Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: 4 (4 А) топ элементтері Модуль /пән атауы: Химия



бет3/4
Дата27.01.2023
өлшемі28,8 Kb.
#166616
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4 (4 А) топ элементтері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Ақбілек Ж.Аимаутов
Көміртегі оксидтері. Көміртегі (IІ) оксиді СО көміртегі жетімсіз мөлшердегі оттегімен әрекеттескенде немесе көміртегі (IV) оксидін қызған көмір арқылы өткізгенде түзіледі:
2С + О2 = 2СО СО2 + С = 2CO
Зертханада көміртегі (ІІ) оксидін құмырсқа қышқылын фосфор (V) оксидімен сусыздандыру арқылы алады:
НСООН → СО + Н2О СО түссіз, иіссіз, дәмсіз өте улы, тұз түзбейтін оксид.
Ӛзінің химиялық қасиеттері жөнінен көміртегі оксиді СО күшті тотықсыздандырғыш және қосылу реакциясына бейім келеді. Хлормен әрекеттесіп, фосген деп аталатын улы зат түзеді.
СО + Cl2 = COCl2
СО жанғыш газ болғандықтан, қыздырғанда ауада жанып, СО2-ге айналады.
2СО + О2 = 2CO2
Көміртегі (IV) оксиді СО2 түссіз, иіссіз, жанбайтын, жануды қолдамайтын газ, 1 л суда 1,7 л СО2 ериді.
Көміртегі оксидін өнеркәсіпте әктасты қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаСО3 = СаО + СО2
Зертханада көміртегі (IV) оксидін Кипп аппаратында мраморға немесе кальций карбонатына қышқылмен әрекет ету ретінде алады:
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O
Жоғарғы температурада, катализатор қатысында, көміртегі (IV) оксиді сутегі арқылы метанға тотықсызданады.
СО2 + 4Н2 = CH4 + 2H2O
Көміртегі (IV) оксиді аммиакпен әрекеттесіп амидкөмір қышқылының тұрақсыз тұзын түзеді, ал бұл тұз қыздырғанда суды бөліп шығарып карбамидке немесе мочевинаға айналады.
СО2 + 2NH3 = CO(NH2)ONH4
CO(NH2)ONH4 = H2N – CO – NH2 + H2O

Кремний.
Кремний табиғатта өте көп таралған элемент. Жер қыртысының 97% кремнийдің қосылыстарынан тұрады.
Кремнийді алу үшін, ақ қиыршық ұсақ құмды магниймен араластырып қыздырады:
SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si
Кремнийдің сыртқы электрондық құрылысы 3s23p2, оның атомында sp3-гибридизация болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет