Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет19/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма. Қайталау.


10-сынып.

Тест жұмысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың ІІІ тоқсан бойы алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау, тексеру.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қорытынды, тексеру сабағы

Сабақ әдісі: өз бетімен жазбаша жұмыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа.

1. Жекелеген кристалдардан тұратын қатты дене

А. Монокристалдар

В. Поликристалдар

С. Ферромагнетиктер



2. Дене көлемінің немесе пішінінің түсірілген күштер әрекетінен болатын өзгерісін сипаттайтын шама

А. Салыстырмалы деформация

В. Абсолют ұзару

С. Қатаңдық



3. Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?

А. 1 кг затты 1 К қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері

В. 1 кг затты қайнау температурасында буға айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері

С. Заттың балқу немесе қатаю процестері кезінде оның ішкі энергиясының заттың тегіне және сыртқы шарттарына тәуелділігін сипаттайтын шама



4. Қатты денелердің кебуі

А. Қатаю


В. Балқу

С. Сублимация

Д. Үшеуі де емес

5. Сыйымдылығы 500 мкФ конденсаторды кернеуі 40 В ток көзіне қосқанда алатын заряд мөлшері неге тең?

А. 12,5 мКл

В. 20 мКл

С. 40 мКл

Д. 20 Кл

6. Екі нүктелік зарядтың ара қашықтығын 2 есе кеміткенде кулондық әсерлесу күші қалай өзгереді?

А. 2 есе артады С. 4 есе артады

В. 2 есе кемиді Д. 4 есе кемиді

7. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілді. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігі неге тең?

А. 60 В/м С. 180 В/м

В. 600 В/м Д. 300 В/м

8. Кернеу көзінен ажыратылған зарядталған конденсатор астарлары арасында ε=5 диэлектрик орналастырса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?

А. 5 есе артады С. 25 есе кемиді

В. 5 есе кемиді Д. 25 есе артады

9. Конденсатор кернеуін 2 есе ұлғайтса, энергиясы қалай өзгереді?

А. 2 есе артады С. 2 есе кемиді

В. 4 есе артады Д. 2 есе артады

10. Сыйымдылықтары 1 мкФ, 2 мкФ, 3 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып ең үлкен сыйымдылық алуға болады?

А. 5 мкФ


В. 6 мкФ

С. 7 мкФ


Д. 8 мкФ

11. Металл өткізгіштің ұзындығын 2 есе арттырып, өткізгіш ауданын 3 есе кемітсе, өткізгіш кедергісі қалай өзгереді?

А. 6 есе артады

В. 5 есе артады

С. 6 есе кемиді

Д. 5 есе кемиді

12. График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңдар.

А. 200 Ом

В. 250 Ом

С. 300 Ом

Д. 20 Ом

13. 200 В кернеуге екі бірдей өткізгіш бірінші параллель, кейінгісі тізбектей жалғанды. Тізбектегі ток күші қалай өзгерді?

А. 5 есе артады

В. 4 есе артады

С. 5 есе кемиді

Д. 4 есе кемиді

14. Тізбек мына элементтерден тұрады: ε=6 В, ішкі кедергісі r=2 Ом ток көзі және реостат. Осы тізбектен шамасы 0,5 А ток жүреді. Реостаттағы кедергіні 3 есе кеміткенде, тізбектен жүретін токтың шамасы қандай болады?

А. 1,025 А

В. 1,225 А

С. 0,125 А

Д. 1,125 А

15. Диаметрі 0,1 мм, ұзындығы 1 м мыс сымның кедергісі 2,23 Ом-ға тең. Мыстың меншікті кедергісі қандай?

А. 1,65·10-8 Ом·м

В. 1,68·10-8 Ом·м

С. 1,78·10-9 Ом·м

Д. 1,75·10-8 Ом·м

16. Бұранда ережесі не үшін қолданылады?

А. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін

В. Магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтау үшін

С. Электр өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін



17. Био-Савар-Лаплас заңының формуласы

А. BI∆ℓsinα

В. F/I∆ℓ

С. k/I1∆ℓ1sinα1/R2

Д. µ0I/2R

18.Берілген ауданды қанша магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетінін көрсететін шама

А. магнит индукция векторы

В. Магнит ағыны

С. Электр өрісінің кернеулігі

Д. Ампер күші

19. µ0 I/2R формуласы нені анықтайды?

А. Шексіз ұзын түзу тогы бар өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы

В, Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі индукцияс ы

С. Био-Савар-Лаплас заңы

Д. Ампер күші

20. Магнит индукциясы векторының өлшем бірлігі

А. Ньютон

В. Ампер

С. Вебер


Д. Тесла


ІІ нұсқа

1. Мұздың еруі кезінде энергия жұтыла ма әлде бөліне ме?

А. Жұтылады

В. Жұтылмайды және бөлінбейді

С. жұтылады, сосын бөлінеді

Д. Бөлінеді

2. Балқу кезінде денені температурасы қалай өзгереді?

А. Көтеріледі

В. Төмендейді

С. Анықталмайды

Д. Өзгермейді

3. Деформацияланған қатты денедегі ішкі күштердің әрекетін сипаттайтын шама

А. Механикалық кернеу

С. Қатаңдық

В. Беттік керілу

Д. Серпімділік күші

4. Газ күйден бірден қатты күйге өтетін процесс

А. Балқу

С. Сублимация

В. Қатаю

Д. Десублимация

5. Зарядтардың модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал күш:

А. Серпімділік күші

С. Ампер күші

В. Ауырлық күші

Д. Кулон күші

6. Нүктелік q заряд r0 қашықтықта φ0 потенциал тудырады. Осы заряд 9r0 қашықтықта қандай потенциал тудырады?

А. φ=9r0φ0

В. φ=r0φ0

С.φ=1/9φ0

Д.φ=9r0

7. Кернеулігі 2 В/м біртекті өрісте заряд күш сызықтар бойымен 0,2 м қашықтыққа орын ауыстырады. Осы екі нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?

А. 0,4 В С. 10 В

В. 0,1 В Д. 40 В

8. Сыйымдылығы 400 мкФ конденсаторды кернеуі 100 В ток көзінен зарядталады. Конденсатор астарларындағы энергияны табыңыз.

А. 1 Дж


В. 3 Дж

С. 2 Дж


Д. 4 Дж

9. Заряды 2 нКл тамшы заряды -3 нКл су тамшысымен бірікті. Пайда болған тамшының заряды қандай?

А. +1 нКл С. +5 нКл

В. -1 нКл Д. -5 нКл

10. Сыйымдылығы 500 мкФ конденсаторды кернеуі 20 В ток көзіне қосқанда алатын заряд мөлшері неге тең?

А. 100 мКл С. 10 мКл

В. 20 мКл Д. 1 мКл

11. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің екі ұшына 12 В керену берілген. Осы өткізгішпен 20 с ішінде қанша электр мөлшері өтеді? Осы кезде қандай жұмыс атқарылады?

А. 259 Дж С. 288 Дж

В. 268 Дж Д. 298 Дж

12. Меншікті кедергі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

А. Ом С. Ом·м

В. Гн Д. Ф

13. ЭҚК-і 17 В, ішкі кедергісі 0,2 Ом аккумулятор кедергісі 10 Ом сыртқы тізбекке қосылған. 1 минутта бүкіл тізбекте қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

А. 100 Дж

В. 1 кДж

С. 50 кДж

Д. 400 Дж

14. Өткізгішпен жүретін ток күші 40 мкА болса, онда осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 мкс ішінде қанша электрон өтеді?

А. 5·108

В. 3·108

С. 6·108

Д. 4·108

15. Зарядтардың вакуумдегі өріс кернеулігінің берілген диэлектриктегі өріс керенулігіне қарағанда неше есе артық екенін көрсететін шама

А. сыйымдылық

В. Диэлектрлік өтімділік

С. беттік керілу

Д. Магнит өтімділігі

16. 1 Вебер неге тең?

А. 1 Тл·1 м2

В. 1 Н/А·м

С. Кл/с


Д. Р/Кл

17. Ток элементін көрсет

А. I∆ℓ


В. I∆ℓB

С. µ0nI

Д. Bscosα

18. Индукциясы 15 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан 4 А ток өтетін түзу өткізгіштің әр 10 см ұзындығына 3Н күш әсер ететін болса өткізгіш пен өрістің күш сызықтарының арасындағы бұрыш қандай?

А. 300

В. 600

С. 900

Д. 450

19. Ұзындығы 0,15 м тогы бар өткізгіш модулі 0,4 Тл біртекті магнит өрісінің индукция векторына перпендикуляр орналастырылған. Өткізгішті Ампер күшінің бағытымен 0,025 м орын ауыирығанда 12 мДж жұмыс істеді. Өткізгіштегі ток күшін табыңдар.

А. 8 А


В. 2 А

С. 4 А


Д. 6 А

20. µ0nI формуласымен не анықталады?

А. шексіз ұзын түзу тогы бар өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы

В, дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі индукцияс ы

С. шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукция векторы

Д. Ампер күші



ІІІ нұсқа

1. Тор түйіндерінде оң және теріс зарядталған иондардың болуымен сипатталатын кристалдық құрылым:

А. Иондық В. Атомдық

С. Молекулалық Д. Металдық

2. Қайсыбір себептерден дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі:

А. Импульс В. Деформация

С. Балқу Д. Қатаю

3. Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі

А. Дж/кг В. Дж

С. Дж/кг0С Д. Кг

4. Сублимация дегеніміз не?

А. Қатты денелердің кебуі

В. Заттың газ күйінен қатты күйге ауысуы

С. Заттың сұйық күйден газ күйге ауысуы

Д. Заттың газ күйден сұйық күйге ауысуы

5. Механикалық кернеудің өлшем бірлігі

А. Дж/кг В. Н/м2

С. Н Д. Н/Кл

6. Егер тізбектегі ток күші 5 А болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде қанша кулон заряд өтеді?

А. 1800 Кл С. 3600 Кл

В. 300 Кл Д.10 Кл

7. Тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болатынын тәжірибе арқылы көрсеткен ғалым

А. Максвелл С. Эрстед

В. Лоренц Д. Ампер

8. Магнит ағынын анықтайтын формула

А. T=2π/ω0 C. ω02=1/LC

B. Ф=Bscosα Д. F=qυBsinα

9. Магнит өрісінің сипаттамасы:

А. магниттік тұрақты

С. Магниттік күш

В. Электр өрісінің кернеулік векторы

Д. Магнит индукциясының векторы

10. Өткізгіштегі ток күшін 2 есе азайтқанда тогы бар өткізгіштегі бөлінетін жылу мөлшері

А. 2 есе кемиді С. Өзгермейді

В. 4 есе кемиді Д. 4 есе кемиді

11. Жазық конденсатордың пластина ара қашықтығын 2 есе арттырса, оның сыйымдылығы қалай өзгереді?

А. 4 есе артады С. 2 есе артады

В. 4 есе кемиді Д. 2 есе кемиді

12. Магнит индукция веторының бағыты:

А. Оңтүстік полюстен солтүстікке қарай

В. Электр тогымен бағыттас

С. Солтүстік полюстен оңтүстікке қарай

Д. Магнит тілше осіне перпендикуляр

13. Fmax/I∆ℓ формуласы қандай физикалық шаманы анықтау үшін қолданылады?

А. Магнит индукция векторын

В. Электр өрісінің кернеулігін

В. Ток күшін

С. Кернеуді

14. Кедергілері 4 Ом және 12 Ом екі резистор параллель жалғанған. Жалпы кедергі нешеге тең?

А. 4 Ом В. 12 Ом

В. 16 Ом С. 3 Ом

15. Батарейкадағы «1,5 В» деген жазу нені білдіреді?

А. Тізбек бөлігіндегі кернеу 5 В

В. Тізбек бөлігіндегі кернеу 1,5 В

С.Ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне 1 Кл зарядтың орнын ауыстырғанда бөгде күштер 1,5 Дж жұмыс атқарады

Д. Ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне 1 Кл зарядтың орнын ауыстырғанда бөгде күштер 5 Дж жұмыс атқарады

16. Кристалдану кезінде дененің температурасы:

А. тұрақты бір мәнде болады

В. Көтеріледі

С. Төмендейді

Д. Кристалдандыру температураға тәуелді емес

17. Арасында диэлектрик бар жазық конденсатор өрісінің кернеулігі

А.

В.

С.

Д,

18. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктеге орналасқан 12 нКл зарядқа әсер ететін күш

А. 240 кН В. 24 кН

С. 240 мкН Д. 24 Н

19. Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі

А. В В. Н

С. В/м Д. Тл

20. 10 нКл және 16 нКл зарядтар бір-бірінен 14 мм қашықтықта орналасқан. Олардың әсерлесу күші

А. ≈2,9·10-3 Н С. ≈2·10-3 Н



В. ≈1,4·10-3 Н Д. ≈7·10-3 Н

ІІІ. Қорытыныдалу.

IV.Бағалау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.1. Магнит өрісі.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға магниттік жіне электрлік құбылыстардың байланысы, магниттік өзара әрекеттесу, магнит өрісінің негізгі қасиеттері, магнит өрісінің күш сызықтары, магнит индукция векторының бағыты туралы түсінік алуға жетелеу.

  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбкқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Эрстед тәжірибесі

:

Ампер бойынан ток өткен өткізгіштердің өзара әрекетін зерттеді.



Тогы бар өткізгіштің жанында бойынан ток өтетін рамка да бұрылады.


Гравитациялық өріс кернеулігі деп берілген нүктедегі бірлік массалы денеге өрістің қандай күшпен әрекет ететінін көрсететін физикалық шаманы айтады.



Электр өрісінің кернеулігін электр өрісі тарапынан берілген нүктедегі бірлік оң зарядқа әрекет ететін күш ретінде анықтайды:





Эрстед тәжірибелерінен шығатын қорытынды:

  • Магнит өрісін ток немесе бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.

  • Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен бірге магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.

  • Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс.



Магнит өрісінің күш сызықтары деп өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады.

Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қосалқы мнемоникалық әдістер пайдаланылады:



1. Бұранда ережесі.

2. Сол қол ережесі.

Бұранда ережесі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға қолданылады.

Сол қол ережесі магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылады.

Тұйықталған магнит өрісі күш сызықтарын бейнелеп көрсету үшін белгілеулер ензізіледі.

Тогы бар өткізгіштің өрісін нұсқама мен нүктелер жиынтығы түрінде беруге болады.



Тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары суретте көрсетілген.



Магнит күш сызықтыраның түрліше конфигурацияларын зерттеу француз ғалымы Амперге тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішшіндегі дөңгелек микротоктар тудырады деген гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді.




ІV. Пысықтау.

  • Магниттік және электрлік құбылыстардың байланысы қалай дәлелденеді?

  • Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?

  • Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?

  • Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?

  • Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

  • Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?

VІ. Үйге тапсырма. §10.1.

VІІ. Бағалау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.2. Ампер заңы.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға Ампер күші, Ампер күшінің бағыты,магнит индукция векторының физикалық мағынасы туралы түсінік алуға жетелеу.

  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Магниттік және электрлік құбылыстардың байланысы қалай дәлелденеді?

  • Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?

  • Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?

  • Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?

  • Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

  • Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.



Ампер күшінің ең үлкен мәні:




IV. Пысықтау.

  • Ампер күші дегеніміз не?

  • Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?

  • Бұранда ережесі мен сол қол ережесін пайдаланып, параллель токтардың бір бағытта таратылатынан, ал қарам-қарсы бағытта өтсе, тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?

  • Магнит индукция векторының физикалық мағынасы қандай?

V. Есептер шығару.А.П.Рымкевич:№830, №831, №832.

VІ. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §10.5. А.П.Рымкевич:№833, №834.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§10.3.Ток элементі. Био-Савар-Лаплас заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Магнит өрісі туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру. Ток элементі, Био-Савар-Лаплас заңытуралы түсінік алуға оқушыларды жетелеу.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптасытру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: көрсетілімдер арқылы баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергенін тексеру:

  1. Магнит өрісі дегеніміз не?

  2. Магнит өрісінің негізгі қасиеттері қандай?

  3. Магнит өрісінің күш сызықтары деп нені түсінесің?

  4. МАгнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?

  5. Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

  1. Ампер күші дегеніміз не?

  2. Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?

  3. Магнит индукция векторының физикалық мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

. (1)



(2)



-ток элементі.



(3). Бұл формула кеңістікте бір-біріне қатысты кез келген бағытта орналасқан тогы бар екі өткізгіш арасындағы өзара әрекет күшін анықтауға мүмкіндік береді.

(4). Био-Савар-Лаплас заңы.

(4)-ті (3)-ке қойсақ, онда






ІІІ. Пысықтау

  1. Ток элементі дегеніміз не?

  2. Био-Савар-Лаплас заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Оның математикалық өрнегі қандай?

ІV.Есептерге талдау жасау.

V. Есептер шығару. 20-ж. №4, №5, №6.

VІ. Қорытындылау.

V. Үйге тапсырма:§ 10.3. 20-ж. №7, №8.

VІ. Бағалау.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.4. Дөңгелек токтың, тогы бар өткізгіштің магнит өрісі.

1. Тогы бар дөңгелек орамдардың магнит өрісі индукциясы, шексіз ұзын тогы бар өткізгіштің магнит өрісі индукциясы, ток күшінің өлшем бірлігі ампер туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Ток элементі деген не?

  • Электростатикалық және магниттік өзара әрекеттесудің ұқсастығын келтіріңдер.

  • Магниттік күштерді бағыттаушы деп атайды? Неліктен?

  • Био-Савар-Лаплас заңын тұжырымдап, оны магниттік өрістерді есептеуге қалай қолданатынын түсіндіріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Тогы бар дөңгелек орамның центріндегі магнит өрісінің индукциясы.



Барлық элементтер үшін α=900, шеңбердің центріне дейінгі қашықтық та бірдей және R-ге тең. Ал әрір элементтің индукция векторы сақинаның центрі арқылы өтетін және сақина жазықтығына перпендикуляр түзу бойымен бағытталады. Сонда





Енді осы тогы бар дөңгелек орамның центрінен h қашықтықтағы магнит өрісінің индукциясын табайық.


(2)

Био-Савар-Лаплас заңы бойынша

(3), мұндағы (4)

(4)-ті (3)-ке қойып



өрнегін аламыз.

немесе

ескерсек (5).

Алынған формулалардың шектік жағдайлары:

  1. h→0 кезде , яғни ол тогы бар дөңгелек орамның центріндегі магнит өрісі индукциясымен сәйкес келеді.

  2. h→∞ кезде .

Тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісі индукциясы.



ВД доғасын хордамен алмастырамыз. Сонда ,



. Осыдан .

Егер осыны Био-Савар-Лаплас заңына қойсақ, онда

болғандықтан, сонда



Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі индукциясы:



Био-Савар-Лаплас заңы:



Шексіз ұзын түзу тогы бар өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы:



Тогы бар шексіз ұзын параллель өткізгіштердің магниттік өзара әрекеттесу күші:



ІІІ. Пысықтау

V. Есептер шығару. 20-ж. №9, №10, №11.

VІ. Қорытындылау.

V. Үйге тапсырма:§ 10.4. 20-ж. №12 №13.

VІ. Бағалау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.5. Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы.

1. Соленоид, шексіз ұзын соленоид туғызған магнит өрісінің индукциясы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Био-Савар-Лаплас заңын қолданып, тогы бар дөңгелек орамдардың магнит өрісі индукциясын есептеңдер.

  2. Био-Савар-Лаплас заңын қолданып, шексіз ұзын тогы бар өткізгіштің магнит индукциясын есептеңдер.

  3. Ампер деген не? Анықтамасын беріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Егер жіңшке ұзын цилиндр түріндегі каркасты алып (ℓ››d) оған жіңішке оқшауланған сымды орап шығарсақ, онда соленоид деп аталатын контурды аламыз. ℓ››d шарты орындалатын кезде соленоидтың ішіндегі өріс біртекті болады да тек шеттерінде ғана бұзылады, өріс соленоидтың ішінде жинақталатын болып шығады.



Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы:

.
Соленоидтағы көршілес екі өткізгіш арқылы ток бір бағытта өтеді, демек, бұранда ережесі бойынша осы өткізгіштер тудырағна магнит өрісінің индукция векторлары қарама-қарсы бағытталған. Бұл векторлардың модулі бірдей, яғни орамдар арасында магнит өрісі жоқ.




Жартылай шексіз соленоидты алып, дәл осындай соленоидпен түйістірейік. Олардыға ток бір бағытта өтеді де, шексіз ұзын соленоид аламыз.







Соленоидтарды түйістіргенде, суперпозиция принципі бойынша . Соленоидтар бірдей Сонда, осыдан яғни, соленоидтың ұштарындағы магнит өрісінің индукциясы, оның ортасындағы индукциядан екі есе кем.

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 20-ж. №14, №15.

VІ. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §10.5 . 20-ж. №16, №21.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.7. Магнит өрісіндегі тогы бар контур.

Сабақ мақсаты:

1.Магнит ағыны, тогы бар контурдың магнит өрісінде орналасуы, тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуының оның пішініне тәуелділігі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1.Соленоид деген не?

2. Шексіз ұзын соленоид туғызған магнит өрісінің индукция векторы неге тең?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бет арқылы өтетін магнит ағыны деп магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбетіндісін айтады. Бұл көбейтінді берілген ауданды қанша магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетінін көрсетеді.




Ф=BScosα

BScosα=Bn

Bn-бетке түсірілген нормальға магнит индукция векторының проекциясы:



Ф=BnS


Магнит ағынының халықаралық SI жүйесіндегі өлшем бірлігі Вебер алынған.

1Вб=1 Тл·1 м2

Ауданы 1 м2 бетті 1 Тл магнит өрісінің индукциясы тесіп өткенде магнит ағыны 1 Вб-ге тең болады.

Біртекті магнит өрісінде орналасқан тогы бар жазық контурды қарастырамыз.


АВ|=|DC|=а

а қабырғаға (sinα=1) күш әрекет етеді.



қабырғаларына Ампер күші әрекет етпейді, себебі sinα=0





О/О// осіне қатысты контурға Ампер күштерінің максимал моменті әрекет етеді, яғни бұл жағдайда күш иіні максимал:

Мұндай қалыпта магнит өрісі индукция векторының ағыны нөлге тең.




Рамка қайсыбір бұрышқа бұрылсын, онымен нормаль да дәл осындай бұрышқа бұрылады. Енді рамканың барлық жақтарына Ампер күші әрекет етеді.

Осы кезде Ампер күштерінің механикалық моменті азаяды, ал магнит ағыны Ф=Вscosα шамасына артады.




Контур айнала отырып, мына суреттегідей қалыпқа келеді.

Бұл жағдайда Ампер күштерінің қорытқы моменті нөлге тең. Бұл жағдайда магнит ағыны максимал:

Фmax=BS

Контурдың осы қалпының үш маңызды жағдайына назар аудару керек:



  1. Бұл контурдың сыртқы магнит өрісіндегі орнықты қалпы.

  2. Бұранда ережесі бойынша контурдағы ток тудыратын В0 магнит өрісі сыртқы магнит өрісімен бағыттас, яғни тогы бар контур магнит өрісінде магнит тілі тәрізді орналасады.

  3. Егер осы қалыпта контурдағы токтың бағытын өзгертетін болсақ, онда ол инерция бойынша орнықты қалыптан шығып сол бағытта одан әрі айнала береді, сөйтіп біз электрқозғалтқыш аламыз.

Магнит өрісіндегі кез келген пішінді жазық контур.

Тогы бар контурды трапеция түріндегі микроконтурларға бөлейік.




∆х→0 кезінде микротрапециялар тікбұрышты рамкаларға айналып, олардың әрбіреуіне Амперлік күштердің

моменті әрекет етеді, бірақ , ал

Сонда , яғни M=IBS, бұл максимал магнит моментімен бірдей.






Ток бірдей және ауданы тең болған жағдайда түрлі пішіндегі жазық рамкаларға Ампер күштерінің бірдей моменттері әрекет етеді.






Ампер күштерінің механикалық моментін бұралу деформациясы үшін Гук заңын пайдалана отырып, серпімді күштердің моментін өлшеу арқылы анықтауға болады, яғни М=kφ, мұндағы φ- контур ілінген сымның бұралу бұрышы.

Әр текті магнит өрісіндегі жазық тогы бар, х,у,z осьтерін айнала қозғалатын контур жайлы мынадай қорытынды жасауға болады:


  • контур магнит өрісінде өз тогының магнит өрісімагнит өрісімен бағыттас болатындай орналасады;

  • контур магнит өрісі күштіріек жаққа қарай тартылады;

  • контур үдеумен қозғалады.





IV. Пысықтау.

1. Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?

2. Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?

3. Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады? Неліктен?

4. Тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуы оның пішініне тәуелді ме?

5. Магнит өрісінде тогы бар рамка қалай орналасқанда, оған әрекет ететін Ампер күштерінің моменттері максимал болады?

V. Есептер шығару. А.П.Рымкевич: № №827, №828.

VІ. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §10.7. А.П.Рымкевич: № 823, №825.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.8. Лоренц күші.

Сабақ мақсаты:

1.Оқушыларға Лоренц күші, Лоренц күшінің бағыты, металл өткізгіштердегі зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысының орташа жылдамдығы, электрондардың хаосты жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?

  2. Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?

  3. Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады? Неліктен?

  4. Тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуы оның пішініне тәуелді ме?

  5. Магнит өрісінде тогы бар рамка қалай орналасқанда, оған әрекет ететін Ампер күштерінің моменттері максимал болады?

  6. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электр тогы дегеніміз –зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы.

Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке Ампер күші әрекет етеді.

Өткізгіштің көлденең қимасы S болатын І∆ℓ ток элементін бөліп алайық:














Ампер күші дегеніміз –магнит өрісінде қозғалып жүрген N зарядталған бөлшектерге әрекет ететін күш. Сонда зарядталған бір бөлшекке әрекет ететін күш Лоренц күші деп аталады.



Металл өткізгіштердегі зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысының орташа жылдамдығы:



Электрондардың хаосты жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы:



Қозғалыстағы заряд тудырған магнит өрісін табу үшін Био-Савар-Лаплас заңын пайдаланамыз:







IV. Пысықтау.

  • Лоренц күші дегеніміз не?

  • Ол күштің шамасы қандай формуламен өрнектеледі?

  • Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?

  • Құйынды токтар деген не?

  • Лоренц күші жұмыс атқара ма?

V. Есептер шығару.А.П. Рымкевич:№ 837, №838, №839.

VІ. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §10.8. А.П. Рымкевич:№ 840, №842, №.843.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.9. Заттардағы магнит өрісі.

Сабақ мақсаты:

1.Магнетиктер, заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы, парамагнетиктер, ферромагнетиктер, диамагнетиктер, Кюри нүктесі туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Лоренц күші дегеніміз не?

  • Ол күштің шамасы қандай формуламен өрнектеледі?

  • Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?

  • Құйынды токтар деген не?

  • Лоренц күші жұмыс атқара ма?

  • Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?

  • Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?

  • Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады? Неліктен?

  • Тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуы оның пішініне тәуелді ме?

  • Магнит өрісінде тогы бар рамка қалай орналасқанда, оған әрекет ететін Ампер күштерінің моменттері максимал болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Біртекті ортадағы В магнит өрісінің индукциясы модулі жағынан вакуумдағы В0 магнит өрісінің индукциясынан неше есе өзгеше екенін көрсететін физикалық шама магниттік өтімділік деп аталады:



Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Олардың магнит өтімділігі 102-105 аралығында жатады.

Темір –ферромагнетик.

Ферромагиттік материалдар – ферриттер.

Заттардың ферромагнетиктік қасиеттері жойылып, зат парамагнетикке айналатын температура Кюри температурасы деп аталады.

Феромагнетиктердің магниттік өтімділігі сыртқы өрістің В0 индукциясына тәуелді.


IV. Пысықтау.

1. Магнетиктер деп қандай заттар аталады?

2. Заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

3. Парамагнетик деген не?

4. Қандай қасиеттері үшін заттар ферромагнетиктер деп аталады?

5. Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?

6. Кюри нүктесі деген не?

7. Ферромагнетизм теориясы қалай түсіндіріледі?

8. Ферромагнетиктерді қайда қолданады?

V. Есептер шығару. 21-ж, №2, №3

VІ. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §10.9. 21-ж. №4, №5.


10-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың «Электр және магнетизм» тарауы бойынша алған білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, тақтада жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауға шолу, формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.
20-жаттығу. №1.

2







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет