Сабақ классификациясы



бет7/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

Дидактикалық талаптар.

Сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуын байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының

қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс тәсілдердің түрлері жазылады .Сабақ жоспарымен жасаған уақытта мұғалім сол өтілген тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің

жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең кең тараған түрі Огородиклв, Бабанский, Лембрег сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері.Олар оқыту әдістерін 3 топқа бөлген.

1. Ауызша ( әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс).

2. Көрнекілі( суретпен сипаттау, картамен жұмыс.)

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.

Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы 40-60 пайызын қабылдап алатынын ескерсек , бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ. Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.

Жақсы бағдарлама мен құнды оқулықтағы материалды оқушысына жеткізуші - мұғалім. Мұғалім – бағдарлама, оқулық, оқушы арасын байланыстыратын дәнекер. Оқу тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол салауатты болуы шарт.

Екіншіден, шәкірттермен қарым-қатнасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын

қысылмай-қамсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі. Біз шәкірттерге ұстаз тарапынан берілетін жүрек жылуын қанша айтып жатсақ та, әлі іске асыра алмай келе жатырмыз. Зорлық, жекіру, өктемдік жүрген жерде ешқашан да білім, тәрбие, түсіністік болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет