Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: Күні



бет3/7
Дата21.08.2023
өлшемі3,6 Mb.
#179890
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
mzh.-ksp-zhne-biznes-10-synyp-ilon-mask-keys

1- тапсырма
Zip2 іске қосқан кезде Илон Масктің қолында қандай ресурстар болғандығын ойлап көріңіз. Ол ресурстарды өндіріс факторларына қалай өзгерте алды?
Қазір Ғаламтордағы жаңалықтарды көру бізге әдеттегідей болып көрінеді. Алайда 1995 жылы бұл медиаиндустрияның серпілісі болып есептелетін. Маск ресурстары – әкесінің қаржылық капиталы және ол өндіріс капиталына айналдыра білген жеке еңбек капиталы – кәсіпкерлік қабілеттері (бүкіл жаңалық индустриясын өзгертетін бизнес идеяны көре білу қабілеті), ғылым (Маскіге жаңа бағдарламаны құрастыруға мүмкіндік берген ақпараттық жүйелер туралы білімдер), ақпарат болды.
The New York Times және Pulitzer Publishing тәрізді жаңалық бизнесінің алыптары Zip2 клиенттері болды, сөйтіп Маск өзінің стартабын 1999 жылы $20 млн.сатты. Ол кезде Илон 28 жаста еді.
Интернет-технологиялардың болашағы зор екендігін түсінген Маск 1999 жылы жаңа компания – X.com электронды пошта арқылы төлемдер жүйесін құрды, оның атауы кейінірек PayPal болып өзгерді. Қазіргі таңда PayPal – әлемдегі ең ірі дебеттік электрондық төлем жүйесі. Оны пайдаланушылардың саны әлемнің 200-ден астам елінде 200 миллион адамнан асады. 2002 жылы eBay компаниясын сатқаннан кейін, Маск ондағы өз үлесінен 175 миллион доллар алды.
Илон Маскта Zip2-ні іске қосу кезінде
қаржылық ресурстар болды — бұл ұлының
идеясына сенген әкесі берген капитал еді. Сонымен қатар, ол өзінің және ағасының еңбек
және ақпараттық ресурстарына ие болды. Олар,
сайып келгенде, кіріс әкеліп қана қоймай,
тұтас индустрия туралы түсінікті өзгерткен
оның жобасының табыстылығына алып келді. Илонға мүлдем жаңа өнім ойлап табудың,
өз күшімен оны жасаудың, пікірлестер командасын жігерлендіріп, пайдаланушыларды
бұған дейін болмаған нәрселерді пайдалануға
сендірудің, нарықтың негізгі ойыншылары —
The New York Times және Pulitzer Publishing-нің
өнімін пайдалануға тартудың сәті түсті. Мұның
барлығы оқушылардың жеке еңбек және
ақпараттық ресурстары (білімі, шеберлігі мен
дағдылары) болған жағдайда олардың өте көп
нәрсеге, соның ішінде қажетті қаржыны тартуға
қол жеткізе алатынына сендіруі тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет