Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: Күні



бет2/7
Дата21.08.2023
өлшемі3,6 Mb.
#179890
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
mzh.-ksp-zhne-biznes-10-synyp-ilon-mask-keys

Пән аралық байланыстар

Экономика. Риторика. Математика, География, Тарих

Алдыңғы білім

Өндіріс ресурстары (табиғи, материалдық, еңбек, ақпараттық, қаржылық), өндіріс факторлары (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет, ақпарат)



Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин.



Сабақтың ортасы

20 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білімді меңгеруге дайындайды;

  • Оқу үрдісінде мотивация беруге жағдай қалыптастырады.


«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

  1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Илон Маск” кейсі
Бизнес-кейстерді талқылау кезінде сіздің
міндетіңіз — оны талқылау және өзара ісқимыл жасау үшін 5 адамнан тұратын шағын
топтар форматында ұйымдастыру. Кейс
проблемаларының шешімдері ерекше, және
қарапайым емес болмауын өтініңіз. Бұл тапсырмада шешімдердің баламалылығына және
сабақ барысының ауытқуына жол беріледі.
Оқушыларда дебаттарды ұйымдастыру үшін
қолдануға болатын кереғар көзқарастар болуы
мүмкін. Сіз олардың пікірлеріне қатысты жеке
баға бермейтініңізді көрсетуіңіз керек, мұнда
әр түрлі көзқарастарға жол бересіз және пікірлерін айтқаны үшін оқушыларға алғыс айтасыз.
Іс-әрекеттің мәні - барлық алынған ақпаратты
ескере отырып, оқушылардың мәселеге деген
жеке көзқарасын қалыптастыру.
Өткен сабақтарда біз өндіріске қажетті ресурстарды талқылаған болатынбыз: табиғи, материалдық, еңбек, қаржылық және ақпараттық. Адам кәсіпкер боламын деген шешім қабылдаған сәтте, ол өзінің бизнесіне қандай ресурстарды жұмылдыру қажеттігін таңдайды. Бастапқы кезде барлығында ресурстардың бірдей тізіміне қол жеткізе алады немесе уақыт өте келе оған қол жеткізе бастайды. Не себептен табысқа жету мүмкіндіктері тең бола отырып, біреулері сәтсіздікке ұшырайды, біреулері ортаң қол кәсіпкер болып шығады да, шағын компанияның шаруасын жүргізеді, ал енді біреулері қандай да бір кәсіп тауашасы туралы көзқарасын өзгертеді?
Барлық мәселе бизнесті жүргізу барысында өндіріс ресурстары факторларға, яғни кәсіпкер өз ісінде нақты пайдаланатын нәрсеге айналуында жатыр. Бәрімізге бұрыннан белгілі жер, еңбек және капитал секілді өндіріс факторларымен қатар, кәсіпкерлік қабілеттер (яғни, қалған өзге өндіріс факторларын мейлінше тиімді пайдалана білу қабілеті), ғылым (шынайы өмірдегі әрекеттер жөніндегі объективті білімдерді әзірлеу және жүйелеу) және ақпарат (түрлі механизмдер, құрал-жабдықтар, менеджмент және маркетинг модельдері туралы әртүрлі білімдерді жүйелеу) сияқты жаңа факторлар іске тартылады.
Кәсіпкерлердің көпшілігі өз қызметтерін бастар кезде жергілікті нарықта (өз ауданында немесе қаласында), республикалық деңгейде, мүмкін бүкіл ғаламшар ауқымында болашақ компанияларының индустрия жөніндегі түсінікті қалай өзгертетінін ойша елестетіп, ірі жоспарлар құра бастайды. Бірақ олардың барлығы алдын ала белгіленген барлық мақсаттарға қол жеткізе бермейді.
Бүгін әңгіме тиегіне айналатын канадалы-америкалық кәсіпкер Илон Маск Оңтүстік Африкада дүниеге келген. Ғылыми қабілеті аса жоғары болғанымен, Илонның мықты кәсіпкер болу мүмкіндігі шамалы еді. 17 жасында Илон жалғыз өзі Канадаға қоныс аударып, онда тұрмыс-тіршілік қаракеті үшін жер қазушы болып жұмыс істейді. Канадада, сосын АҚШ университетіне оқуға түседі де, ғылыммен белсенді түрде айналысуға ден қояды. Әкелері Илонның қажырлылығын аңғарып, ағалы-інілі Илон мен Кимбаланың мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне көзі жеткен соң, кәсіптерін ары қарай дамыту үшін оларға $28 000 береді.
Осылайша, олардың бірінші стартап Zip2 – жаңалықтар басылымдарына контентті Интернетте орналастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет