Сабақ классификациясы


Қайталау сабағының құрылымы



бет5/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

Қайталау сабағының құрылымы:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мәндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

  2. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

  3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Қайталауқорыту сабақтың аса көп тараған түрі.

Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қайталау – оқытудың анасы), оқушыларды өздігімен қорытынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.

Қайталау сабақтары не сабақ түрінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяында жүргізіліп отырады.

Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын-ала белгілеу керек.

Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.

Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет