Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет18/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

IV.Қорытындылау.

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма: тарауды қайталау.


10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§9.1, 9.2. Тұрақты токтың пайда болу шарттары. Электр энергиясы көзінің ЭҚК-і.

1. Оқушыларға электр тогы, тұрақты токтың пайда болу шарттары, ЭҚК туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тару бойынша өздік жұмыс.

ІІІ. Жаңа тақырып.

  • Электр тогы деп электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысы аталады.

  • Ток өткізетін орталарда еркін зарядтардың электр өрісі әрекетінен реттелегн қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіштік ток деп аталады.

Электр тогының пайда болуына қажетті шарттар:

  • Берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы.

  • Берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы

Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады.

Ток көзі энергияның кез келген түрін электр энергиясына түрлендіреді.

Тұтынушылар электр энергиясын жылулық, механикалық энергияға айналдырады.

Электр тогының әсерлері:


  • Жылулық

  • Химиялық

  • Магниттік

Ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шама.

Бірлігі 1 Ампер [А]

Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады.



J - ток тығыздығы.

Өткізгіштің бірлік қимасынан қандай ток өтетінін көрсететінін шама.


Электр кернеуі – бірлік электр зарядының орын ауыстыруы бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысымен анықталатын физикалық шама.



Электр тізбегінде қозғалыстағы заряд тасымалдаушыларға электр өрісі күштерімен қатар, осы зарядтарды тасымалдаушыларға электр өрісі күштерімен қатар осы зарядтарды тасымалдау бойынша жұмыс атқаратын күштер әрекет етеді. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды.

Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігн сипаттайтын шама ток көзінің ЭҚК деп аталады.





IV. Пысықтау.


  • Электр тогы деген не?

  • Тізбектен электр тогы өтуі үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

  • Электр тогы қалай бағыттлаған?

  • Электр тізбегі деп нені атайды?

  • Электр тогының әрекеттері қандай?

  • Ток күші дегеніміз не?

  • Ток тығыздығы қандай?

  • Бөгде күштер деген не?

  • Ток көзі деп нені атайды?

  • Ток көзінің ЭҚК-ң мәні қандай?

  • Қандай ток көздерін білесіңдер?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§9.1.9.2.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§9.3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

1. Электр тогы ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, электр кедергісі, оның өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне байланыстылығы, меншікті кедергі, оның физикалық мағынасы, кедергінің температуралық коэффициенті туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Электр тогы деген не?

  • Тізбектен электр тогы өтуі үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

  • Электр тогы қалайй бағыттлаған?

  • Электр тізбегі деп нені атайды?

  • Электр тогының әрекеттері қандай?

  • Ток күші дегеніміз не?

  • Ток тығыздығы қандай?

  • Бөгде күштер деген не?

  • Ток көзі деп нені атайды?

  • Ток көзінің ЭҚК-ң мәні қандай?

  • Қандай ток көздерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырып.







Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.


Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.

Өткізгіш кедергісінің өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне тәуелділігі:




Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі:

IV. Пысықтау.

  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.

  • Электр кедергісі деген не?

  • Металл өткізгіштің кедергісі оның геометриялық өлшемдеріне қалай тәуелді?

  • Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?

  • Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені атайды?

V. Есептер шығару. А.П.Рымкевич:№770, №771, №769.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: А.П.Рымкевич: §9.3. №768, №772.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §9.4. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

1. Электр тізбегі ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей, параллель қосу заңдылықтары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.

  • Электр кедергісі деген не?

  • Металл өткізгіштің кедергісі оның геометриялық өлшемдеріне қалай тәуелді?

  • Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?

  • Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені атайды?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Өткізгіштерді тізбектей қосу.





Өткізгіштерді параллель қосу.



IV. Пысықтау.

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғау белгілерін атаңдар.

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда жалпы кедергіні қалай табуға болады?

  • Өткізгіштерді параллель жалғау деген не?

  • Өткізгіштерді параллель жалғау белгілерін атаңдар.

  • Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде жалпы кедергіні қалай табуға болады?

V. Есептер шығару. А.П.Рымкевич: №783, №785, №787.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §9.4. А.П.Рымкевич: №789, №790, №791.

10-сынып

Сабақ тақырыбы: §9.5. Толық тізбек үшін Ом заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Толық тізбек туралы, толық тізбек үшін Ом заңы, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  3. Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: көрсетілімдер арқылы баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеомагнитофон, электронды оқулық, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.

  2. Электр кедергісі деп нені түсінеміз?

  3. Металл өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне қалай тәуелді?

  4. Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?

  5. Кедергінің температуралық коэффициенті дер нені айтады?

  6. Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?

  7. Өткізгішті тізбектей жалғау белгілерін айтыңдар.

  8. Өткізгішті параллель жалғау дегеніміз не?

  9. Өткізгішті параллель жалғау белгілерін айтыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Видеокөрсетілім арқылы түсіндіріледі.



Ток көзінде Аб=qε бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де (тұтынушы) Aэл1=UR∙q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл12=Ur∙q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңына сәйкес Аб=Aэл1эл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+Ur

UR=I∙R, Ur=I∙r

I= ε/R+r


Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал.

Егер R>>r болса, онда I= ε/R немесе ε=IR, яғни ε=U

Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.

ІV. Пысықтау.

V.Есептер шығару: №805, №806.№811.

VІ. Үйге тапсырма. §9.5 №807, №808.

VІІ. Бағалау.

10-сынып.
Сабақ тақырыбы: §9.6. Кирхгоф ережелері.

Сабақ мақсаты:


  1. Тармақталған тізбек, Кирхгофтың І ережесі, Кирхгофтың ІІ ережесі туралы түсінік алуға оқушыларды жетелеу.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Тұйық, толық тізбек дегеніміз не?

  2. Толық тізбекке арналған Ом заңы туралы түсінік беріңдер.

  3. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

  4. Қысқа тұйықталу кезінде үйдегі шамдар неге сөніп қалады?

  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тізбекте кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелер түйіндер деп аталады.



Токтардың үзіліссіздік заңы: түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең:

∑Ii=∑Ii Кирхгофтың І ережесі.

Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады.

∑εi=∑Ui Кирхгофтың ІІ ережесі.





А түйінінде: I1=I3+I5

С түйінінде: I1=I2+I4

М түйінінде: I3=I4+I6

ВСКМОАВ контуры үшін:

ε1- ε2+ ε3=I1r1+I1R1+I2r2+I6R3+I3r3

СДЕМС контуры үшін:

ε 4+ ε2=I4r4-I6R3-I2r2



IV. Есептер шығару. 19-жаттығу. №2, №8.

V.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма. §9.6. 19-жаттығу. №9, №10.

VІІ. Бағалау.


10-сынып

Сабақ тақырыбы: §9.7. §9.8. Токтың жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға электр тогының жұмысы, электр тогының қуаты, пайдалы қуат, жоғалатын қуат, толық қуат, токтың жылулық әрекетінің мәнісі, Джоуль-Ленц заңы туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  • Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: көрсетілімдер арқылы баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеомагнитофон, электронды оқулық, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Қандай тізбек тармақталған деп аталады?

  • Тармақталған тізбектегі кедергіні қалай есептеуге болады?

  • Кирхгофтың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  • Кирхгофтың екінші заңы қалай тұжырымдалады?

  • Кирхгофтың екінші ережесіне сәйкес ток көзінің ЭҚК-н және кедергідегі кернеудің бағытын қалай анықтауға болады?

  • Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Электр тогының жұмысы.

Тізбек бөлігіндегі токтың толық жұмысы:




Бұл формула бойынша тізбектің қарастырылып отырған бөлігіндегі жұмысты энергияның қандай түрінің электр энергиясына айналатынына тәуелсіз есептеп табуға болады.



Электр энергиясы ішкі энергияға айналғанда орындалатын өрнек.








Тізбектің ЭҚК-і болмайтын бөлігі үшін токтың жұмысын есептегенде осы формулалардың кез келгенін пайдалануға болады.



Электр тогының қуаты.

Қуат деп жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама алынады.



Тізбектің ЭҚК-і жоқ бөлігінде токтың қуатын мына формулалармен есептеуге болады:

Токтың толық қуаты:



Жылулық әрекетке кететін ток қуаты:



Толық ток қуаты:



Толық және пайдалы қуаттың сыртқы кедергіге тәуелділігі:



Соңғы тәуелділіктің графигі:



ПӘК-деп сыртқы күш жұмысының қандай бөлігін ток көзі пайдалы жұмысқа айналдыратынын көрсететін щаманы атайды:



Джоуль-Ленц заңы:











ІV. Пысықтау.

V.Есептер шығару: №793, №794, №796.

VІ. Үйге тапсырма. §9.6. §9.7. №798, №799, №809.

VІІ. Бағалау.
10-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың «Тұрақты ток» тарауы бойынша алған білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, тақтада жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауға шолу, формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

18-жаттығу. №2.

3.



4.



5.







19-жаттығу. №3.

4.



7.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет