Сабақ кезеңдері Сынып: 0 Өткізілу уақыты: сағ Оқу мақсаты



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі164,63 Kb.
#181710
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
10.1B Стехиометрия
Тағамның маңызы, Практикалық жұмыс № 3 (2) - 16.09.2023ж


Мұғалім:

Тлеулесова А.Н.

Тақырыбы:

Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

Сабақ кезеңдері

Сынып: 10

Өткізілу уақыты: 1 сағ

Оқу мақсаты:

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

Сабақтың мақсаты:

Қима қағаздарын сәйкестендіру арқылы стехиометриялық заңдарының тұжырымдасамын біледі
Зертханалық жұмыс арқылы стехиометриялық заңдарының қолдану аясына мысал келтіре алады

Бағалау критериясы:

Дескриптор: Стехиометриялық заңдардың формуласын біледі
Стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын біледі
Стехиометриялық заңдарының қолдану аясына кем дегенде бір мысал келтіре алады

Тілдік мақсат:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Заң

Закон

Law

Көлем

Объем

Volume

Масса

Масса

Mass

Қысым

Давление

Pressure

Температура

Температура

Temperature

Газ

Газ

Gas




Құндылықтарды дамыту:

  • Оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасайды, бірін бірін бағалауда академиялық адалдықты сақтайды, 8 сыныптардағы білімдерін тереңдете отырып, өмір бойы білім алады

Пән аралық байланыс:

Физика

Алдынғы білім:

8.2В Стехиометриялық есептеулер

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-2 мин
3 – 8 мин

9 – 11 мин


12 – 17 мин


18 - 25 мин


26 – 36 мин





Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылар 8 сыныптағы білімдерін еске түсір үшін келесі қималарды сәйкестендіру сұралады.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Дұрыс жауабын презентация арқылы көрсетіледі.Оқушылар өз өздерін тексереді.

Көлемдік қатынас заңы

Температура мен қысым тұрақты болғанда, реакцияға қатысқан және
түзілген газдар көлемдерінің қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай
болады

Гей-Люссак

Авогадро заңы

Бірдей жағдайда тең көлемде алынған газдарда молекулалар сандары бірдей болады.

Амеде́о Авога́дро

Зат массасының сақталу заңы

Реакцияға қатысқан зат массасы реакция нәтижесінде түзілген зат массасына тең болады

Антуан Лавуазье

Оқушылармен сәйкестендіру тапсырмасын талқылай отырып келесі сұрақтарды қою:
1. Бұл тапсырмада не туралы айтылған?
2. Бұл заңдардың бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
3. Бүгінгі біздің тақырып не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбын ашу дәптерлеріне жаздыру.
Кейін келесі сұрақтар қойылады:
Бүгін сабақта біз не білуіміз керек?
Нені қарастырумыз керек?
Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып оқу мақсаттарын танысытыру.
10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Оқушыларға келесі ғалымдардың суреттерінің қиындыларын таңдап алу сұралады. (сыныптағы оқушысы санына қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады)















Әр сурет 5 бөлікке бөлінеді. 5 оқушыдан 3 топқа жіктеледі. Әр топ оқушыларға әр ғалымның ашқан заңына сәйкес тапсырмалар ұсынылады.
1 топ: Тәжірибе 1
Химиялық таразының үстіне берілген бос,таза стаканын салмағын өлшеп алыңыз. Кейінен осы стаканға 5г ас содасын салып өлшеңіз.
Екінші таза тығыны бар колбаны алып, таразыда салмағын өлшеп алыңыз. Осы тығыны бар 20 мл сірке суын құйып массасын өлшеңіз. Таразыға екі ыдысты ішіндегі реагенттерімен бірге өлшеңіз. Массасын жазып алыңыз. Кейінен стакандағы ас содасын сірке қышқылының үстіне салып колбаны тығындап қойыңыз. Газдың бөлінгені аяқталғанша күтіңіз. Кейін колбаның салмағын қайта өлшеңіз.

Ыдыстың массасы

Реагенттің массасы

Реакциядан кейінгі масса





















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет