Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А



бет61/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
6. Қыздық перде деген не?
Қыздық перде – қынапқа кіре берісті жауып тұратын шырышты қабат қатпары. Онда бір тесік болады, ол арқылы етеккір уақытында қыз балада қан шығады. Бірінші жыныстық байланыс кезінде перденің жыртылуы болады, ол біршама қан бөлінуімен және кейде ауырсынулармен сипатталады.
Қыз балада қыздық перде инфекцияның берілу жолындағы бөгет болып табылады.
7. Менде, әрбір 2 апта сайын, түнде еріксіз шәует бөлінуі болады, бұл қалыпты жағдай ма, айтыңызшы?
Еріксіз түнгі шәует бөлінулері поллюция деп аталады. Бұл жасөспірім жастағы балалардағы қалыпты құбылыс болып табылады.
8. Неге кейбір ер балаларды сүндетке отырғызады?
Гигиеналық мақсатта. Өйткені, жыныс мүшесінің басы мен шеткі денесі арасындағы қалтасында майлам (смегма) жиналады. Кез-келген биологиялық сұйықтық ретінде ол инфекция дамуы үшін қолайлы орта болып табылады. Ыңғайсыздықтан құтылу үшін еркек үнемі (күніне екі реттен кем емес) жыныстық мүшелерін баптау қажет – шеткі денесін жылжытып смегманы жуып тастауы керек. Сүндетке отырғызғаннан соң мұндай баптаудың қажеттілігі болмайды.
11. Ақ шығындылар немесе ақ жағындылар деген не?
Ақ жағындылар – бұл қынапты ылғандандыратын және қорғайтын ақшыл-сары түсті қышқыл бөліністер. Овуляция кезінде және тікелей етеккір алдында олардың бөлінуі аса мол болады. Ақ шығындылар қынаптың қалыпты ортасын сақтау үшін қажет. Шығындылар мөлшерінің көбеюі немесе олардың сыртқы түрінің өзгеруі қабыну процесінің белгісі болуы мүмкін, бұл жағдайда гинеколог дәрігеріне көріну қажет.
18. Етеккір күнтізбесі деген не және оны қалай жүргізуге болады?
Әр ай сайын күнтізбеге етеккір күндерін белгілеудің өзіндік мәні бар, өйткені онымен сен цикліңнің ұзақтығын және келесі етеккіріңнің болжамды уақытын анықтай аласың, соның есесінен мүмкін болатын ыңғайсыздықты есепке ала отырып гигиеналық төсеніштерді сатып алуды да, сапарға шығуды да жоспарлай аласың.
19. Тұрақталған етеккір цикліне не әсер етуі мүмкін?
Етеккір цикліне (және де аналық жасушаның өсіп жетілуіне) көп нәрселер әсер ете алады. Егер де етеккір кезінде сен сырқаттансаң, онда бөлінетін қан мөлшері аз болып, ал етеккір қысқа және кеш басталуы мүмкін. Егер сен емдік тағамға (диетаға) отырып салмағыңды тез жоғалтсаң, етеккір мүлдем тоқтап қалуы да ықтимал. Етеккір келуіне ықтималды дене салмағы 48 килограмм болып есептеледі. Егер де сенің сабақтарың қауыртты және сен қатты қобалжулы болсаң, онда етеккір кідіруі немесе мүлдем келмеуі де мүмкін. Спорт жаттығулары немесе спорттық сайыстар уақытында Саған үлкен күш түсірілетін болса да осы жағдай болуы мүмкін.
20. «Қауіпті күндер» деген не? Қай кезде жүкті болу ықтимал?
«Қауіпті күндер» – бұл етеккір циклінің жүкті болу мүмкіндігі көп кезең. Аналық және аталық жасушаның өмір сүру ұзақтығын есепке ала отырып (24 және 48-72 сағатқа сәйкес), әйел баласы овуляция күні және 3-4 күнге дейінгі және кейінгі аралықтарда жүкті болуы мүмкін. Аналық жасушаның өсіп жетілуі мен босатылуы Сенің қалауыңа да, жыныстық қатынастың бар не жоқ болуына да байланысты болмайды. Бір цикл ішінде 1 аналық жасуша босатылады, бұл цикл ұзақтығына байланыссыз жаңа келе жатқан етеккірге дейін 14 күн ішінде пайда болады. Әйел баласы жүкті болуы үшін өмір сүруге қабілетті аналық пен аталық жасушалары бірігуі керек (яғни ұрықтану жүреді), содан жасушалардың ары қарай бөлінуі мен олардың жатырдың шырышты қабатына жабысуы баланың, яғни жүктіліктің дамуы үшін негіз береді.
ІІІ. Бекіту. Оқушылар сұрақтар жазып береді. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері
ІV. Бағалау V. Үйге тапсырма: Әр бір оқушы өз ойларын сұрақтарын жазып келу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет