Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: 4 (4 А) топ элементтері Модуль /пән атауы: Химия



бет2/4
Дата27.01.2023
өлшемі28,8 Kb.
#166616
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4 (4 А) топ элементтері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Ақбілек Ж.Аимаутов
Көміртегінің химиялық қасиеттері. Көміртегінің екі аллотропиялық түр өзгерістері бар, оларға алмаз бен графит жатады, ал жасанды жолмен алынған түр өзгерістерін – карбин және полукумулин дейді.
Алмаз бен графиттің физикалық қасиеттеріне елеулі айырмашылық болатынын олардың құрылыстарының әртүрлілігімен анықталады.
Алмазда көміртегінің әрбір атомы басқа атомдармен төрт гибридті сигма ковалентті байланыс арқылы 1090 бұрыш жасай байланысады. Осының нәтижесінде көміртегінің барлық атомдары бір-бірімен ұзындығы 0,154 нм байланыс арқылы тұтас үш өлшемді макромалекула түзеді. Осындай құрылыс алмазға өте мөлдірлік, аса қаттылық қасиет береді. Қаттылығы жөнінен алмаз барлық заттардың ішінде бірінші орын алады.
1960 жылдан бері көміртегінің жасанды түрі өзгерістері карбин мен поликумулен синтезделді.
Карбинде көміртегі атомдары кезектесіп келетін үш және бір байланыс арқылы қосылатын болса, поликумуленде көміртегі атомдары өзара қос байланыс арқылы тізбектеседі.

  • С ≡ С − С ≡ С − С ≡ С − (карбин)

  • С = С = С = С = С = С = (поликумулен)

Құрамында көміртегі бар заттарды ауа қатыстырмай қыздырғанда, аморфты кокс көмір жатады, бұлардың құрылысы графит тәрізді.
Көміртегі химиялық қосылыстарда екі, төрт валентті, ал тотығу дәрежесі +2, +4 болады.
Көміртегінің барлық түр өзгерістері – аморфты көміртегі қыздырғанда, алмаз жоғары температурада (700 – 8000С) оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді:
2С + О2 = 2СОС + О2 = СО2
Көміртегінің күкіртпен әрекеттесуі жылу сіңіре жүретін эндотермиялық реакция:
C + S = CS2 – 63 кДж
Көміртегі фтормен тікелей әрекеттеседі, ал оның басқа галогендермен қосылыстарын жанама жолмен алады.
C + F2 = CF2
S2 + 2Cl2 = CCl4 + 2S
Электр разряды кезінде көміртегі азотпен тікелей әрекеттесіп улы газ циан түзеді:
2C + N2 = C2N2
Циан қышқылының тұздарын цианидтер дейді және олар өте улы болады. Көміртегі жоғары температурада металдармен әрекеттесіп карбидтер
түзеді, мысалы Са + 2С = СаС2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет