Сабақ жоспары Ашық сабақ тақырыбы: Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама



бет3/5
Дата01.06.2017
өлшемі1,78 Mb.
#17481
түріСабақ
1   2   3   4   5



ІV.Жаңа сабақты бекіту



Біржасушалы балдырлар

құрылысы

Тіршілік ететін ортасы

Маңызы

Хламидомонада











Хлорелла











Хлорококк











Спирогира











Улотрикс












Тест сұрақтары

1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

А)тоқтау суларды Б)өзенде

Ә)теңізде В)көлде

2.Жыныс жасушаларының атауы

А)зигота Б)спорофит

Ә)гамета В)гаметофит

3.Бір жасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болды?

А)2 млрд жыл бұрын Б) 3 млрд жыл бұрын

Ә)1,5 млрд жыл бұрын В)1 млрд жыл бұрын

4.Топырақта ағаш діңінде өсетін балдырлар

А)хламидомонада Б)хлорококк

Ә)хлорелла В)улотрикс

5)Хлорококк балдыры қалай көбейеді

А)жынысты Б)Жыныссыз және жынысты

Ә)Жыныссыз В) бөліну арқылы

6)Балдырларға тән органоид А)зигота Б)гамета Ә)ядро В)хромофор

ІІ Сандық тест

Берілген балдырдың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңіз.

1.Балдыр атаулары (түрі):

1.хламидомонада; 3.улотрикс; 5.порфира.

2.хлорелла; 4.ламинария;

2.Балдырлар бөлімі:

2.1.қоңыр балдыр;

2.2.қызыл балдыр;

2.3.жасыл балдыр.

3.Балдырдың сипаттамасы:

3.1.шоғырланған организмдер;

3.2.біржасушалы организм;

3.3.көпжасушалы организм.

4.Сыртқы құрылысы:

4.1.денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама;

4.2.денесі шар тәрізді, сілемейлі, торлы, талшықты жасушалардан тұрады;

4.3.денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, жағында екі талшығы бар;

4.4.денесі кең жалпақ қаптама;

4.5.денесі шар тәрізді, талшығы жоқ;

4.6.денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама.

5.Тіршілік формасы:

5.1.субстратқа ризиоды арқылы бекіп тұрады;

5.2.талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді;

5.3.су ағысымен пассивті қозғалады.

6.Тіршілік ету ортасы:

6.1.тұщы суда тіршілік етеді;

6.2.теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді.

7.Хроматофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:

7.1.хроматофор жұлдыз тәрізді, жасыл, қызыл пигменті бар;

7.2.хроматофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар;

7.3.диск пішінді, жасыл, қоңыр пигментті бірнеше хлоропласы бар;

7.4.хроматофоры жасыл, жартылай сақина пішінді.

8.Көбеюі:

8.1.төрт жаңа жасуша түзеді, жынысты және жыныссыз көбейеді;

8.2.екі және төрт зооспора арқылы көбейеді. Әр зооспора субстратқа бекіп, жаңа организмнің бастамасын береді;

8.3.зооспора арқылы көбейіп, субстратқа бекиді;

8.4.төрт зооспора арқылы көбейіп, шоғыр түзеді.

9.Маңызы:

9.1.балыққа қорек, белокқа бай мал азығын алу үшін пайдаланылады;

9.2.мал азығын, агар-агар өндіру үшін;

9.3.адам тағамға пайдаланады әрі ауыл шаруашылығында мал азығы ретінде;

9.4.су жануарлары үшін азық.
Жауаптары: Балдырлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9










































































































































Хлорелла
ұқсастығы Хламидоманада

Талшығы, көзшесі болмайды, Бір жасушалы жасыл балдыр Талшығы және қызыл көзшесі болады,
жынысты және жыныссыз жолмен

көбейеді

тек жыныссыз жолмен көбейеді

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған

бір сабақ бойынша есеп
Сабақтың тақырыбы: «Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама.»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төменгі сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, өкілдері адам өміріндегі және қоршаған ортадағы маңыздары туралы өзбеттерінше білім алуларына жағдай жасау.

Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Ол үшін тақтадағы өлен шумақтарындағы сөздерді оқып, бір-біріне сол өлендердегі қимылдарды жасайды. Бұл ойым өте сәтті болды деп ойлаймын, себебі балалар бір-біріне өздеріне ұнайтын мінезі, қылықтары, келбеті туралы айтып,осыдан кейін бірден жақсы көңіл күймен сабақты бастадық. Сыныпты төрт топқа бөлдім, тақырыпқа сай сөздермен. Ары қарай сабағымның тақырыбын ашу барысында оқушыларға балық аулау ойының ойнату арқылы үй жұмысы сұралды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырып смайликтер алып отырды.

Жаңа тақырыпқа көшу үшін тақтада видео көрсетілді «Бір және көпжасушалы балдырлар», бейне таспаны көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбын және мақсатың анықтап алдық. Осы сабағымды ертегі тәрізді жүргіздім. Біз бүгін теңізге саяхатқа шығамыз, жолымызда кездескен қиындықтарды тапсырмаларды орындау арқылы женеміз. Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1. Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратың бөлігі

2. Өсімдіктің жер асты мүшесі

3. Тамырдың түктері орналасқан бөлімі

4. Сабақ түрлері

5. Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейінгі қабат

6. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс

7. Телу түрлері

8. Құрғақ жемістер

9. Тозаңдану түрлері

10. Гүлшоғыр дегеңіміз не?

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.


  1. Қазір жер бетінде , Қазақстанда өсімдік түрі бар.

  2. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі – .

  3. Өсімдіктердің ұқсас түрлері , ұқсас туыстар – _______ , ұқсас тұқымдастар – , ұқсас қатарлар – _________,

кластар - біріктіріледі.

Келесі сабағымда оқушылардың түсіну дәрежесін бағалауды жоспарыма енгіздім. Бұл сабақтың жоспарында оқушылардың жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту мақсатында негізгі сұрақтарды сабақтың әр кезеңі үшін дайындап алдым. Сұрақтар арқылы мен оқушылардың нені үйренгенін, нені түсінгенін бақылай отырып берген жауаптарының негізінде бағалай алдым. Әр-бір тапсырмадан кейін оқушылар бағалау парағына бағалап отырды. Мағынаны тану мақсатында. Оқулықты оқыту 5-6 минут ББҮ кестесін толтыру.

1-топ Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграмасын сызу.

2-топ Жаңа сөздермен жұмыс

1. Таллом төменгі сатыдағы өсімдіктердің (балдырлар,саңырауқұлақтар,

қыналар) денесі.

2. Хроматофор (гр. «хромос» бояу,бояулы) жасушасында балдырға түс беріп тұратын хлоропластар.

3. Гамета (гр. «гамете») аталық және аналық жыныс жасушалары.

4. Зооспора жыныссыз көбейту үшін пайдаланылатын балдыр және кейбір саңырауқұлақтардың жасушалары

5. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат.

6. Фитобентос (гр. phyton - өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.

3-топ Суретпен жұмыс хломидомонада, хлорелла, хлорококк, спирогира.

4-топ Тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

4.Балдырлар қалай көбейеді?

5.Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6.Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?

Бұл сабақта тест жұмысы, ойындар тақырып бойынша, ББҮ кестесін толтырып, лездік сұрақтарға жауап беріп отырды.



Бұл күнгі өткізілген сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағында оқушылардың өздігінен оқуын қалыптастыру мақсатында ББҮ әдісін қолданып сабақ өткіздім. Бұл сабағымда да оқушылардың көмегімен көздеген мақсатыма жеттім. Оқушылар бұл әдісті бірден түсініп тез қабылдап сабаққа белсене қатысып кетті. Жоспарға сәйкес сабақтарыма сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында жұптық жұмысты енгіздім. Бағдарламада қамтылған модулдер тізбегіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің жұптық жұмыс стартегиясын пайдалану оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Бұрыннан жұппен жұмыс жасап дағдыланбағандықтан жұптық жұмыс стратегиясын пайдалану барысында сыныпта оқушыларды жұптастырып бөліп, өзінің жұбымен талқылай алатын және де кейіннен барлық сынып болып талқылай алатын сұрақтарды бере отырып, олардың жұмыстарын бақыладым. Жұптық жұмыс кезінде өз пікірін айтпаған оқушы қалмады. Бұл тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар сабақта өте белсенділік танытты. Тәжірибе кезінде таланты және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында да әртүрлі деңгейде тапсырмалар берілді. Топтық жұмыс жасау барысында сыныптағы кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін де байқадым.




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет