Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді



бет1/6
Дата30.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#8303
  1   2   3   4   5   6

Маңғыстау облысының білім басқармасының

26.12.2015ж. № 4 алқа шешімімен бекітілді




МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ





Ақтау 2016ж.

2015 жылға арналған Маңғыстау облысы білім беру жүйесін дамыту бойынша білім беру басқармасының жұмыс қорытындысының талдауы, 2016 жылға міндеттер

Маңғыстау облысының білім басқармасының негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын (30.11.2015ж.);

Ұлт жоспары «Бес инстуционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі» 100 нақты қадам;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларындағы 2014-2016 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды нәтижелерге қол жеткізу туралы Меморандум;

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» орындауға бағытталады.


Білім беру ұйымдары желісінің сипаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие

Облыста 2015 жылы 233 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 182 балабақша, 51 шағын орталық жұмыс істейді. 2015 жылы 5257 орындық 35 МДҰ іске қосылды (құрылыс есебінен-18, кері қайтару есебінен-1, шағын орталық -2, жекеменшік-14).



Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар саны

(30.12.2015 жылғы есеп бойынша)











































Барлық МДҰ

МДҰ бала саны

Балабақшалар саны

Оның ішінде

Шағын орталықтар саны

Оның ішінде

Мемлекеттік балабақшалар саны

бала саны

Жекеменшік балабақшалар саны

бала саны




Мемлекеттік шағын-орталықтар саны

бала саны

Жекеменшік шағын-орталықтар саны

бала саны

233

31476

182

140

25183

42

3953

51

30

1294

21

1046

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту:

1-ден 6 жасқа дейін – 48,0%, (2014-40,8%) (өсім 7,2%)

3-6 жас аралығында – 77,4%, (2014-68,1) мектепалды даярлық пен бастауыш сыныптағыларды қоса есептегенде 81,0% құрайды.

Облыс бойынша қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылған балабақшалардың жалпы балабақша санынан үлесі 27,3 % құрайды. (42 балабақша, 21 шағын-орталық)

Мемлекеттік («Балапан») бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындап отырған проблемалық мәселелер:

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы:

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің көбеюіне қарамастан балабақшаға кезекке тұру әлі де сақталып келеді.

Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің көбеюдегі айқындаушы факторы елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруы мен бала туудың көбеюі болып табылады.

Біздің облысымыз тұрғындарының саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатырған аймақтардың бірі болып саналады.

Білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша 30.12.2015 жылға 1 жастан 6 жасқа дейінгі 28678, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 4789 бала кезекте тұр.

Кезек санының ең көп деңгейі (30.12.2015 жылға) Ақтау қаласында (11 165), Жаңаөзен қаласында (6168) және Мұнайлы ауданында (5085) бала кезекте тұр.

Шешу жолдары:

Мемлекеттік («Балапан») бағдарламаны жүзеге асыру барысында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту және тұрғындар арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметттерінің өскелең қажеттіліктерін орындау мақсатында 2014-2020 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу «Қадамдық» жоспары жергілікті атқарушы органдармен келісілді.

2016 жылы 3050 орындық 25 мектепке дейінгі ұйым іске қосылады деп жоспарлануда .
Жалпы орта білім беру желісі -145 мектеп (оның ішінде – 133 мемлекеттік, 4- мемлекеттік емес, 7-кешкі, 1-девиантты мінез- құлқы бар балаларға арналған мектеп-интернат). Шағын жинақталған мектептер саны –12 (Бейнеу-7,Қарақия-2,Маңғыстау-3) 2015-2016 оқу жылының 1-қыркүйектегінде 2 мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, іске қосылды.


Барлық мектеп саны

01.10.2012ж

01.10.2013ж

10.10.2014ж

10.10.2015ж

133

136

141

145

Оның ішінде:

күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер



123
(96117 оқушы)

126
(100104 оқушы)

131
(106542 оқушы)

133

(114427 оқушы)




Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп

1

1

1

1

Жекеменшік мектептер

4

4

4

4

Кешкі мектептер

5

5

6

7

ШЖМ

19

14

13

12

Ресурстық орталық

2

2

2

1

3 ауысымды мектептер саны

6

4

3

1

Апатты жағдайдағы мектептер саны

2

3

2

0

Оқушылар контингенті -114427 (2014-108289) бала, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 6138 оқушыға көбейді. Үш ауысымда жұмыс жасайтын-1 (69 бала), апатты мектептер жоқ. Оқушы орындарының тапшылығы облыс қалаларында 5935 (2014 жылы-7593) бірлікті құрайды.



2015-2016 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын педагогтар саны- 9833

Оның ішінде:

- Жоғары білімді- 7296(74%)

- Жоғары және І санатты педагогтар- 4169(42,4%) құрайды.

Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқан жас мамандар- 785

Оның ішінде:

- Облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орнын бітіріп келгені- 151

- Ш.Есенов атындағы КТжИУ ПИ бітіріп келгені- 100



445 жас маман ауылдық жерде жұмыс жасайды.

Облысымызда жаңа мектептердің ашылуына орай санатсыз жас мұғалімдердің жұмысқа келулеріне байланысты жоғары және бірінші біліктілік санатты педагогтар үлесі 1,5 пайызға төмендеп кетіп отыр. Әсіресе Бейнеу ауданы (43,2%) және Мұнайлы ауданында (34,2%) төмен көрсеткіш беріп отыр.



Арнайы білім

Облыста 6 арнайы түзеу ұйымдары бар және оларда 357 мектеп жасына дейінгі, 475 мектеп жасындағы бала тәрбиеленуде. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы, 88 мүмкіндігі шектеулі балаларға Маңғыстау мен Бейнеу ауданында психологиялық –медициналық- педагогикалық кабинеттер жұмыс жасайды. Облыстың 16 жалпы білім беретін мектептерінде арнайы (түзеу) 24 сыныптары ашылып, онда 122 бала білім алады.

Маңғыстау облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны- 664 (оның ішінде жетім бала саны-213). Оның ішінде:

- қорғаншылық пен қамқоршылықтағы (502 бала) және патронаттық тәрбиедегі (40 бала) барлық бала саны -542.

Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемеде, оның ішінде: отбасы үлгісіндегі балалар ауылында-69, мамандандырылған балалар үйі-23 бала (денсаулық сақтау), облыстық балаларға арналған психоневрологиялық интернат- үйі-30 бала (еңбекпен қамту басқармасы). Барлығы – 122 бала.

Маңғыстау облысының білім басқармасы облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында аудан, қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттық мекемелердің түлектеріне мониторинг жасады.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес (29.05.2010 ж. № 283-IV, 74 бап) 2009-2015жж облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1072 бала тұрғын үй кезегіне қойылған, оның ішінде аталған санаттағы 272 балаға тұрғын үй берілді. Бүгінгі таңда 800 бала тұрғын үй кезегінде тұр.



Анықтама: Ақтау – 34, Жаңаөзен -82, Мұнайлы-43, Түпқараған-26, Бейнеу -29, Қарақия -42, Маңғыстау -16, соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілер мен түлектер -61.

2015 жылы қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) 63 балаға, соның ішінде отбалыстық балалар үйінің 6 түлегіне Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан тұрғын үй берілді.

Бүгінгі таңда, облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 664 бала, соның ішінде: қорғаншылық және қамқоршылықтағы (18 жасқа дейінгі) – 430 (балалар ауылының 69 тәрбиеленушісі), 18 жасқа толған қорғанышылық және қамқоршылықтағы және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала -370, оның ішінде интернаттық мекемелердің 135 түлегі (Ақтау қ.-119, Жаңаөзен қ.-12, Қарақия -1, Тұпқараған ауданы- 3 ) тұрғын үй алу кезегінде тұр.


Қосымша білім беру

Облыста мектептен тыс 15 ұйым, 22413 оқушыны қамтыған. Оның ішінде 1 саз, 8 өнер мектебі, 3 Оқушылардың шығармашылық үйі, 3 «Дарын» қосымша білім орталығы жұмыс жасайды. Сонымен қатар 14587 баланы қамтитын 37 аула клубы бар. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жандандыру, олардың шығармашылық жұмыстарын жариялау мақсатында «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Жаңа жылдық букет», «Үздік білім беру бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелер» байқауы өткізілді. Қосымша білім педагогтары Бейнеу ауданы Қ.Бақтыбайұлы атындағы «Өнер» мектебінің қосымша білім педагогы Ф.Отарованың «Жас ұрпақтың рухани сәулеткері» атты, «Ө. Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар «Өнер мектебінің» музыка пәнінің мұғалімі, сазгер И.Алтыбаевтың, «Ұстаз әлемі» атты жинақтары шығарылды. Ақтау қаласы «Оқушы» орталығының жұмыстары зерделеніп «Өмір белестері» атты кітап дайындалып, облыс көлемінде іс-тәжірибелері таратылды. Қосымша білім беру мұғалімдерінің оқушыларының қатысуымен өткізілген «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар слетінде жеңімпаз атанған Ақтау қаласының № 13 мектеп-гимназиясының «Альфа» тобы Орал қаласында өткен республикалық слетке қатысып, арнайы сертификат иеленді.

Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын, құрастырушылық ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу, озат іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау мақсатында облыстық «Техникалық шығармашылық көрме» байқауы өткізіліп байқау жеңімпазы Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының оқушысы Е.Командир Павлодар қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, «Техникалықшығармашылық және өнертапқыштардың» байқауының «Әуе және ракетамодельдеу» номинациясы бойынша II орын иегері атанды.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен еңбектерін ұйымдастырудың түрлері мен нысандары жетілдірілуде. 2015 жылы 57 мектеп жанынан лагерь ұйымдастырылып, оған 10494 бала демалды. Қала сыртында 7 жазғы сауықтыру лагеріне 8085 бала, 79 мектепте тамақсыз кәсіптік, спорттық бағыттағы лагерьлерде түрлі шараларға 9044 бала қамтылды. Облыстан, республикадан тыс басқа демалыс орындарына -12282 бала демалды.

2015 жылы сауықтыру шараларына 1-10 сыныптағы 102447 оқушыларының жаз мезгілінде демалыс, сауықтырумен 100820 бала (98,4 % ) қамтылды.

Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысы республиканың басқа аймақтарында да ұйымдастырылды.

«Жаз - 2015» облыстық конкурсының қорытындылары бойынша жазғы демалысты үздік ұйымдастырушы болып Жаңаөзен қаласының № 18 орта мектеп жанындағы «Айгөлек» лагері танылды. Жергілікті тарихи орындарға 3 күндік оқушылардың туристік саяхаттары, жорықтар ұйымдастырылды 6290 бала қамтыды.(2014 жылы 3858 бала қамтылған) Жазғы кезеңде қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы 37 аула клубында қызықты үйірмелер ұйымдастырылып, облыстағы 1-10 сыныптағы 16192 бала (2014 жыл 12575 бала) жазғы демалысын тиімді өткізді. 2015 жылы Жазғы сауықтырудың нәтижесінде барлық шаралармен қамтылатын бала 98,4 пайызды (2014 жыл 98,1 пайызды) құрады. Жұмыстың бағытын жетілдіре отырып, жазғы кезеңдерде мектептер жанынан сауықтыру және туристік-өлкетану бағытында лагерьлер ашу қажеттігі туындауда.

ҚР БжҒМ ҚР Үкіметінің 25.06.2012ж. № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес, «Отанымыздың елордасы – Астанамен танысамыз» атты туристік-өлкетану экскурсиясына жаппай оқу қорының және ата-аналардың қаражаты есебінен соңғы үш жылда барлығы 400 бала қамтылды. Ақтау қаласының, Мұнайлы ауданының жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Балаларды табиғат аясында өзіне-өзі қызмет етуге, өз өлкесін танып білуге, ортаны қорғап күтуге, ұйымшылдыққа, өз бетімен әрекет етуге үйрету, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында облыстық «Жастар - Отанға!» тақырыбында облыстық туристік-шатырлы лагерь байқауы өткізілді. Байқауға аудан, қала бойынша білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушыларынан құралған 5 топ қатысты.
Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 85 мамандық 135 біліктілік бойынша кадрлар даярлауда 26 техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым бар, (оның ішінде 15 – мемлекеттік және 11 меншік нысанда). Ағымдағы жылы ТжКБ білім беру ұйымы 2 бірлікке артты («Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі», мемлекеттік емес көпсалалы Маңғыстау «Келешек» колледжі ).

Білім алушылардың жалпы контингенті -23314, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алушылар- 11939 адам (51,2%).

2015-2016 оқу жылына 6954 адам қабылданды, оның ішінде сырттай оқыту бөлімі бойынша - 1507 адам, (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 3991 адам жергілікті бюджет есебінен).

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында барлығы – 1424 инженер-педагог кадр жұмыс істейді, оның 327 (23%) жоғары санатты, 325 (23%) бірінші санатты, 303 (21%) екінші санатты оқытушылар. (2014 жылы 303 (21%) жоғары санатты, 334 (23%) бірінші санатты, 340 (24%) екінші санатты) 2014 жылмен салыстырғанда қоса алғандағы жоғары және бірінші санатты оқытушылар үлесі 1 пайызға артқан.

2014-2015 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан оқытушы біліктілікті көтеруге және растауға өтініш берген 149 инженер-педагогтар 100 пайыз (80 оқытушы жоғары, 69 оқытушы бірінші санатқа) лайық деп табылды.

2015 жылы Оқу-әдістемелік кеңес пен Әдістемелік бірлестік жоспарларына сәйкес жұмыстар атқарып, жыл ішінде Кеңестің 3 отырысында 10 мәселе, Әдістемелік бірлестік отырыстарында инженер-педагог кадрлардың даярлаған 111 оқу-әдістемелік құралдары, оның ішінде арнайы пәндер бойынша 37, жалпы білім беретін пәндер бойынша 73 әдістемелік құрал, 1201000 «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандығы бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары даярлаған құзіреттілікке бағытталған экспериментальдік модуль бағдарламасы сараптаудан өткізіліп, Кеңесте бекітілді (2014 жылы 116 оқу-әдістемелік құрал бекітілген).

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында өткізілген жұмыстың нәтижесінде барлығы 206 маман, оның ішінде 44 басшы, 118 жалпы білім беру, 33 арнайы пәндер оқытушылары, 11 өндірістік оқыту шеберлері біліктілік арттыру курстарынан өтті. (2014 жылы 345 маман, оның ішінде 23 басшы, 107 жалпы білім беру, 177 арнайы пәндер оқытушылары, 38 өндірістік оқыту шеберлері біліктілік арттыру курстарынан өтті ).

Облыс деңгейінде барлығы 92, оның ішінде 72 арнайы пән оқытушысы мен 20 оқу-өндірістік шебері тағлымдамадан өтті. (2014 жылы 100, оның ішінде 77 арнайы пән оқытушысы мен 23 оқу-өндірістік шебері өткен).

Түрлі тақырыптарда 12 облыстық, 1 республикалық, барлығы 13 ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтті. Оларға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 874 адам қатысып, 727 баяндама тыңдалды (2014 жылы 10 конференцияға 543 маман тартылып 415 баяндама тыңдалды).

Сонымен бірге, жыл ішінде барлығы 482 оқытушы қатысқан 23 семинарда 90 баяндама тыңдалып, 131 тәжірибелік сабақтар көрсетілген облыстық деңгейдегі семинарлар болды (2014 жылы 705 оқытушы қатысқан 33 семинарда 109 баяндама тыңдалып, 106 тәжірибелік сабақтар көрсетілді, олардың 2-і халықаралық, 1-і республикалық, 30 облыстық деңгейдегі семинарлар болған).

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің білімі мен шығармашылық біліктілігін арттыруда, насихаттауда, дарынды студенттерді анықтау және қолдау көрсетуде "Үздік маман" және «Мамандық бойынша ең үздік» өңірлік кәсіптік шеберлік конкурстары өткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 28.03.2014жылғы №156 бұйрығына сәйкес «Үздік маман-2015» медициналық колледждер арасында байқауы өткізіліп жеңімпаз «Маңғыстау облыстық медициналық колледж» түлегі – Әділханова Жанат Ерсайынқызы республикалық байқауға қатысып сертификат алды.

Жаңаөзен политехникалық колледжінің базасында өткен «Шаштараз-стилист» кәсібінің үздігі» облыстық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы Мухамединова Нургул Уразбаевна Атырау қаласында өткен Республикалық сайысқа қатысып «Үздік стилист» номинациясымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірге WorldSkills Kazakhstan алғашқы кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатын өткізді. Маңғыстау политехникалық колледжі базасында «Слесарлық іс» мамандығы, Маңғыстау туризм колледжі базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Мамандық бойынша ең үздік» өңірлік кәсіптік шеберлік конкурстары 2015 жылғы 4 ақпанда өткізіліп жеңімпаздар Астана қаласында өткізілген WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысып келді. «Дәнекерлеуші ісі» мамандығы бойынша өткізілген облыстық байқау жеңімпазы Маңғыстау политехникалық колледжінің 3 курс студенті Ізтөре Жамбыл, жетекшісі Карабасова Жамила Джанабаевна; «Мейрамхана ісі (аспазшы)» мамандығы бойынша бойынша өткізілген облыстық байқау жеңімпазы Маңғыстау туризм колледжінің 3 курс студенті Мусина Мейрамгуль, жетекшісі Муратова Батис Альписбаевна қатысып «Холдинг «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Алғыс» хатымен марапатталды.

Кәсіптік білім беру арқылы бейіндік оқытудың үздіксіз жаңаруын қамтамасыз ететін мамандарды даярлау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін насихаттау, «Тігін өндірісі және киімді моделдеу» мамандығының дарынды студенттерін анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Тігін өндірісі және киімді моделдеу» мамандығы бойынша облыстық олимпиада өтті, Жүлделі 1 орынды Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті иеленіп, ІІ,ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру дипломдарына ие болғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Колледж бітіруші түлектердің әр мамандық саласы бойынша жұмысқа орналасуына ықпалдасу, білім саласы мамандары мен әлеуметтік серіктестіктер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, теориялық білімді игерген болашақ мамандар мен білікті мамандар арасында шеберлік сыныбынан тәжірибе және пікір алмасу мақсатында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлікте студенттер форумы өткізілді. Форумға «НИПИНефтегаз» АҚ, ЖШС «Турист», ЖШС «SKY SILK», «АНЭК» ЖШС «Марин Болашак» ЖШС, «Берекет Ф» ЖШС, «AGSA» ЖШС, «Евразия банкі», «МРЭК» ЖШС, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары және 21 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қатысты.



КИМЭП тренері, профессор Жанат Сыздыков және «НИПИНефтегаз» АҚ оқу орталығының директордың орынбасары Токорева Ирина Владимировна шеберлік сыныбын көрсетті.

Форумда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс атқаратын үздік әлеуметтік серіктес мекемелер марапатталды.

«Үздік педагог-2015» облыстық байқауы өткізіліп, оған қатысқан барлығы 16 оқытушының ішінен О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің мұнай саласы бойынша арнайы пән оқытушысы Жукенова Сайлаухан Сатыбалдықызы Облыстық байқау жеңімпазы атағына ие болып, «Ең үздік педагог – 2015» атты республикалық байқаудың жүлдегері атанды. «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 900 000 теңге ақшалай сыйлығына ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы және математика пәндері бойынша өткізілген облыстық олимпиадаға 21 колледжден 56 студент қатысып, 19 студент І,ІІ,ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру дипломдарына ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2015-2016 оқу жылына 17 колледжде 22 мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесінің эксперименті енгізілді, 673 білім алушылар 50 өндірістік мекемелер мен 1 білім ұйымында тәжірибеден өтуі жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде (2014-2015 оқу жылында 16 колледжде 20 мамандық бойынша 602 оқушы дуальді оқыту жүйесі экспериментінде білім алды).

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кадрлар даярлаудың ұлттық жүйесін дамыту мақсатында Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің 28.07.2015ж №79 бұйрығымен іс-шаралар жоспары жасақталды.

Іс-шаралар жоспары «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» (77 қадамы) бойынша Еліміздің он алдыңғы қатарлы колледждер қатарына енген Маңғыстау политехникалық колледжінде білікті кадрларды даярлау және келешекте бұл тәжірибені басқа оқу орындарына тарату жұмыстарын жүзеге асыру үшін колледждің білім беру бағдарламаларын әзірлеуіне әдістемелік көмек көрстетуге, кадрлық, педагогикалық әлеуетін арттыруға, мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарлау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, тәжірибе алмасу бағытында әдістемелік семинарлар, отырыстар, кеңестер өткізуге бағытталған.

Сонымен қатар Маңғыстау политехникалық колледжі директорының бұйрығымен ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету аясында жұмыс жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі таңда Маңғыстау политехникалық колледжінде 0816000 «Химиялық технология и өндіріс (түрлері бойынша)» және 1014000 «Машина құрылысының технологиясы (түрлері бойынша)» мамандықтарының жаңа білім беру бағдарламалары жасақталуда.

Колледждің арнайы пән оқытушылары облыстық біліктілік көтеру орталықтарынан және «Холдинг «Кәсіпқор» АЕҚ қоғамының тренинг орталықтарынан курстан өтті. 2 оқытушы және 1 оқу өндіріс шебері үш этаптық курстан өтсе, басшылардан 3 адам «Оқыту бағдарламаларын апробациялау бойынша колледждің эксперименттік қызметінің тиімділігін жоспарлау, ұйымдастыру және мониторингілеу» атты 72 сағаттық курстан өтіп қайтты.

1.МҚКК «Маңғыстау политехникалық колледжі» базасында ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету аясында жұмыс жүргізу үшін колледж директорының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

2. ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 04.09.2015 ж жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 69 бұйрығын негізге ала отырып жасақталған МҚКК «Маңғыстау политехникалық колледжі» базасында 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың даму жоспары талқыланып, бекітілді.

Арнайы пән оқытушылары мен оқу өндіріс шеберлеріне оқу бағдарламаларына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарлары, оқу әдістемелік кешен жасақтау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында 2015 жылғы 27 ақпандағы Кәсіби-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес хаттамалық тапсырмасына сәйкес үш колледж 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруымен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі қаржыландыруымен «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының «Институционалдық даму жоспары» 3.3 кіші құрамдауышы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған халықаралық конкурсқа қатысып грант иегері атанды.

Олар: О.Тұрмағамбетұлы атындағы Жанаөзен мұнай және газ колледжі, Маңғыстау политехникалық колледжі және Жанаөзен политехникалык колледжі.

Грант бойынша әрбір колледжге төмендегі қаражат мөлшері берілді:

гранттың негізгі бөлігі (50 550178) тенге 57 тиын Дүниежүзілік банктің тікелей аударуымен сыртқы займ есебінен;

6066021 тенге 43 тиын ҚР республикалық бюджеттің қаржыландыру есебінен.

Жобаны жүзеге асыру аясында колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: колледж кітапхана қоры арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен толықтырылды, қазіргі заманғы оқу-зертханалық комплекстер, тренажер-имитаторлар алынды.


Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет