Сабақ Күні : 18. 11 Сыныбы: 6 «в» Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт «Қорқыт ата кітабы», «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр»



бет2/2
Дата29.01.2017
өлшемі310,6 Kb.
#8231
түріСабақ
1   2

Қорқыт Ата ескерткіші

Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде. Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт Ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.


Қорқыт Ата мазары

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші.



ІІІ. Жаңа сабақ

Біз жоғарыда айтқандай «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан тұрады. Сол қорқыт атаның бірінші жыры « Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырмен» танысамыз.

1. Жыр туралы түсінік беру.

2. Оқушыларға оқулықтан жырды мәнерлеп оқытып, таныс емес қиын сөздермен жұмыс.


3. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»

Оқиға

Оқушы жауабы

Баланың Бұқаш атануы

Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді.

Баланың өліміне себепші кімдер?



Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады.

Бұқаштың қайта тірілуі



Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады.

Әкесінің тұтқынға түсуі



Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.

Әкесінің тұтқынға түсуі



Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.

Жырдың тақырыбы, идеясы



Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету


4.Шығармашылық жұмыс. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы». Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқуы.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

А) Сөздікпен жұмыс

Б) Сұрақ – жауап

Енді балалар, бүгінгі сабағымыз туралы өткен сабақтан Қорқыт ата туралы не білдік, не білмедік? Осы сұрақтарға инсерт әдісі арқылы жауап берейік.



Ү. Инсертация

Оқушылар өз жауаптарын оқиды



Не білдім?

Нені білгім келеді?

Нені білмеймін?











ҮІ. Қорытындылау

Автор орындығы. Ортаға 1 оқушы Қорқыт ата болып, киініп шығады, оқушылар қойған сұраққа жауап береді.



ҮІІ. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, атап бағалау.



ҮІІІ. Үй тапсырмасы

Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырды оқып, мазмұнын айту. Осы жырды көз алдарыңызға елестетіп, үйден суретін салып келіндер.



Сабақтың соңында осы 6 «в» сыныбының оқушысы Серікқалиева Қазына қобыз аспабында күй ойнап береді.

ІХ. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдау
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет