Сабақ жоспары Тақырыбы: «Атмосфералық қысым»



Дата07.05.2017
өлшемі75,04 Kb.
#16062
түріСабақ
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі КММ


Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Атмосфералық қысым»

6А сыныбы

Астана қаласы

2014-2015 оқу жылы

44

АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ

Жалпы мақсаты:

  • Атмосфералық қысым бар екенін тәжірибе негізінде дәлелдеу және ауаның жер бетіне салмақ тигізетініне көз жеткізу

  • қысымды өлшеу құралдардың жұмысымен таныстыру және қысымды өлшеу

  • Қысым мен температураның арасындағы байланысты түсіндіріп дәлелдеу.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар

Көпшілік оқушылар

Жекелеген оқушылар

Тақырыптағы негізгі ұғымдарды, атмосфералық қысымды өлшеу бірлігін атайды;

Атмосфералық қысымның өзгеру себептерін атайды




Барометр-анеройдтың көмегімен және есептеулер негізінде атмосфералық қысымды анықтайды;Температура мен қысымның арасындағы байланысты түсіндіреді


Тәжірибе жасау арқылы қысым бар екенін және ауаның салмақ тигізетінін дәлелдейді

Биіктікпен қысымның өзгеру себептерін анықтайды.



Түйінді идеялар:

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады.

  1. Қысымның биіктік бойынша өзгеруі.

  • Биіктік артқан сайын қысым азая береді; Өйткені сол деңгейдегі салмақ түсіретін ауа қабатының қалындығы да кеми түседі;

  • Ауа қысымының биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді.

  • Қалыпты қысым 760мм.

  • Әрбір 10м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.

  • Қысым биіктік бойынша ғана емес, сонымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді.

  • Ауа жылығанда көлемін ұлғайтатындықтан, жоғары көтеріліп, сирейді. Соған сәйкес оның қысымы да азаяды.

  • Ауа салқындағанда тығыздала түседі де, қысым артады.

  1. Атмосфералық қысымды өлшеу.

Барометр деп аталаытн құралмен өлшенеді (грекше барос-салмақ, метрео-өлшеймын).

Сынап барометрі

анеройд барометр (грекше анеройд-ылғалсыз)


Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекілік:

атлас, жұмыс дәптері, презентация

Барометр-анеройд, презентация, таразы, шар, бейнеролик «Оқушылардың тәжірибесі»



САБАҚ БАРЫСЫ

Кезеңдер

Іс-әрекеттер

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Амандасу, оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару

Егер бүгін көңіл-күйін жақсы болса қолдарыңды көтеріңдер;

Егер көздерің көк болса бір шапалақ, қоңыр болса екі шапалақ;

Егер үстілеріңде ақ түсті киім болса мұрынның ұшын ұстандар;

Егер бүгінгі сабақта бес алатындар болса қолдарыңды көтеріп, шапалақтаңдар, ал егер төрт алсаңдар бастарыңды сипандар.

Мен бүгін барлықтарыңа бес пен төрт алатындарына сенемін.



ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Балалар қолдарыңды алдыға қарай созып алқандарыңды ашыңдар. Сендер бірдеңе сезіп тұрсындар ма? Сендер ге ауыр емес па? Жоқ! Қызық, сендердің алақандарыңа ауа 150кг салмақ түсіріп жатыр. Неге біз оны сезбейміз? Бұл құбылысты бүгінгі сабақтың тақырыбы түсіндіруге көмектеседі

Біз бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істеп сұрақтарға жауап береміз



  • Неге ауа бізді салмағымен басып тастамайды?

Неге адамдар қысымды сезбейді, бірақ ауадағы қысымның кеденнен өзгеруі адамның жағдайына және денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді?

МАҒЫНАНЫ ТАНУ

1 тапсырма. Топтық жұмыс. Балаларға алдын-ала тапсырмалар беріледі.

1 топ. Физик-практиктер

Эксперимент жасау арқылы атмосфералық қысым не екенін анықтайды.



2 топ. Тарихшылар

Құрал қалай аталады? Қай жылы ойлап тапты? Құралдың құрылысы. Торричелли жасаған қорытындылар.



3 топ. Физик-теоретиктер

Қазіргі уақытта қысымды қандай құрал арқылы өлшейді? Қалыпты атмосфералық қысым. Қысымның өлшем бірлігі.



4 топ. Метеорологтар.

Ауа температурасы мен қысымның арасындағы байланысты анықтау.

Астана қ ауа райын бақылау кестесі.

Мерзімі
















T0
















қысым
















2 тапсырма. Атмосфералық қысымның өзгеруі.

Бейнероликті тамашалау. «Тәжірибе». Пластмасса шөлмегінде жоғарыдан төмен қарай үш жерінен тескен, жабысқыш лентамен желімдеп, ішіне су құяды. Үш тесікті бірден ашады, қалай ойлайсыңдар қайсысынан су көп ағады. Ең төменгі тесіктен дұрыс айтасыңдар. Не себептен? Себебі судың салмағы жоғарыдан төменге қарай түседі.



  • Балалар Атмосфера тарауын бастағанда біз айтқамыз атмосфера – ол ауа мұхиты, ал біз сол мұхит ең терең бөліктерінде өмір сүреміз. Сонда қай бөлігінде ауаның салмағы жоғары, қай бөліктерінде төмен болады?

  • Яғни биіктеген сайын қысым төмендейді. Өйткені сол деңгейдегі салмақ түсіретін ауа қабатының қалындығы және тығыздығы да кеми түседі. 10м биіктікке көтерілген сайын 1 мм төмендейді.

3 тапсырма. Жеке жұмыс. Есеп шығару.

  • Таудың етегінде қысым 740мм, 2 км биіктікке көтерілгенде қысым нешеге тең болады (540мм)

  • Таудың етегінде қысым 750мм, шыңында 450мм. Таудың биіктігі нешеге тең болады? (3000м)

  • Таудың басында қысым 355мм, етегінде 721мм. Таудың биіктігін есепте.(3660м)

  • Ұшақ 2 км биіктікке көтерілді. Бұл биіктіктегі қысым қаншаға тең болады, егер жер бетінде қысым 750мм тең болса (550мм)

  • Үйдің 1ші қабатында қысым 755мм. Үйдің биіктігі 50м. Үйдің жоғарғы қабатындағы қысымды анықта. (760мм)

4 тапсырма. Атмосфералық қысымның адамға тигізетін әсері.

ОЙ ТОЛҒАНЫС

«Алақан» стратегиясы

Бас бармақ – мен үшін маңызды / маңызды емес

Мен үшін жаңажәне қызықты мәлімет

Мен үшін сабақта қызық болды

Менің психологиялық жағдайым

Өзім үшін анықтағым келеді



БАҒАЛАУ

Бағалау критерийлер

Критерий

Тапсырма

Балл

А

Атмосфералық қысымғы анықтама беремін

2




Қысымды өлшейтін құралдарды білемін

2

B

Қысымның өзгеру себептерін түсіндіремін

3




Қысымды біле отырып таудың биіктігін анықтаймын

3

C

Қысым мен температураның арасындағы байланысын дәлелдеймін

4

D

Жерде атмосфералық қысым барын дәлелдейтін басқа тәжірибелерді ойлап

4




ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

§ 29, 84-86 бет оқу.

Каталог: uploads -> doc -> 1262
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1262 -> Сабақ: Мен ата-анамның қолғанатымын. Жалаң және жайылма сөйлемдер. Мектеп
1262 -> Сабақ барысы: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет