Сабақ классификациясы



бет9/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

Гигиеналық талаптар.

Сынып бөлмесіндегі гигеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температурамен жарықтың мол болып түсүі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытыудың айырмашылығына мынандай анықтама береді; дәстүрлі оқыту үрдесінде мұғалім сынап оқушыла толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқыушылардың жауаптарына сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.

Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсідіргендерң ғана меңгеріп қоймай, мұғалімен тікелей пікір таласқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушығана емес, жетекші бағыты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әртүрлі оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қадылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екуі де бірлік одақта қызмет істейді.

Дәстүрлі емес сабақтын бірнеше әдісіне тоқталар болсақ, мәселен СОРОС - Қазақстан қорының «Сын тұрғыдан ойлау» стратегиялары. Ол оқушының сұрақ қойып , жауап іздеуне, мәселеге байланысты өз пікірін айтуына және оның дәлелдей білуін қалыптастырады. Бұл - пікір талас әдісі . Психологттардың пікірінше жоғарғы сыныптардағы пікір талас өз нәтежесін беруі әбден мүмкін. Педагогикада мұны коммуникативтік әдіс деп атайды, ол жаңа оқыту тәсілі бойынша «Дебат» бағдарламасы деп аталады. Ол бойынша сабақтың уақытын тиімді пайдалануға «тест» әдісі өте қолайлы. Әсіресе, үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабақты бекіту кезінде барлық оқушының білімін бағалау үшін өте тиімді. Сабақ барысында мұғалім мерзіді баспасөздегі деректі тарихи фактірлерді үнемі пайдалануы - оқушының пәнге деген қызығуын арттырудың бірден –бір көзі.Өйткені қалыптан тыс дәстүрлі емес сабақтарды өткізу шәкірттің ұстазға деген сенімі мен құрметін арттыра түсуі әбден мүмкін. Мұғалім өзінің пәнін жете білуімен қатар жаны нәзік, сезімі толқымалы әрбір шәкірттің жанын түсініп , оның дұрыс қалыптасуы үшін шебер тәрбиеші болуы қажет. Қандай пәнің мұғалімі болса да әр бір оқушының жазу, сөйлеу, оқу сауатын жете біліп барып қана сөз пәнін меңгере алады. Сонымен бірге, ең қажеттісі -мұғалімнің сөйлеу мәдинеті.

Керемет теориялық сауатты мұғалімнің тіл мәдинетінде кемшілік болса, ол берген білім оқушының толық игеруіне қамтамассыз ете алмайды.

Ұстаздық әдеп - мұғалімнің көркі. Әрбір оқушының білімін таразылар кезде шәкірт жауабын мұқият тыңдап , оның қателіктерін жай ғана елеусіз түзету арқылы ойын үзбей тыңдай білу де шеберлік. Көрнекті педагог Ушинский «Мұғалім күнделікті оқыса, үйренсе ғана- мұғалім, оқымаса, үйренбесе, сол күннен бастап-ақ мұғалімдіктен қалады.» деген. Осы бір сөз әр ұстаздың ойында болса деп тілеймін. Сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызыды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, бірмәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады . Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ әсіресе бастауыш және орта буын оқушыларын жалықтырары , білімге ынтасын төмендеттері сөзсіз.

Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру,бұған оқушыларды тарта білу, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білу міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс-тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, оқушының білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.

Мақсаты- білім сапасын көтеру, оқу үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтату. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан

әрқайсысмыздың мұндай дәстүрлі емес сабақтарды өткізу мұғалім мен оқушылар тарапынан мынадай іс-қимылдарды талап етеді. 1.Сабақтың алдын –ала өте ұқыпты дайындалуы; арнайы тапсырмалар беріледі, сабақ мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен рөлі түсіндіріледі.

Қажетті дидактикалық материалдар мен әр түрлі көрнекіліктер әзірленеді. 2.Сынып және әр оқушы ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сәйкес сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады, нақты жоспарланады.

3. Нашар үлгеретін және білімге немқұрайдылық танытқан оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Дәстүрлі емес сабақтардың өткізілуі де алуан түрлі, мұғалімқиялында шек болмайды, тек түпкі мақсат- сабақты жандандыру, оқушының білімге қызығуын арттыру еш өзгеріссіз сақталуы тиіс. Мысалы; ойын- сабақ викторина-сабақ, сабақ- байқау, конференция-сабақ, рецензия-сабақ, реферат немесе оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғау сабағы.

Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында сабақтардың стандартты типті емес сабақтардың оншақты типтері бөлініп. Олардың аттары сабақтың мақсатын, міндеттерін өткізу әдістемелеріне байланысты. Сол сабақтардың көп таралған түрлерін атайық.


  1. Іскер ойындар сабағы.

  2. Пресс конференция сабағы.

  3. Жарыс сабағы.

  4. КВН сабағы

  5. Театралданған сабақтар.

  6. Кеңес беру сабағы.

  7. Компьютерлік сабақ.

  8. Топтық жұмыс сабағы.

  9. Оқушылардың бірін-бірі үйрету, оқыту сабағы.

  10. Шығармашылық сабақ.



  1. Аукцион сабақ.

  2. Оқушылар өздері жүргізілетін сабақ.

  3. Күмәндану сабағы

  4. Шығармашылық есеп беру сабағы

  5. Сынақ сабағы

  6. Формула сабағы

  7. Конкурс сабағы

  8. Бинарлық сабақ

  9. Қорытынды сабағы

  10. Фантазия сабағы

  11. «Төрешілік» сабағы

  12. Шындық, ақиқатты іздеу сабағы

  13. Концерт сабағы

  14. Диалог сабағы

  15. Рольдік ойындар сабақ

  16. Конференция сабақ

  17. Семинар сабағы

  18. Интеграл сабағы

  19. Пән аралық байланыс сабағы

  20. Экскурсия сабағы

  21. «Таңғажайып алаң» сабағы

  22. «Парадокс» лекция сабағы

Мектептің педагогикалық құрылымның негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау-міндетеміз.

Егер сабақтың мазмұны белгілі талаптарға сай құрылса, онда білім нәтижесіне жетуге болады.

1 Сабақтың мақсаты айқын мазмұны жоспары және оның құрылымы алдын ала белгілі болуы тиіс.

2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.

3. Сабақтың ғылми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабқтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»-деп Ж. Аймауытов жайдан –жай айтпағанын ескеру керек.

6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды оындауға басшылық ету қажет.

7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушлармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырп отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылар мен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.

8. Сабақта оқушыларға білім беру мен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс –тәсілдеріне үйрету міндет.

9. Сабақ оқытуды білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.

10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін- бірі толықтырып тұрулары қажет.

11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу техникасының көрнекі құралдары нақты болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыруы шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет