Сабақ мақсаты: тарихи кәсіпкерліктің ерекшеліктері туралы білу



бет1/2
Дата12.02.2023
өлшемі70 Kb.
#168426
түріОқулық
  1   2
Байланысты:
Кейс әдісі


Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 ж. дәріс беру барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында қолданыла бастаған. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды.
Кейс-стади міндеті – білім алушыларды келесідей әрекеттерге жұмылдыру:

  • кез-келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау,

  • негізгі мәселелерді айқындау,

  • мәселелерді шешудің әртүрлі балама жолдарын (нұсқаларын) табу (ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпайық),

  • сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау,

  • өз іс-әрекеттерін жоспарлау.

Сase-study - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Оны кейде «оқудағы жағдаяттар әдісі» деп те атайды. «Кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді деп беріледі, дегенмен, көбінесе «портфель» мағынасында қолданылып жүр.


«Тарихи» бизнес-кейсі


Сабақ мақсаты:
- тарихи кәсіпкерліктің ерекшеліктері туралы білу;
- заманауи және тарихи кәсіпкерлікті салыстыру

Бизнес пен кәсіпкерлік ұғымдары XIX және XX ғасырлардың тоғысында зерттеле бастады. Алайда, бұл бұған дейін бизнесмендер болған жоқ дегенді білдірмейді, мұнда тек олардың қызметі теориялар мен әдіснамалар шеңберінде ғылыми тұрғыда зерттелмеген. Бұған көз жеткізу үшін бизнес туралы қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан Қазақстанның тарихи кәсіпкерлерімен танысайық.


Бірінші тарих – Ұлы Жібек жолының дамуының шарықтау кезеңінде XIX ғасырда өмір сүрген Ахмет атты бала туралы болмақ. Ахмет атақты керуенбасы (керуенді жетектеп басқаратын) Байсақал би отбасында дүниеге келген. Оның бабасы Өтетілеу, атасы Тілеке, содан кейін әкесі Байсақал би Тілекеұлы (1780-1850 жж.) Жаппас руынан шыққан XVIII-XIX ғ.ғ. кезеңіндегі Қазақстан аумағындағы атақты керуенбасылар болды: оларда Троицкіден Бұхараға дейінгі жолда және одан әрі Ұлы Жібек жолы бойында керуендерді басқаруға құқық беретін өз мөрлері болды. Ахмет балалық шақтан әкесіне көмектесті: ол түйе мен атқа мініп, болашақта ұлы саяхатшы болуды армандай отырып, әкесімен бірге саяхаттауды жақсы көретін.
Ахмет өз әкесінен кәсіпкерлік пен сауданың алғашқы дағдыларын үйреніп, керуен саудасын сауатты жүргізіп, жерлерді жақсы танып білетін және логистиканы меңгерген болатын. Олардың жайлауы Тобыл және Торғай өзендерінің сағаларында болды. Аман қалып және сәтті сауда жасау үшін, өз тауарларын белгіленген жерлерге дейін жеткізу үшін, керуенбасы логистиканы жақсы білуі тиіс еді. Байсақал би мен Ахмет керуендері қазақ жеріне белгілі тексерілген бағыттар бойынша: өзен сағасының бойымен, көлдердің жағалауларымен, құдықтар жүйесі бар жолдарымен жүрді. Орташа алғанда күн сайын мұндай керуен 25-30 км жүріп өтетін. Дала логистикасы көптеген факторларды ескеруі тиіс: түйелер үшін барынша жеңіл және ыңғайлы жолды таңдау, бұл жолда су көздері бар екеніне көз жеткізу, дауыл жағдайында паналау орындарын қарастыру қажет болды. Ол шөл далада және сусыз жерлерде адасып кетпеу үшін дала белгілерін "танып" үйренуі тиіс болатын. Жас Ахмет, әкесінің көмекшісі бола отырып, ержүрек, епті, жігерлі және шыдамды дала капитаны бола алды.
Логистика мәселелерінен басқа, керуенбасы алдында басқа да міндеттер тұрды. Ол өзінің "компаниясын" – жүкті қажетті орнына дейін жеткізетін сауда керуенін басқара білетін жақсы менеджер болуы тиіс еді. Керуенбасы сауда керуендерінің иелері — саудагерлер мен көпестермен жалданған. Саудагерлердің сауда керуендері шығыс кілемдерін, Бұхара ыдыстарын, жібек, түйе жүнінен жасалған шекпендерді, киім-кешектердерді, азық-түлікті, шығыс тәттілерін, мал және басқа да тауарларды алып жүрді. Қазақ керуенбасының Бұхар хандығындағы керуенбасынан негізгі айырмашылығы Бұхар хандығында керуенбасыны хан тағайындаса, ал қазақтарда жоғары біліктілігі бар кез келген адам болуы мүмкін еді. Сондықтан да қазақ керуенбасы арасында Байсақал би және Ахмет сияқты бай бақуатты адамдар да, жайылым мен қыстаққа қоныс аударудың жолдарын жақсы білетін қарапайым малшылар да болды. Керуенбасы керуендермен бірге жүретін адамдардың көп санын басқара білуі, қиындықтарды жеңу кезінде оларды ынталандыруы, туындаған дауларды реттей білуі, керуен жолында тұрған барлық мәселелер үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс еді.
Керуенбасы Байсақал би мен Ахмет қаржы мәселелерін жақсы түсінді, себебі олар керуен иесінің жергілікті халықпен және басқа аумақтардағы халықпен сауда жасау кезінде делдал болған. Олар халықтың сатып алу қабілетіне сәйкес келетін, барлық шығындарды жабатын және саудагерлерге де, керуенбасының өзіне де пайда әкелетін тауарларға баға белгілеу үшін таза құн (барлық келіп түскен ақша ағыны мен шығындары арасындағы айырмашылықты білдіретін ақша қаражаты), шығындар, ресурстардың құны (қызметкерлердің жалақысы, жануарларды, малды ұстауға арналған шығыстар және т. б.), пайда және т. б. сияқты ұғымдарды білуі тиіс еді.
Жергілікті "салық салушылармен" келіссөздер де керуенбасы арқылы жүргізілетін. Жақсы керуенбасы кеден бекеттеріндегі келіссөздерге қатысып, өз керуеніне кедендік баж салығын жеңілдетуге көмектесе алды, өйткені ол сол мемлекеттің тілін, коммуникация және сауда жүргізу ерекшеліктерін жақсы білген. Сондықтан керуенбасы керуеннің "GR-менеджері" (өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдарда өз компаниясының мүдделерін ілгерілету мен қорғауға жауапты маман) болды. Өзінің қиын жұмысында керуенбасыға кіреші (түйе ұстаушылары) көмек көрсететін болған.
Дала мемлекеттері сауда жолдарындағы демалыс үйлерін — керуен-сарайлардың қызметін Ұлы Жібек жолының саудагерлеріне пайдалануға беретін. Керуен тоқтаған барлық керуен-сарайларда Ахметтің әкесін керуенбасы Байсақал биді тани білген және зор құрметпен қарсы алатын. Керуен-сарайлар керуеншілер мен түйелердің демалуына және тамақтануына арналған керуендерге қызмет көрсететін орын ғана емес, сонымен қатар тауарға сұраныс пен оның нарықтық бағасын анықтау үшін "биржа" қызметін де атқарған болатын. Сондай-ақ көптеген керуен-сарайларда саудагерлер төлейтін кедендік және баж орталықтары болған. Қазақстан аумағында Отырар, Сауран, Құлан, Түркістан, Тараз, Бұқтырма, Қазалы және Кереку сияқты ірі керуен-сарайлары белгілі болған.
Уақыт өте келе Ахмет өзінің әкесін алмастырып, дербес керуенбасы және Жаппас руының биі болуға кезі келді: 1839 жылы Байсақал би өзінің ұлы Ахметке билеуші және керуенбасы мөрін тапсырып берді. Сол кезде Ахмет биде бірнеше жүз түйе және 700-ге жуық жылқысы болды. Енді Ахмет өз заманының толыққанды "бизнесмені" атанды: керуен иесі, логист, басқарушы, HR- және GR-менеджер, бизнес-аналитик және қаржыгер бола білді. Ахмет беделді және өте қанағатшыл, кедей, мұқтаж адамдарға көмек бергісі келіп тұратын басқарушы болды. 1843 жылы Ахмет Байсақалұлы 43 қашықтықты (дистанцияны) басқарды және Зауряд-Хорунжиі (офицер міндетін атқарушы, бірақ әскери шендерге құқығы жоқ тұлға; шен жауынгерлік үлес қосқаны үшін берілді) атағын алды. Сонымен қатар Хиуа экспедициясына түйемен көмектескені үшін күміс медальмен марапатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет