Сабақ жоспары 5,6 сынып 5 сынып тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау



Дата25.12.2016
өлшемі84,49 Kb.
#5245
Шағын жинақы мектептегі қазақ тілі пәнінен

ашық сабақ жоспары

5,6 сынып

5 сынып тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

6 сынып тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Лексикадан өткенді

қайталау


Есімше. Есімшенің жасалуы мен

түрлері


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік – лексика тарауы бойынша өтілген тақырыптарға шолу, нақты мысалдар келтіре отырып өткенді қайталау;

2. Дамытушылық – оқушылардың шығармашылық, есте сақтау қабілетін арттыру,өз ойларын еркін, мазмұнды жеткізуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік – ана тілін құрметтеуге,

сауатты сөйлеп, жаза білуге тәрбиелеу.





1.Білімділік- есімше, оның жасалу жолы мен түрлері, ерекшелігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту, іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіру;

2. Дамытушылық – ойлау, қабылдау, сөйлеу, шығармашылық қабілеті мен мәдениетін дамыту;


3. Тәрбиелік – басқаның жауабын тыңдай білуге, бірін –бірі бағалауға, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау,сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекілігі:кеспе қағаздар

сызбалар, слайд түрінде тапсырмалар.



Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі



а) Оқушылармен амандасу

ә) Сабаққа деген дайындықтарын тексеру

б) Психологиялық ахуал (баяу музыка ойнап тұрады)

Есімдеріндегі әріптерге байланысты өз бойындағы жақсы қасиеттерін айту



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5 сынып

6 сынып

Үй таспсырмасын тексеру үшін алдымен «Бетпе -бет» хабарына назар аударсақ дейміз

Лексиколог – Нағима

Фил.ғылым. кандидаты- Айгерім

Тілші – Камила

Тілші: - Сәлеметсіздер ме, хабар арнасындағы «Бетпе -бет» бағдарламасына қош келіпсіздер. На

зарларыңызға лексиколог- Епеш Нағима, Фил.ғыл.канд. Қайыркен Айгерімнің сұхбатын ұсынамыз.

-Бірінші сұрақ лексиколог ғалымға қойылады

- Тіл білімінің Лексика саласы нені зерттейді?

- Лексика- белгілі бір тілдегі сөдердің жиынғы.Сөздер заттар мен құблыстарың аты, саны мен сапасы сияқты алуан мағыналарды білдіреді.(мысалмен айтады)

-Сөздің тура және ауыспалы мағы насы дегеніміз не?

- Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын

екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.(мысалмен дәлелдейді)

-Келесі сұрағымызды Қайыркен Айгерімге қоямыз.

- Фразеологизмді қалай түсінуге болады?

-Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер)- екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.

(мысал келтіреді)

-Омоним мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы неде?

-Омоним сөздер әр сөз табынан болса, көп мағыналы сөздер бір сөз

табынан болады.

-Лексика сөзі қай тілден енген?

-Лексика сөзі орыс тілінен енген сөз.

- Біздің студиямызға келіп алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!




ІІІ. Жаңа сабақ

«Ойлан тап!»

Әр оқушыға кеспе қағаздар таратылады.

Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

1.Маңдайы ашылған – бақытты

Ит өлген жер – алыс

Түн ұйқысын төрт бөлді -



ұйықтамады

2.Көзді ашып –жұмғанша- жылдам

Қырғи қабақ болу- ренжісті

Төбе шашы тік тұрды- шошыды

3. Қырық пышақ болды- төбелесті

Жұмған аузын ашпау- үндемеу

Қой аузынан шөп алмас- момын

«Тіл өнер»

Мақал-мәтелдердегі жасырын тұрған антонимді тауып жаз

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас



Бар болса аспа,

Жоқ болса саспа.

Ескі бай аяншақ келер,

Жаңа бай мақтаншақ келер.

Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.


Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарын беру

1.Етіс дегеніміз не?
А. Тек қана іс қимылды білдіреді;
Б. Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.
С. Қимылдың, іс - әрекеттің болу болмауын білдіреді.

D. Табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.



2. Етістің неше түрі бар?
А. 5
Б. 2
С. 4

D.6


3.Сабақты етістіктерге – ын, - ін, - н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі:

А. ырықсыз етіс;


Б. өздік етіс
С. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
4. Қимылды, іс - әрекетті орындаушы өзге біреу / қимылды өзге біреуге орындатады/
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
С. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
5. Қимылды орындаушы өзі істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
С. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
6. Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс - әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
С. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
7. Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді.
А. ырықсыз етіс;
Б. өздік етіс
С. өзгелік етіс
D. ортақ етіс
8. Табыс септігіндегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі
А. салт етістік

В. сабақты етістік

С .болымды етістікКонец формы

D. болымсыз етістікНачало формы




ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Есімше.

Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Есімше - етістіктің ерекше түрі.Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып қандай? қай? Сұрақтарына дауап беріп анықтауыш қызметін, ал кім?не? деген сұрақтарына жауап беріп бастауыш я баяндауыш қыз

метін атқарады. Есімше тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.(кесте арқылы түсіндіру)

Есімше


Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш

Көрмес Аман ердің Көрген

түйені де аты шығар көзде жазық

қөрмес жоқ

Есімшенің жұрнақтары



Оқулықпен жұмыс (тақтаға шығып орындау)

250- жаттығу.

Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып

айтыңдар.

Үлгі: кел- ген. Бұрынғы өткен шақ тұлғасында тұр, -ген деген жұрнақ арқылы жасалған.




Оқулықпен жұмыс

225- жаттығу.

Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір жазыңдар. (Екі топқа бөліп беруге болады)

Мақал -мәтелдердің құрамынан ауыс

палы мағынадағы сөздерді табыңдар

( ауызша талдау)

«Жамбы ату»

Әдемі баяғыда

Таңертең жүздесу

Ертеде сұлу

Көрісу азанда

Көрік лезде

Шапшаң ажар




«Мақал –сөздің атасы»

Берілген мақал- мәтелдерді аяқтап, есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалап тұрғанынын түсіндіріңдер

Судан тонын аямаған

Жаздан жанын аямас.

Жолдасын тастаған жолда қалар

Жыртық үйді жел табар,

Өтірік сөзді шын табар.

Тістейтін жылқы тісін көрсетпес,

Ине өткен жерден жіп өтер.

Ой түбі оймақ,

Ойын түбі ойран.

«Әдебиет әлемінде»

Берілген сөйлемнің қандай шығармадан алынғанын айтып, есімшелерді теріп жазу.

-Уа, жолдас, мен өзім кедеймін, кедей болғанда батырақпын. ... Бізбен төбелесетін адам шықпаған соң, жерді жыртқызбаймыз деп трактордың алдына кесе –көлденең жатып алды.... (Б.Майлин «Даудың басы –Дайрабайдың көк сиыры»)

- Оның үстіне аздаған мақтаншақ та болуым керек, мені өзіне жақынырақ ұстайтын оқытушыма еркіндік жасап, айналасы бір айдан кейін былай дегенім әлі есімде.

(Ғ.Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»)

Бұлар –қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Тобықтының ішінде сонау Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ.(М.Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді)


ІҮ.Қорытынды

Сонымен балалар, Лексика Есімше деген ұғымдарды естігенде қандай сөздер естеріңе түседі? Қане, топтастырып көрейік.




Лексика

Есімше

Ү. Оқушылардың білімін бағалау



ҮІ. Үй тапсырмасы:

230- жаттығу 251-жаттығу
Каталог: 433A5DDF800BAE38
433A5DDF800BAE38 -> Краснофлот негізгі мектебінің 2016 жылғы 24 ақпаннан 4 наурыз аралығында ғы «Бақытты балалық шаққа құқық» атты онкүндіктің есебі
433A5DDF800BAE38 -> Сыныптарға арналған олимпиадалық тапсырмалар. 5- сынып Олимпиадалық тапсырма
433A5DDF800BAE38 -> Еңбекшілдер ауданы Краснофлот негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан А. Бағдарламаның 7 модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасы орташа мерзімді жоспарлау туралы түсінік хат
433A5DDF800BAE38 -> Бекітемін: мектеп директоры Абужусипов Ж. О. Тарих апталығының жоспары. (7 желтоқсаннан 12 желтоқсан аралығында өтеді ) Апталықтың тақырыбы : «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»
433A5DDF800BAE38 -> Жұмыс жоспары (16-23. 02. 2015ж) Апталықтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Бастауыш сыныптар арасында өткен «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты апталықтың қорытынды есебі
433A5DDF800BAE38 -> Сабақтың тақырыбы: Омонимдер Сабақтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет