Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет57/58
Дата22.04.2020
өлшемі0,74 Mb.
#64175
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
00167e0f-df7677e6

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.



Жаңа сабақ

Кесте – сайт құрағанда қолданылатын ең қуатты инструменттердің бірі. Кестелер басында құрылымдандырылған деректерді көрсету үшін қолданылады. Бірақ біртіндеп олар Web-беттерді құрастырудың қуатты әмбебап құралына айналды. Кестелер бетті онда элементтер орналасатын жеке аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Нtml кестелері ұяшықтарының төңірегіндегі жақтаулар көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін. Егер кесте бетті құрастыру үшін қолданылатын болса, әрине , көрінбейтін шекараны қолданған жөн, бірақ кейбір кездерде, егер әр түрлі үяшықтар үшін әр түрлі құюлар қолданылса, қызық нәтижелер алынады.

Кесте жолдар мен ұяшықтар бағандарынан тұрады, оларда мәтін суреттер кірістірілген кестелер болуы мүмкін. Ұяшық (СеІІ) – кілтті элемент, олардың жиынынан кесте тұрады. Ұяшық әрқашан тікбұрыш пішінінде болады,онда мәтін немесе суреттер болуы мүмкін. Кестенің әр ұяшығы шекаралар орнатады, онда қойылған деректер оларға қатысты тураланады. Егер материалды орналастыру үшін кесте ұяшығының көлемі жеткіліксіз болса, оның көлемін FrontPage автоматты түрде үлкейтеді. Ұяшықтарды бөліктерге бөлуге болады, олар да ұяшық деп аталады. Бірнеше көршілес ұяшықтарды біріктіруге де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет