Сабақ жоспары Күні



Дата05.06.2017
өлшемі20.47 Kb.
Биологиядан сабақ жоспары

Күні:

Сынып:6

Тақырыбы: Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер.

Білімділігі:Вирусы аурулардың алдын алу жолдарын көрсету.

Дамытушылығы :Вирусты аурулардың түрлеріне байланысты материалдар арқылы оқушылардың білімін арттыру.

Тәрбиелігі: Өмірде осы аурулардан аулақ болуды айта отырып, алдын алу шараларын үйрету.

Сабақтың түрі: әңгіме

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі / 1 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау /7 мин

Бидай мен картоптың пайда болу тарихы жайлы әңгімелеу



ІІІ. Жаңа тақырып

  1. Теориялық білім /10 мин

Тірі табиғатта вирустар өз алдына дүние құрайды. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағзаның жасушасынан тысқары тіршілік нышанын білдіре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, олар жай көзге көрінбейді. Мөлшері бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты *100 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көруге болады. Вирус латынша «у» деген сөз.

Өсімдік ,жануар, адам ағзасында ғана вирус көбейе алады.Кейбіреуі бактерия жасушасын ерітіп жібереді. Вирустар тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Вирус ұзақ уақыт топырақта, суда және өзге де жерлерде сақаталады.

Ауру туғызатын вирустар. Вирус ағзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады.

Олар: 1. тұмау.



2. балалардың сал ауруы

3. қызылша

4. сары ауру

5. шешек

6. ұшық

7. ИТИС( иммунитет тапшылығын иемденген синдром)

Иммунитет-ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның тұтастығын және биологиялық даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады.

100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дарақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.


  1. Сұрақ-жауап / 7 мин

Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып жауап береді

  1. Ізден тап! / 8 мин

Тақырып бойынша 5 тест тапсырмасын құрастыру

ІҮ. Бекіту. / 10 мин

Не білдім? Не білігім келеді?


Ү. Бағалау / 1 мин

ҮІ. Үй жұмысы /1 мин

Мазмұндап, қосымша ақпарат әкелу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет