Сабақ жоспарлары / 5 орыс сыныбы үшін қазақ тілі / Мәдениет 2015



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#7097
түріСабақ
1   2   3

4-тапсырма.Рөлге бөліп оқыңдар.-

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып

Қарап көзін сап:

-Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жатқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.Арғы бидай ақ бидай,

Тәттімін,жеп көр,

Жесең өзін байқарсың,

Рахметіңді айтарсың.

(Ө.Тұрманжанов)

Сабақты бекіту:Кластер әдісі бойынша жұмыс жасау.Нан дастарқанға қалай келеді? Көрсету.

Сабақты қорытындылау:Диқандар көктемде не істейді? Нан қалай өнделеді?Наубайханада нелер өнделеді?

Үй тапсырмасы: Мақал-мәтелдер жазып әкелу,жаттау.

Бағалау: Сабаққа белсен қатысқан оқушыларды.
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.



Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) амандасу;

2) кезекшінің есебі;

3) сабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ. Қазақтың дастарқаны.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.

Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:

1) ет тағамдары;

2) сүт тағамдары;

3) нан тағамдары.

Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.

Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар: 18





1) қуырдақ;

2) қазы;


3) шұжық;

4) жая.


Нан тағамдары:

Бауырсақ;

жалпақ нан;

таба нан;

самса;

бәліш.


Сүт тағамдары:

қымыз;


шұбат;

айран;


құрт;

ірімшік;


сарымай;

қаймақ;


сүзбе


ІІІ. Жаңа сөздер:

Қонақ – гость

Бесбармақ – мясо по-казахски

Қуырдақ – обжаренное мясо

Бата – благословение

Қымыз – кобылье молоко

Шұбат – верблюжье молоко

Әзірлеу - приготовить

Тамақ – пища, еда

Құрметтеу – уважать.


(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.

Мысалы: Қонақ келді.

Анам бесбармақ пісірді.

Әкем қымыз, шұбат әкелді.

Қонақ бата берді.

V. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

а) мәтінді мазмұндау;

б) өлеңдер оқу.



Қымыз

Қымыз – бие сүті ғой.

Ұнаса, тағы іше ғой.

Қымыздан көп пайда бар.

Нағыз қымыз тауда бар.

Қымыз – сусын тамаша,

Бойымызға тараса.
Сүт

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

(Ө. Тұрманжанов)


Сергіту сәті.

Ағаң айтса алдай ма,

Талай адам болды айғақ

Таңдайыңа татиды

Мен пісірген балқаймақ


19

VІІ. Мақал жазу, жаттау.

VІІІ.Венн диаграммасын толтыру.

Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы

Қуырдақ..........................................нан...........................котлет

Қымыз.............................................ет..............................борщ

Шұбат..............................................қуырады...................квас

Ірімшік............................................пісіреді......................кисель

Құрт.................................................қайнатады................кисель

Көже................................................ботқа

ІХ. Үй тапсырмасы:

«Ұлттық тағамдар » - тақырыбына байланысты сөздерді жаттау

Х. Бағалау.


1. Сабақтың тақырыбы: Диктант. Менің бөлмем.

2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: олардың алған білімдерінің нәтижесін тексере отырып, одан әрі білімдерін нығайту.



Дамытушылық: диктант жазу арқылы, оқушының ой- өрісін, сөздік қорын ,тіл шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды сезімталдыққа, әсершіл және ой сергектігінің жүйрік болуына баулу.

3. Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

5. Жұмыс формалары: жекелей

6. Көрнекілігі: тақтадағы сөздер, диктант.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақтаға қиын сөздер жазу, оның мағынасын ашып беру. Тақырыпқа байланысты ойларын сұрау.



IV Сабақты пысықтау. Тақтаға бүгінгі күнді жазу, диктант тақырыбын. Менің бөлмем . Осы өткен тақырыптар бойынша өз ойларыңды нақты жеткізу. Кабинеттегі тыныштықты сақтай отырып диктант жазуды бастайды.

Диктан . Менің бөлмем.(53 сөз)

Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.

Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.

Сергіту сәті: Санамақ оқу.

V Сабақты қорытындылау: Диктант жайлы, оның қалай жазылуы сұрау. Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.

VI Үйге тапсырма: ережелерді қайталау.

20

1. Сабақтың тақырыбы: Диктант. Ана-ардақты ат 20



2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Олардың алған білімдерінің нәтижесін тексере отырып, одан әрі білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Диктант жазу арқылы, оқушының ой- өрісін, сөздік қорын ,тіл шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сезімталдыққа, әсершіл және ой сергектігінің жүйрік болуына баулу.
3. Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

5. Жұмыс формалары: жекелей

6. Көрнекілігі: тақтадағы сөздер, диктант.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.

III Жаңа сабақты түсіндіру: Диктан . Ана-ардақты ат(57 сөз)

Тақтаға қиын сөздер жазу, оның мағынасын ашып беру. Тақырыпқа байланысты ойларын сұрау.



IV Сабақты пысықтау. Тақтаға бүгінгі күнді жазу, диктант тақырыбын.

Ана-ардақты ат Осы өткен тақырыптар бойынша өз ойларыңды нақты жеткізу.



Ана-ардақты ат
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл .Біз анамызды мәңгі қастерлейік! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

(57 сөз)


Сергіту сәті: Санамақ оқу.

V Сабақты қорытындылау: Диктант жайлы, оның қалай жазылуы сұрау. Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.

VI Үйге тапсырма: ережелерді қайталау.

1. Сабақтың тақырыбы: Диктант. Отбасы - сыйластық ортасы.

2. Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Олардың алған білімдерінің нәтижесін тексере отырып, одан әрі білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Диктант жазу арқылы, оқушының ой- өрісін, сөздік қорын ,тіл шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сезімталдыққа, әсершіл және ой сергектігінің жүйрік болуына баулу.
3. Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

5. Жұмыс формалары: жекелей

6. Көрнекілігі: тақтадағы сөздер, диктант.


Сабақтың барысы:

21

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.



II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.

III Жаңа сабақты түсіндіру: Диктан . Отбасы - сыйластық ортасы.

Тақтаға қиын сөздер жазу, оның мағынасын ашып беру. Тақырыпқа байланысты ойларын сұрау.



IV Сабақты пысықтау. Тақтаға бүгінгі күнді жазу, диктант тақырыбын Отбасы - сыйластық ортасы.. Осы өткен тақырыптар бойынша өз ойларыңды нақты жеткізу. Кабинеттегі тыныштықты сақтай отырып диктант жазуды бастайды.

Отбасы - сыйластық ортасы.
Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.

Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.



(55сөз)
Сергіту сәті: Санамақ оқу.

V Сабақты қорытындылау: Диктант жайлы, оның қалай жазылуы сұрау. Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.

VI Үйге тапсырма: ережелерді қайталау.

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары

Сабақтың мақсаты:

Сүт тағамдары туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.



Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) амандасу;

2) кезекшінің есебі;

3) сабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ. Қазақтың дастарқаны.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.


Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:


1) ет тағамдары;

2) сүт тағамдары;

3) нан тағамдары

Ең негізгі тамамақтардың түрі сүт тағамдар: 22



Сүт тағамдары:

қымыз;

шұбат;


айран;

құрт;


ірімшік;

сарымай;


қаймақ;

сүзбе



ІІІ. Жаңа тақырып

Сын есім. Заттың түрін, түсін, сапасын, дәмін,көлемін, белгісін білдіреді.

Сұрақтары : қандай? Қай?

Мысалы:


Кішкене бала, үлкен адам, сары гүл, қызыл қағаз, жақсы көз

(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.

Кішкетаә бала мектепке келді. Мен анама сары гүл сыйладым.


V.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

а) мәтінді мазмұндау;

б) өлеңдер оқу.


Сүт

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.


ІХ. Үй тапсырмасы:

Ереже жаттау



Х. Бағалау.

23


Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану .
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, меңгерту.
Білімділік: оқушыларға дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі екенін түсіндіру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.
Тәрбиелік: оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау, тазалыққа, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамытып дүниетанымын кеңейту, мәтіннің мазмұнын
айтуға үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: АТК, жетондар
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың оқу — құралдарын түгелдеп, сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық.
Бақыттымын мен
Бақыттысың сен
Бақыттымыз бәріміз
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
« Отбасы дәстүрлері» тақырыбын түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын айту.
( Әртүрлі мамандар қонаққа келеді тақпақтар айту )
ІІІ Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға келген қонақтар әртүрлі тапсырмалар ала келді.
І тапсырма:
• Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
• Неліктен жемістер мен көкөністерді көп жеу керек?
• Неліктен ас ішер алдында қолды жуу керек?
• Жемістер мен көкөністерді неге жуып жеу керек?
ІІ тапсырма
« Мынау не?» атты дидактикалық ойын. ( тақтада түрлі
суреттер жасырылады, 1 оқушы тауып қалғандары толықтырады)
ІV Сергіту сәті.
ІІ тапсырма
Дұрыс тамақтану.
Дұрыс тамақтанбау.

Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді белгілеу;



 






Сөйлемдер

Қате сөйлем

Дұрыс сөйлем

1

Азық-түлік базарда, дүкенде сатылады.







2

Адам күніне бір рет тамақтану қажет.







3

Ас адамға күш береді.







4

Аста адамға қажетті витаминдер жоқ.







5

Азық-түлік адамға қажет емес.







6

Ас-адамның арқауы








Оқушылар өз ойларын қағазға жазады.
V Оқулықпен жұмыс: ( оқушыларға мәтінді оқып түсіндіремін және
іштей 1 рет оқытамын.)
Сұрақтарға жауап аламын. 24

V Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?
VІІ Үйге тапсырма
Үйге « Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі» мәтінін түсіну
VІІІ Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жетондар арқылы бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: Бата беру туралы мәлімет

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып , меңгерту.

Білімділік : оқушыларды бата сөзінің мағынасымен таныстыру, және септіктермен танысуға жалғастыу.

Түзетушілік дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамытып дүниетанымын кеңейту, мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету, ережені есте сақтауға үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып үлкенге деген құрметін арттыру, өз халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кітап.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тасырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар мына суретке қараңдаршы, суретте кімді көрін тұрсыңдар?

Бұл ата. Балалар неге мен сендерге оның суретін көрсетіп тұрмын?

Өйткені, батаны бізге үлкен адамдар береді.

Бата деген не?

Бата - біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз.батаны жасы үлкен адамдар береді. Бата жастарды әдепті, сабырлы, білімді, адал, бақытты болуға шақырады.

Бата тұрмыстағы әртүрлі оқиғаларға байланысты айтылады: сәбиді бесікке салғанда, жүе бастағанда, атқа алғаш мінгенде, сапарға шығар алдында, үйленгенде, мерекелерде, дастарқан басында тамақ ішкенде беріледі.бата үйдегі адамдарды сыйластыққа тәрбиелейді.

Жаңа сөздер

Бата благословение

Тілек пожелание

Тұрмыс быт

Оқиға событие

Бесіккесалу приучить к колыбели

Міну садиться

Сапарға шығар алдында перед дорогой

Дастарқан басында за столом

Тамақ ішкенде после угощения


Тапсырма. Берілген кестені толтыру 25

Бата қай кездерде беріледі



Тапсырма .

Берілген бата сөзін атау және ілік септігінде септеу.

Атау с. бата

Ілік с. батаның

Ал қалған септіктерде қалай септейміз бұл сөзді. Қандай септіктерді білесіңдер? Келесісі қайсысы?

Барыс септік , сұрақтары: кімге? неге? қайда?

Жалғаулары:ға\ғе, қа\ке, на\не, а,е.

Мысалы: қалаға

Ал енді бата сөзін барыс септігіне қойып көріңдер.

Барыс с. батаға

Табыс септік, сұрақтары: кімді? нені?

Жалғаулары : ны\ні, ды\ді, ты\ті,н

Мысалы: қаланы

Енді бата сөзін табыссептігіне қойып көрейік?

Табыс с. батаны

IV. Жаңа білімді бекіту.

Бата


Бақыт берсің басыңа ,

Береке берсің асыңа.

Ішкенің адал болсын,

Айтқаның әділ болсын.денің сау болсын,

Жасың ұзақ болсын.

Тапсырма

Осы бата ішіндегі бақыт, адал, береке сөздерін септеу.

V. Қорытындылау.

Бата деген не?

Батаны кім береді?

Бата жастарды қандай болуға үйретеді?

Бүгін қандай септіктермен таныстық?

VI. Үй жұмысы.

Сөздік жаттау, дәптер бойынша ереже жаттау.



VII. Бағалау.

26
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Қазақ тілі" оқулығы 5 сынып, 2015 ж. Артыкова Т.М., Бисенова Л.З.

2. "Әдебиеттік оқу" оқулығы 5 сынып.

3. "Қазақ тілі" оқулығы 5 сынып, 2013 ж. Артыкова Т.М.

4. Әдістемелік құрал.



5.Мақал-мәтелдер жинағы.

27
Каталог: uploads -> doc -> 0873
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0873 -> Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды
0873 -> Сабақтың тақырыбы: Кәрім Сауғабаев. "Нан туралы өлең"
0873 -> Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын оқу мен оқытудың интербелсенді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет