Сабақ жоспары Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі



Дата04.07.2018
өлшемі15,47 Kb.
#46636
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалім: Б.М.Кусманова

Сынып: 6 қазақ сыныбы

Пәні: Қазақ тілі

Бағдарлама: Астана 2013 жыл

Оқулық: С.Исаев, Ж.Дәулетбекова Алматы : Атамұра,2015-256 бет

Тақырыбы: Көсемше

Өткізу күні: 20.02.2017

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Технологиялар: СТО, дамыта оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ,көшбасшы, бағалау,топтастыру,

Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер, флипчарт беті, стикер.

Әдіс-тәсілдер: Диалогтық, жұптық, топтық оқыту, миға шабуыл, басбармақ әдісі,Insert, шығу парағы,ойын

Күтілетін нәтиже: Өз ойларын еркін жеткізеді ,сөйлемдерді дұрыс құрастырады

Сабақтың атауы

Көсемше

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі


Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар


Көсемше, оның жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру,көсемшеге мысалдар келтіру, талдау, мақалдар жаттау арқылы тілдік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Мақал-мәтелдерді, жаттығуларды көсемшеге талдау арқылы әдеби тілде сөйлей білуге баулу,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Өтілу әдісі: талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру
Көрнекілігі: сызба, кесте, интерактивті тақта

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар

4 - топ болып бөлінеді.




Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


Тест тапсырмаларына жауап алу. 
1) Сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі ... деп аталады. (есімше)
2) Есімше тұлғаларына «емес», «жоқ» сөздері тіркесіп, ... мағынаны білдіреді. (болымсыздық)
3) Есімшенің жұрнағын көрсетіңіз.
А)-а,-е,-й
Ә) –ар,-ер, -р
Б) –ыл,-іл,-л
В)-у.
4. Есімшеге тән емес қатарды көрсетіңіз.
А) Айтқан еді
Ә) Барғалы жүр
Б) Көрмек болды
В) Айтар ақылым
5. Бұрынғы өткен шақ түріндегі есімшені табыңыз.
А) жүзген
Ә) жүзбек
Б) жүзді
В) жүзер
6) 1) –ар, -ер, -р- 1) етіс
2)-ын, -ін,-н- 2) есімше
7) 1)-ған,-ген- 1) болжамды келер шақ
2)-атын, -етін-2)өткен шақ
3)-ар, -ер,-р- 3) ауыспалы өткен шақ
Берілген сөздерді алфавит ретімен орналастыру
8) Барар, сөйлейтін, жүрген, айтпас, көретін, толтырар
3. Екеуара тексеру

Мағынаны тану


Көсемше де етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде.екі түрлі қызметте қолданылады.

Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп,көмекші етістік жіктеліп,қимылды,іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.



Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл,іс-әрекеттің тура өзін білдірмей ,орың амалын,сынын,себебін,мезгілін,болу мақсатын білдіріп,үстеу мәнінде жұмсалады.Мысалы:Абай да,Жұмабай да,қызыға тыңдасты.Көсемше етістік түбірлеріне немесе етіс,болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады :

1)-а,-е,-й

2)-ып,-іп,-п

3)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау



Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады


Ой толғаныс

«Тапқырлық танытайық» ойыны (мақалды жалғастыру)
Бірлігі жоқ ел тозады,
...( Бірлігі күшті ел озады)

Өтірік сөз ... (өрге баспайды)

Еңбек ерлікке жеткізер
... (Ерлік елдікке жеткізер)

Адам болатын бала


... (Алысқа қарайды)

Венн диаграммасы


Есімше Көсемше

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу


 Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру


Өзін өзі бағалау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет