Сабақ Математика 5 «Ә» сынып 20. 10. 2016 жыл Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. /есептер шығару/ Сілтеме: Математика 5-сынып оқулығы



Дата17.02.2018
өлшемі63,62 Kb.
#37778
түріСабақ

№43 сабақ

Математика 5 «Ә» сынып 20.10.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Бұрыш. /есептер шығару/

Сілтеме:

Математика 5-сынып оқулығы

5-сынып дидактикалық материалдар, оқыту әдістемесі

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тақырып бойынша толық және терең білім беру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-Өз пікірін айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.

– Пікір таласуға үйренеді .

-Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға, емін-еркін сөйлеуге дағдыланады.


Туындайтын идеялар

Берілген есептерді топпен жұмыс жасау барысында талқылап, шығарып оқушылардың білімдері толыға түседі

Тапсырмалар



І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топтарға бөлу (тақтаға түрлі-түсті стикерлер ілініп тұрады, астында қандай топта отыратыны жазылады, соны таңдау арқылы топқа бөлінеді)

Үй жұмысын тексеру

Тест есептері

Сергіту сәті

Сабақты пысықтау(оқулықпен жұмыс деңгейлік тапсырмалар)

Сабақты қорытындылау(«Табыс ағашын отырғызу»)

Үй тапсырмасын беру

Бағалау


Топқа бөлінеді

- Бірін-бірі тексереді, ұпай беріледі

-Пысықтау сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап береді.

-топпен жұмыс

-оқулықпен жұмыс

-деңгейлік тапсырма

- рефлексия

-өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Сыныпты бес топқа бөлемін. Әрбір оқушыға нәтижелік карта үлестіріледі. Оны оқушы сабақ бойы толтырып отырады.

Бағалау парағы: Оқушының аты-жөні -






Үй тапсырмасын тексеру

Тест есептері

Оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырма

Барлық ұпай саны

Қорытынды бағасы

Ұпай саны




















«2», «3», «4», «5» деген бағалар қойып, қорытынды баға шығару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (7 мин) №206, 207

Шығарылған есепті талдап, тексеру.

«Ыстық орындық» тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.



Бұрыш дегеніміз не?

Бұрыштың қандай элементтері бар?

Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?

Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?

Транспортир не үшін қажет?

Транспортирдің көмегімен берілген бұрыштарды салу:



Тік бұрыш; Сүйір бұрыш;

Доғал бұрыш; жазыңқы бұрыш;

ІІІ. Тест есептері

1. Бұрыш дегеніміз- бір нүктеден шығатын екі 


а) түзу б) сәуле в)кесінді 
2. Бұрыштың элементтері: 
а) 1 төбесі 1 қабырға б) 2 төбесі, 2 қабырға в) 1 төбесі 2 қабырғасы 
3. Бұрыштың өлшем бірлігі: 
а) грамм б) градус в) метр 
4. Бұрышты өлшейтін құрал 
а) трансформатор б)транссибир в)транспортир 
5. Бұрыштың қанша түрі бар?

а) 6 б) 4 в) 5 

6. 180° - қандай бұрыш? 

а) доғал б) жазыңқы в) толық
7. Тік бұрыш қаншаға тең? 

а) 90 ° б)180° в)360°
8. Сүйір бұрыштың шамасы? 

а) тік бұрыштан үлкен б) тік бұрыштан кіші в) тік бұрышқа тең
9. Толық бұрыш нешеге тең? 

а) 180° –тан кіші б) 180°-тан үлкен в) 360°
10. 90° -180° аралығы 

а) тік бұрыш б) жазыңқы в) доғал
11) Сағат макеті бойынша минуттық тіл мен сағаттық тілдің қандай бұрыштар жасайды. Сағ 3-те, 6-да, 5-те, 2-де, 9-да, 8-де, 11-де 
а) тік бұрыш, жазыңқы, доғал, сүйір, тікбұрыш, доғал, сүйір

б) тік бұрыш, доғал, сүйір, тікбұрыш, жазыңқы, сүйір, доғал

в) доғал, сүйір, тікбұрыш, жазыңқы, сүйір, доғал, тікбұрыш
12. Градус-қай елдің сөзі және қазақша мағынасы 
а) грек сөзі, қадам б) латын сөзі, қадам, саты в)араб сөзі, саты.


ІV. Сергіту сәті. «Көзге жаттығу»

V. Сабақты пысықтау. «Үйрете отырып, үйренемін!»

Оқулықпен жұмыс: №208 60-бет. Әр оқушы осы есепті дәптерге орындайды. Болған соң тексеріледі және сұрақтарға жауап береді.



«Көргенімді есіме сақтаймын» Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейіндегі есептер.

1.АОD-жазыңқы бұрышы берілген. ОВ сәулесі жүргізілген. ∟АОВ = 30°, ВОD

бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Жауабы: 150°

2.EOF- жазыңқы бұрышы берілген. ОК сәулесі жүргізілген. ∟EOK = 150°, KOF

бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Жауабы: 30°

3.∟АОВ = 80°. EFL бұрышы АОВ бұрышынан 30° үлкен. EFL бұрышы неше градус? Жауабы: 110°

4.∟АОВ = 95°. KMN бұрышы АОВ бұрышынан 20° кіші. KMN бұрышы неше градус? Жауабы: 75°

5.KL сәулесі EKP бұрышын ∟EKL =35° және ∟LKP=45° болатын бұрыштарға

бөлген. EKP бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Жауабы: 80°
В деңгейіндегі есептер.

1.∟АОВ = 87°. Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. ∟ВОС = 52° болса,

АОС бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Жауабы: 35°

2.АОВ бұрышы 85°-қа тең. Оның ішінен ОС сәулесі жүргізілген. АОС бұрышы СОВ

бұрышынан 15°-қа кіші. СОВ бұрышы неше градус? Жауабы: 50°
С деңгейіндегі есептер.

АВС жазыңқы бұрышы ВD сәулесімен АВD және DВС бұрыштарына бөлінген. АВD бұрышы DВС бұрышынан 3 есе үлкен. АВD мен DВС бұрыштары неше градус.



Жауабы: 45° және 135°

«Ой толғаныс» Ақ қағаз таратып, оның бір бұрышын қиып алу тапсырылады.

Сұрақ: Осы қағаздың қанша бұрышы бар? Бір бұрышын қиып тастағанда қанша бұрышы қалды?





VI. Сабақты қорытындылау: «Кім тапқыр!» Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақты шешкенде «Бұрыш» сөзі шығады.



  1. Тік бұрыштың жартысы неше градусқа тең?

  2. Транспортир бұрышты өлшеуге арналған ...

  3. Бұрыштың өлшем бірлігі

  4. 180°-қа тең бұрыш қалай аталады?

  5. Сүйір бұрыш 90°-тан ...




VII. Үйге тапсырма беру. №209 60- бет

Үйге берілген тапсырмаларға нұсқау беру.



VIII. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып практикалық жұмыстарды орындаған бағаларына байланысты бағаланады.



IX. Рефлексия «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады.

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет