Сабақ мақсаты : Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті



бет7/10
Дата17.02.2020
өлшемі226,76 Kb.
#58235
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ
Климов корыты, Э. Ховард бойынша стреске төзімділік, ҰБТ ата анаға Сауалнама, Ата-аналарға «Он төрт» психологиялық кеңес жадынама, «Оқытушы – оқушы көзімен», 1513916914, бжб, 171177


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

22



Тақырып:

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық,жомарттық туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті: Білімділік:Оқушыларға жомарттық ұғымы туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамыту ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды татулыққа, ауыз-бірлікке, достыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Адамның қадірлісі- жомарт кісі.

Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • «Ақылды десе боларсұрамай білгенді, жомарт десе боларсұрамай бергенді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? Айтып бер.




Жаңа ақпарат

Халықтық салт- дәстүр тәрбиесінде әрбір ата- ана ұрпағына жомарттықты ұғындырып отырған. Жомарттықтың бірқатар қыры болады.Мысалы: қол жомарттығы, көңіл жомарттығы, жол жомарттығы.Бұл қасиеттер адамның басқа адамдарға деген риясыз мейірімділігі мен қамқорлығының көрінісі болып табылады.

Жомарттық- көңіл байлығы. Жомарт болу үшін міндетті түрде бай, дәулетті болу қажет емес.Жомарт адам- қолыңдағы барымен бөлісуге даяр, көңілі мөлдірдей таза адам.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.Мәтінді негізге ала отырып, өз күнделіктеріңді жасаңдар.Онда өздеріңнің жомарттық іс-әрекеттеріңді түйіндеп жазыңдар.

2-тапсырма. Түймедақ жапырағындағы сұрақтарыңды оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3-тапсырма.Мәтінді оқыңдар.Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар.Мәтінге байланысты сұрақ құрастырыңдар.

7.Дәптермен жұмыс

1,2- тапсырманы орындау.

8.Топпен ән айту. 3 мин. Біз өмірдің гүліміз.

Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі





9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

23



Тақырып: Өз еліңнің патиоты болу

Құндылық:

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өз Отанының патриоты болуға туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға патриот ұғымы туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамыту ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды өзі туып өскен жеріне деген патриоттық сезімін дамыту, достыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Мұғалім адамдар арасындағы татулық, ауызбірлік, ұйымшылдық сияқты қасиеттердің ынтымаққа, бірлікке жеткізетінін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып береді.

Мұғалім мәтінді жеке бөліктерге бөліп оқып беріп, Әнет бабаның жауабын балалардың өздеріне тапқызуға болады.

Әнет баба әңгімелері

Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың алты оғын біртіндеп сындырып,екі бүктеп он екі шыбық етіп,ортасынан буып:

-Міне,енді сен сындырып көрші,-дейді.

Төле бірден бір бума шыбықты қайдан сындырсын.

Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:

-Айып етпеңіз,бұл жұмбағыңызды түсінбедім,Әнет баба,-депті.Сонда Әнет баба былай деп өсиет айтыпты:

-Төлежан ешқашанда өзімшіл болма,көптің айтқанын тыңда.Көптің айтқанын тыңдасаң,көпте сенің айтқаныңды орындайды.Көп болсаңдар,өзара ынтымақта болсаңдар сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды.Ал әрқайсың жеке-дара болып,ынтымақтарың жараспайтын болса,мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім-ақ бірліктеріңді бұзып,берекелеріңді кетіреді.

Баба өсиетінен не ұқтыңдар?

Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Адал адам Отанын сүйеді.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

  • «Отан» деген сөзді естігенде қандай әсерде боласың?

  • Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • «Отан- оттан да ыстық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1- тапсырма

Қажетті сөздерді пайдаланып ,мақал –мәтелдерді жалғастырып жазыңдар.



2- тапсырма

Өлеңді оқыңдар. «Менің Отаным- Қазақстан » тақырыбында фотоколлаж құрастырыңдар.



3- тапсырма

Өлеңді оқыңдар.Өзің тұратын өңірдегі Отанын қорғаған батырлар туралы мәліметтер жинап баяндап беріңдер.

Ә.Табылды «Отанға қорған боламыз»

Отан – адам баласы үшін ең киелі ұғым.Адамзаттың ең асылы да , ардақтысы да тіреуіші де , сүйеніші де сүйіспеншілік атаулының бәрі –өз Отаны .Батырлардың елі де жері үшін күресуі ,ақындардың туған жері ,Отаны туралы жырларын жазуы, суретшілердің өз атамекеін суреттеуі.барлығы да еліне жеріне туған өлкесіне деген сүйіспеншілігінен туындайды.

Отан-адам үшін тек туылған жерімен ғана құнды емес, сонымен қатар орманымен ,нуымен, суымен,,топырағымен ,ата-анасы ,шаңырағы ,тілімен құнды.

7.Дәптермен жұмыс

1,2- тапсырманы орындау.





8.Топпен ән айту. 3 мин.





9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі: № 24 сабақ

Тақырып: Өз еліңнің патиоты болу

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып 3

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өз Отанының патриоты болуға туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға патриот ұғымы туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамыту ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды өзі туып өскен жеріне деген патриоттық сезімін дамыту, достыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Ә.Табылды «Отанға қорған боламыз»



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Адал адам Отанын сүйеді




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Әзілхан Нұршайықов «Мәншүк әні»

  • Мәншүк еліне деген сүйіспеншілігін қалай танытты?

  • Мәншүк халқының өнерін қалай асқақтатты?

  • Отанды сүю, риясыз қызмет ету парыз ба?

  • Отанды сүю қандай іс-әрекеттермен бастау алады деп ойлайсыңдар?

  • Өзің «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1- тапсырма

Мәтінді оқыңдар.Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.

Тұманбай Молдағалиев «Батырмен алғашқы кездесу»

2- тапсырма

Өздерің тұратын аймақта Отанын қорғаған, батырлық көрсеткен адамдармен сұхбат жүргізу үшін сұрақтар дайындаңдар.

3- тапсырма

Мәтінді оқыңдар. Рөлдерге бөлініп, сахналап көрсетіңдер.

Шәкен Күмісбайұлы «Ата ,ол не?»

Отан – адамның туып өскен жері, атамекені, ел-жұрты,табиғат байлықтары, халқы қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл мәдениет, тұрмыс –салт,әдет ғұрып ерекшеліктері барбелгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.



7.Дәптермен жұмыс

1,2- тапсырманы орындау.




8.Топпен ән айту. 3 мин. Атамекен

Сөзі Қ.Мырзаәлі

Әні У.Хасанғалиев




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет