Сабақ Мектеп : Госплемстанция жоббм күні



бет4/5
Дата13.01.2022
өлшемі216,52 Kb.
#111495
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жалбыз - емдік өсімдік
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, 1513435150, Силлабус ЭП Менеджмент, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
ҚБ«Бас бармақ» әдісі
Оқылым кезіндегі 2-тапсырма ТЖ

«Өкіл» әдісі

Үш ойдан тұратын мәтін топтарға ұсынылады.

Оқушылар топта оқып, талдап , арасынан «өкіл» сайлап , келесі топқа жібереді. Осылайша топтар мәтінмен толық танысып шығады.

«Интервью» әдісімен оқушылар түсінгенін айтады.

Дескриптор:


  • Мәтінді түсінеді және мазмұндап айта алады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Саралау жұмысы

Толық мәтін ұсынылады.

Мәтін. «Жалбыз»

Дәрілік өсімдіктердің бірі – жалбыз. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп тараған. Қазақстанда жалбыздың 9 түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама – қарсы орналасқан болады. Оның дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маңызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі.

Оны сабынның иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Ал кермек жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдың негізгі құрам бөлігі – ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай – ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі. Валидол осы ментолдан алынады.

Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өтқабы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда, гриппен ауырғанда және суық тигенде қолданады. Сонымен бірге, жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Сондай-ақ, ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені нығайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет