Сабақ жоспары Пән: Электрлі машиналар мен аппараттар. №15. Сабақ тақырыбы: «Синхронды генераторлар» І сабақ мақсаты



бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#11928
түріСабақ
  1   2   3   4
Қостанай облысы әкімділігі білім басқармасының

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК

Ә.Б отырысында Бекітемін

қаралды Директордың ӨОЖ

______________ орынбасары

«___» ____ 2014ж ______________

«___» ____ 2014ж



Ашық сабақ
Пән: Электрлік машиналар мен аппараттар

Тақырыбы «Синхронды генераторлар»

Арнайы пәндер мұғалімі: Исмагулов Е. Н.

Арқалық қаласы

2013 – 2014 оқу жылы.

Күні __________ топ __________

Сабақ жоспары
Пән: Электрлі машиналар мен аппараттар.

№15. Сабақ тақырыбы: « Синхронды генераторлар »


І Сабақ мақсаты:

1. Үйретушілік мақсаты: Синхронды генераторлардың құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіру барысында,сабақты толықтай меңгеру дәрежесін тексеру.
2.Дамытушылық мақсаты: Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік ойлау,қорытынды жасау қабілетін жетілдіру.
3.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өтілген материалға деген қызығушылығын, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Өткізу әдісі: Мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, венн диаграмасы.
Көрнекті құралдар: Плакаттар, слайдтар, мультимедиялық слайдтар, үлестірме материалдар, сабақты қортындылауға арналған тест сұрақтары.

Пайдаланған әдебиеттер: М. Исаханов « Электр машиналары және

трансформаторлар.

Ө. Өтешов, С.А. Кешуов «Электртехникалық жабдықтар ».

Ж. Жәнібеков, Б. Дурманов, Б. Тобжанова « Электрмонтер »



ІІ Сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу кабинетімен оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.Оқушыларды түгендеу.



М.: Сәлеметсіздерме, отырыңыздар. Бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы «Синхронды генераторлар» Сабақты бастамас бұрын кешегі үй тапсырмасын қайталап өтейік
2.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?



Жауап: Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын электр машинасы.

2. Асинхронды қозғалтқышты ойлап тапқан кім?



Жауап: Асинхронды қозғалтқышты ойлап тапқан орыс инженері М. О. Доливо-Добровольский болып саналады. 1888 жылы.

3. Асинхронды қозғалтқыштың бөліктерін атаңдар? (слайд)



Жауап:

1 – алдынғы айгөлектің қалпағы

2 – валдың соңы

3 – айгөлектің нығыздауы

4- айгөлектер

5 – ротордың желдеткішің қанаты

6 – қысқа тұйықталған сақина

7 – болт


8 – станина

9 – рем болты

10 – статор өзекшесі

11 – ротор өзекшесі

12 – статор орамасы

13 – желдеткішті бекіту винті

14 – желдеткіш қақпағы

15 – артқы айгөлектің қалпағы

16 – желдеткіш

17 – бекіткіш сақинасы



18 – желдеткіштің бекіткіш винті

4. Асихронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі?(мультимедиялық слайд)

Жауап:

Асинхронды электр қозғалтқыштың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі.




5.Асинхронды қозғалтқышты тізбекке қосу сұлбасы?(слайд)

Жауап: Асинхронды қозғалтқыштың тізбекке қосу сұлбасының екі түрі болады, ол «жұлдызша» және «үшбұрышты».


Каталог: uploads -> doc -> 0356
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0356 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: пресс-конференция
0356 -> Сабақ: Көктем қандай көрікті! Мектеп
0356 -> Қамқорлық Бердібек Соқпақпаевтың біз білетін шығармалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет