  • көтерілген мәселені түсіндіресіз;

  • зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданасыз.

Сабақ нәтижесі:



Оқушы:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • негізгі ақпаратты анықтайды;

  • омоним мен синоним сөздерді меңгереді;




Термин сөздер

Жинақтық сан есім — заттың жинақталған санын білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады.
Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров) Дауысты дыбысқа бітетін екі алты жеті деген септік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы - ы, - і дауысты дыбыстары түсіріліп қолданылынады. Мысалы: екеу, жетеу, алтау, және т.б. Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылынады да, заттанып тұрады, яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады

Мұғалімнің іс-әрекеті



І.Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту
1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,
(Ақылыңа ақыл қос.)
2. Әдепті бала- арлы бала,...
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
3. Адалдық жүрген жерде,...
(Адамдық жүреді)
4. Асылдың бірі- ...(Адамгершілік)
5. Ала жіпті аттамағанның ...(абыройы биік.)
6. Адалдық - ...(ардың ісі.)
7. Ақылдың алдымен жүр...
(Ақымақтың артымен жүр.)
8. Өтірік айтып жағынғанша...
(Шынынды айтып жалын.)
9. Ауыз ашса сыр көрінеді,
(Есік ашса төр көрінеді.)
10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді,
(Дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.)
11. Сөйлесе ...(сөз әдепті.)
12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, ...
(жаман жігіт оңай істі күш қылар.)

Оқушының іс-әректі

1-тапсырма.


Мәтінді рөлге бөліп оқып, ойтүрткі сұрақтарға жауап беру.

1.Әңгімеде Бала Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерін айтады


2. «Уәдеге адалдық» деген сөзді айқындап, ойларымен бөліседі.


3.Сыныптастарыңның бойыннан қандай асыл қасиеттерді жиі байқайсыздар? Сұрақ -жауап

  • Оқылым мәтініндегі сан есімдерді мағыналық

(Бір, екі) түрлерінде қолданады.
Шоқан мен Мысық диологін өз ойларымен құрастырады.



  • Бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті - сан есімдерді жинақтық сан есім жазады және сұрақ қояды.

1-топ . Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап ,ондағы негізгі ойды жинақтық сан есімдерді пайдалана отырып жазады.


2-топ . Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап,олар көрініс беретін жағдайларға мысал келтіреді.
3-топ . Уәде мен адалдық туралы мақал -мәтелдер мен қанатты сөздерді жазып, «Т кестесі» бойынша мағынасын түсіндіреді.
Оқылым мен тыңдалым мәтіндерінен сан есімдерді теріп жазып,құрамы мен мағынасына қарай ажыратады.



Кері байланыс:

«БББ» кестесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет