Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері



бет3/13
Дата23.10.2016
өлшемі0,81 Mb.
#79
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25.7.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18.5.1993, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі (1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері). 1931 – 41 ж. Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді. Алматы көркемсурет училищесін (1948), Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген. 1956 – 59 ж. Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының, 1968 – 74 ж. Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды. Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады. “Әліби Жангелдиннің отряды”“Шопан әні”(1956), “Әңгіме үстінде”(1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды. Одан кейінгі “Киіз басу” (1958), “Сабан той”“Тұскиіз” триптихы (1960), “Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты. Пейзаждық картиналары “Алматының төңірегі” (1958), “Суат басында”, “Қыстауда” (1966), “Тау бөктерінде” (1967), “Жайлаудағы таң” (1975) және “Бурят әйелі” (1956), “Суретші әйел портреті” (1957), “Мұхтар Әуезов” (1977), “әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері, монументті өнер шығармалары (Алматы қ-ндағы “Алматы”, “Қазақстан” мейманханасы мен Неке сарайының, сондай-ақДонецкідегі Металлургтер сарайының, Мәскеудегі “Қазақстан” кинотеатрының қасбеттері мен интерьерлеріне жасалған мозайкалық паннолар, т.б. ұлттық өнер тарихында қалды Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды.

  • БЕГАЛИН АЙБЕК  ҚАЛЕНҰЛЫ 1963 жылы 13 қыркүйекте Цөлиноград қаласында туған. суретшіҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісіне ие. Қазақ. Айбек Бегалиннің  полотноларында кейбір таныс  танымдар басқа күйге бөленеді дүниежүзілік  деңгейге дейін  көтеріледі  де, адамдардың өмір сүру мәселесі шешіледі. Олар моральдық-этикалық мәселелер негізінде, мифологиялық шеңберде қаралады. Суретшінің шығармаларына дәстүрлі  жақсылық  пен жамандық , күн мен  түннің  күресі арқау етіледі. Айбек Бегалин кеңістік  құрылымын  қатаң  сақтап, оны жан-жақты бағыттағы  қимылдармен байытып, түстер   арқылы ойлы бip күшке бөлейді. Күрделі философиялық  және этикалық  мәселелерді шешу  үшін cypeтші  өз шығармаларында өзіндік  бейнелеу  тілін  тапқан.

  • БУШ ВИКТОР ПЕТРОВИЧ (1934-1986) 1964 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген, кескіндеме  өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі. Виктор Буш барлық жанрда еңбек eттi, әcipece тұрмыстық картиналар мен натюрморттарға көп назар аударды. Ол өмірден және өнерден әсемдік пен шынайылықты iздеді. Қарапайым көpiнic оның қыл қаламының астарында үлкен мағынаға ие болып отырды.

  • ECIPKEEB РАЙМҚҰЛ ЕСІРКЕҰЛЫ (1921-1980) Арнайы білім алмаған. Кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi.
    Раймқұл Есіркеев творчествосының тақырыбы - адам. Ол өзінің жерлестерінің көптеген портреттерін салу арқылы танымал болды. Олардың әрқайсысынан өзіне қымбат адамдық қасиеттерді байқады. Раймқұл Есіркеевтің көптеген портреттері композициялық тәсілмен құрылған. Қыл қалам шeбepi күнделікті өмірде адамның өзін қоршаған ортада еркін және батыл сезінетінін көрсетуге тырысты.

  • Леонардо да Винчи (1452-1519жж.) Туылған жері Флорентина республикасы, Винчи қаласының маңы. Атақты қолөнерлері: Мона Лиза. Мо́на Ли́за - бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Луврда (ФранцияПариж) қойылған. Суреттің толық атауы итал. Ritratto di Monna Lisa del Giocondo - Лиза Джокондо ханымның суреті.

    Каталог: uploads -> doc -> 0f3c
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    doc -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
    0f3c -> Орта мерзімді күнтізбелік жоспар физика пәнінен


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет