Сабақ мақсаты : Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті



бет9/10
Дата17.02.2020
өлшемі226,76 Kb.
#58235
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ
Климов корыты, Э. Ховард бойынша стреске төзімділік, ҰБТ ата анаға Сауалнама, Ата-аналарға «Он төрт» психологиялық кеңес жадынама, «Оқытушы – оқушы көзімен», 1513916914, бжб, 171177

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі: № 29сабақ

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып 3

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

М.Қабанбаев.«Таңғы тыныштық»


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Денсаулық-зор байлық.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Ә.Табылды

«Аппақ бала»

  • Үсті басыңды таза ұстаудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

  • Денені шынықтыру не үшін қажет?

  • Сымбатты ьолу үшін не істеу керек?

  • «Жаны саудың –тәні сау» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сен өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай іс -әрекеттер жасап жүрсің?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Тапсырма оқушылардың мәтіннен алған білімдерін жинақтап, өз бетінше ойланып жұмыс істеулеріне жағдай туғызады.

1-тапсырма

Адам денсаулығына жақсы әсер ететін іс-әрекеттеріңді жалғастырып жазыңдар.

2- тапсырма

Суреттерге қараңдар. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріңе жазыңдар.

3-тапсырма

Денсаулықты сақтау туралы сөйлемдерді аяқтап жазыңдар.

Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.

7.Дәптермен жұмыс

2- тапсырманы орындау




8.Топпен ән айту. 3 мин. Көңілді күн

Сөзі А.Дүйсенбі

Әні Ұ.Жолдасовтікі






9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп Мерзiмі: № 30сабақ

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып 3

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Денсаулық-зор байлық.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Ә.Табылды «Табиғат емші»

  • «Күн-емші анамыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Таза ауамен дем алудың пайдасы қандай?

  • «Су-нағыз дәрігер» деп неліктен айтқан?

  • «Ас-адамның арқауы » деудің себебі неде?

  • Спортпен шұғылдану неліктен қажет?

  • Өзің денсаулығыңды нығайту үшін қандай талаптарды орындап жүрсің?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма

Дәптердегі «Денсаулық құпиялары »текшесін қиып жасаңдар.Текшенің ішіндегі тапсырмаларды орындыңдар..

2- тапсырма

Өлеңді оқыңдар.Өлеңнен түйін сөздерді теріп жазыңдар.

3-тапсырма

Қажетті сөздерді пайдаланып, денсаулық сақтау ережелерін құрастырып дәптерлеріңе жазыңдар.

7.Дәптермен жұмыс

2- тапсырманы орындау




8.Топпен ән айту Көңілді күн

Сөзі А.Дүйсенбі

Әні Ұ.Жолдасовтікі





9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №11 Мерзiмі: № 31 сабақ

Тақырып: Жер- біздің ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 6


Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеті:

Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға түсінік беру;

Тәрбиелік: Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

«Өзіңе-өзің сену» мәтінінен оқушылар өз-өзіне сенудің мәнін түсінеді. Мәтіннің мазмұны адамның өзінің дүниемен қатынасын, өзінің іс-әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүдделерін ұғынып, бағалай алуы үшін өзіне сенімділік әкелудің мәнісін ұғындырады.

Мұғалім мәтін бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, ондағы айтылған әрбір ойдың мағынасын оқушылардың кеңірек талдап, түсіндіру кезінде «өмірмен бетпе-бет кездесу, өмір сынағы, өмір қиындығы, қиындықпен күресу, өзіңді адам сезіну, өзіңді өзің құндау, ұмтылыс пен табандылық» сияқты түйінді сөздерді басшылыққа алуына болады.

Өзіңе-өзің сену



Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе,змірмен бетпе-бет кездесуден қорықпа,үнемі өмір сынағының әр түрінен жасқанып,қашқақтай берсең,кезең-кезең проблема туа береді,өзіңмен-өзің әлектене бересің.Сондықтан өмір қиындығына да қасқайып қарап қабылда.Жеңіл жол іздеме,қиындықпен күрес.

Қиындықпен күресіп,соның тұсында өсіп,жетілген кезіңде өзіңді адам сезінесің,өзіңді-өзің құндайсың.Өмір барлық уақытта жеңіл және әдемі болып келе бермейді.Биікке шығу үшін тырбанып-тырмысуға да,жекпе-жек күреске түсуге де тура келеді.

Егер біздің ұмтылыс пен табандылығымыз жеткілікті болса,қандай кедергіні де жеңетінімізге керекті қабілет болады.Осының өзі сізге өзіңізге деген сенімділік әкелуге тиіс.

( «Мен адамдар арасындамын» кітабынан)



Өз-өзіңе сенудің мәні неде?

«Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сенімсіздіктің салдары қандай болады?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Жер-адамның бесігі.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

«Жер- анамыз» Қоғабай Сәрсекеев

  • Жерді неліктен қадірлеп күту қажет?

  • «Жер- асыраушы анаң» дегенді қалай түсіндіресіңдер?

  • «Жер- жомарт» деп неліктен айтады?

  • Жер мен адамның арасында қандай байлагыс бар?

  • Өзің жерге қамқорлығыңды қалай көрсетер едің?




Жаңа ақпарат

Жер- біздің ортақ үйіміз. Ол адамдардың тіршілік мекені. Орман- көл, тау- тас, жанжануарлар, өсімдіктер, құстарбарлығы жер сыйы. Жер бізді асыраушы анамыз. Жер- жалғыз панамыз. Жерді көздң қарашығындай сақтау, қадірлеп аяулау бәріміздің міндетіміз.



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. «Менің туған өлкем» тақырыбында өз туған өлкелеріңе қатысты коллаж құратырыңдар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, кестені толтырыңдар.

3-тапсырма. Сөйлемді жалғастырып жазыңдар.




8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Тыныштық» Сөзі: Әдібай Табылды

Әні: Ибрагим Нүсіпбаев





9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №11 Мерзiмі: № 32 сабақ

Тақырып: Жер- біздің ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 6


Сабақ мақсаты: Оқушылардың төменгі сыныптарда шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеті:

Білімділік:Адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың шындық пен ақиқат туралы түсініктерін мәтін оқу арқылы дамытуды көздейтін бұл әдістің сабақтағы орны ерекше. «Сөздің атасы мен анасы» атты оқуға ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық кідірістерді ескере отырып, үлкен ықыласпен оқып береді.

Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытып, мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыруға да болады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады.



Сөздің атасы мен анасы

Б. Адамбаев

Қаз дауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті.Түстеніп,демалып болған соң Қазыбекке:

-Би,бір сөз сұрайын деп едім,-дейді.Қазыбек сұраңыз деп ырзалық білдіріпті.

-Біз бір керуен адам едік,өзара дауластық та,ойластық та,бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім,анасы кім?»-депті.

Қазыбек ойланып жауап бергенше: «Япыр-ай,бұл сөзді саудагер ғана білмейді екен десек,қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой;биыл таппасаңыз,ендігі жылы табарсыз»,-деп үйден шығып кетіпті.

Қазыбек орнынан тұрып,тысқа шықса,саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен.

-Япырмай,артыңа қарамай асығыс аттанғаның не?Әлгі сөздің шешуін іздеп,ендігі жылы келіп,екі саудаңнан қаларсың,артыңа қарамайтын болып кет.Сөздің атасы-бірлік,анасы-шындық!Жолың болсын,жүрген жеріңде айта жүр!-депті.

Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады?

Неліктен шындықты сөздің анасы дейміз?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Жер-адамның бесігі.





5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

«Ақ гүл» Құрманбай Толыбаев

  • «Жер-тіршіліктің бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жер-анадан қандай үлгі алуға болады?

  • Жерді сақтаудың маңызы неде?

  • Жер-анаға қандай тілек айтар едің?




Жаңа ақпарат

Ел мен жер-оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары-біздің басты байлығымыз.Жер, су, ауа, адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.

Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері, жас ұрпақсендер де, барлығымыз да көз қарашығымыздай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.

Мен рахметті алдымен, жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән-дариясын тасытқан, о қасиетті Жерана, сенсің, менің ардақтым!



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. Адамгершілік қасиеттерді жермен байланыстыра отырып, өз ойларыңды түйіндеп айтыңдар.

2-тапсырма.Кестеде келтірілген нақыл сөздерді оқыңдар, олардың жанына өздеріңнің тұжырымдарыңды жазыңдар.

3-тапсырма. «Жер-бейбітшілік мекені» тақырыбында сурет салыңдар.




8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Тыныштық» Сөзі: Әдібай Табылды

Әні: Ибрагим Нүсіпбаев




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет