Сабақ жоспары. 10-сынып. Қазақстан тарихы. Сабақ тақырыбы



Дата06.07.2018
өлшемі16,5 Kb.
#47653
түріСабақ
Атырау облысы

Мақат ауданы

Х.Санбаев атындағы орта

мектептің мұғалімі

Ескайрова Маржан

Тарих пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары. 10-сынып. Қазақстан тарихы.



Сабақ тақырыбы

Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Орта ғасырлардағы ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы, сол дәуірде туған тарихи шығармалар жөнінде түсінік беру.




Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.




Ғұламалар мен даналардың шығармаларындағы нақыл сөздер арқылы оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме

Оқулық, дидактикалық құралдар.

Күтілетін нәтиже.

Осы дәуірде өмір сүрген ғұламалардың өмірін, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі туралы біледі. Құнды деректермен танысады, маңызын анықтайды, салыстырады.

Сабақтың жабдықтары.

Карта, сызба-кестелер, постер, стикер,

Флипчарт.



Технология

Дамыта оқыту технологиясы.

Оқыту әдісі

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар.

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақта аяқталмаған талдау тапсырмаларын,

тарихи диктантты тексеру, жеке оқушылармен сұрақ жауап арқылы өткен сабақты қортындылау.

Жаңа тақырыпты оқып-үйрену кезеңі.Жаңа сабақта берілетін негізгі мағлұматтар:

1. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари-аса дарынды ғұламалар.

2. Қ.А.Иассауи-ақын,философ.»Диуани Хикмет» еңбегінің мазмұны,маңызы. 3. Махмуд Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектеріндегі тарихи деректер.

Оқушыларға тапсырма бермес үшін «Кім қандай жемістерді жақсы көреді?» ойыны арқылы топтарға бөлу. Топтарға бағалау көрсеткіші беріледі.

Топтық тапсырмалар.

1-топ.


1 әрекет.

Әл-Фараби суреті жабыстырылған

плакат беріледі осы тұлға туралы білгендеріңді толық жазыңдар.



2-топ

1 әрекет.



Жүсіп Баласағұни суреті салынған плакат беріледі, бұл кім ол жөнінде білетіндеріңді толық жазыңдар.

3-топ

1 әрекет.



Махмуд Қашқари бұл кім-сөзі жазылған плакатқа оқушылар әрі қарай өз білгендерін жазуға тапсырма беріледі.







1-топ.

2. әрекет.



Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди»шығармасының құндылығын оқулықты басшылыққа ала отырып сызбаға түсіріңдер.

2-топ.

2.әрекет.



Қадырғали Жалайридің «Жылнамалар жинағы» еңбегіндегі Қазақ хандығы жөніндегі деректерді қосымша материалдар арқылы талдаңдар.


3-топ.

2.әрекет.



Қ.А.Иассауидің»Диуани-Хикмет»шығармасындағы адамгершілік моральдық ұстанымдарды тауып жазыңдар.




Мұғалімнің іс- әрекеті.

Оқушының іс- әрекеті.

Бақылайды, көмектеседі, жинақталған

Мағлұматтар береді.



Іздейді, оқиды, жазады, бір-біріне көмектеседі, мұғалімнен көмек сұрайды.

Жұптық жұмыстар: Карточкалармен жұмыс. Қазақ жерінен шыққан даналардың аты-жөнін олардың шығармалары тұрған ретпен сәйкестендіріңдер.





1.Бируни

Түркі сөздерінің жинағы.

2.Жүсіп Баласағұни.

Диуани Хикмет.

3.Махмұд Қашқари.

Астрономияға кілт.

4.Қожа Ахмет Иассауи.

Тәлімгер жинағы.

5.Сүлеймен Бақырғани.

Музыканың үлкен кітабы.

6.Әл-Фараби

Бақыт туралы ғылым.

Салыстырыңдар. Ж.Баласағұни мен М.Қашқаридың еңбектерін салыстырып көріңдер. М.Дулати мен Қ.Жалайри шығармаларындағы ұқсастықты табыңдар.

Кестені толтырыңдар.

Сұрақтар

Тарих-и Рашиди

Жылнамалар жинағы.

Шыңғыснама.

Әбілғазы шежірелері.

Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар.














Ашық тест.

1. «Екінші Ұстаз» атанған ғұлама-

2. Әл-Фараби білім алған қалалар –

3. «Құтты білік» кімнің еңбегі –

4. «Түркі тілдерінің сөздігіне» ерекше баға берген орыс ғалымы –

5. Иассауидің діни ұстазы -

6. «Диуани Хикмет» қай тілде жазылған –

7. «Тарих-и Рашиди» еңбегі қай тілде жазылған –

8. «Жамиғат Тауарих» кімнің шығармасы –
Семантикалық карта.

Атаулар

тұлға

шығарма

лауазым

қала

ескерткіш

Ә-мұра

Әл-Фараби




















Хас Хажиб



















Диуани-лұғат ат түрік



















Иасы



















Қарахан



















Құтты білік



















Сабақтың соңғы кезеңі. Оқушыларды балдық көрсеткіш бойынша бағалау.

Кері байланыс, сабақ туралы оқушылар ойларын флипчартпен тақтаға іледі.

Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері: еңбектерден үзінділерді



жатқа айту. Дереккөздерден ақпараттар іздеу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет