Сабақ «Керқұла атты Кендебай»


Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір



бет2/3
Дата30.11.2023
өлшемі200,68 Kb.
#194336
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
08.09-5 әдеб
9 сынып тест
Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры.
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала.
Қаралы көңіл жаралы.
4. Кендебайдың аралға баруы.
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі.
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы.
Есірген хан елді ермек етер.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
Қаһарлы қамал бұзады
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Іздеген мұратына жетеді.
Сөздік жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез болды (67- бет) (Кез – 71 см-ге тең ұзындық өлшемі).
2. Ернім жалақ, басым таз болды (68-бет). (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара).
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70-бет). (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).
4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар.


5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7485
2-тапсырма
Т. «Суретті әңгімеле»
Ертегідегі бір кейіпкерді бейнелейтін сурет алынады.Оқушыларға сурет көрсетіледі және оның сипаттары
сұралады. Суретте ертегі кейіпкерінің басынан өткен қандай оқиға бейнеленгені, келбеті түсіндіріледі.
Оқушыларға проектор арқылы немесе парақшаларда түйінді сөздер тізімін беріп, топтарда сол сөздерді пайдалана отырып, кейіпкер образын ашуға жетелейді.


Алты томдық «Қазақ ертегілері» жинағы, «Жазушы» баспасы, 2000





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет