Сабақ «Наурыз» Сәкен Сейфуллин Өткізген: Бримжанова Алмагүл Айтказиевна


Өткізген: Бримжанова Алмагүл Айтказиевна



бет2/2
Дата21.11.2016
өлшемі266,25 Kb.
#2227
түріСабақ
1   2

Өткізген: Бримжанова Алмагүл Айтказиевна

Тақырыбы: «Наурыз» Сәкен Сейфуллин
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңін мәнерлел, түсініп оқуға үйрету; өлең мазмұны арқылы кең - байтақ туған жеріміздегі көктем маусымы, ұлт мейрамының маңызын түсінуге жағдай жасау.

   Дамытушылық: Оқушыларды өлең, мақал-мәтел арқылы тілдік қорларын дамыту,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше жұмыс істеуге баулу, шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелік: табиғатты аялауға , құрметтеуге ,қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көктемге арналған суреттер, Сәкен Сейфуллиннің портреті, слайд, бейнеролик, кестелер, бағалау парақшалары

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топпен жұмыс, талдау-жинақтау,

СТО стр.


                 Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Табиғаттың оянуы бейнеролик.

Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып,бір-біріне тілек айту.(қолдарында екі түрлі бәйшешектер көкшіл,сары)

2.Топқа бөлу.  Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз.

Сондықтан 2 топқа бөлініп отырамыз



І топ Наурыз

ІІ топ Көктем

Топ басшыларын сайлап аламыз.

  Ітоп ұраны:

Наурыз – шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз



ІІ топ ұраны

Көктем шуақты болсын!

Күні қуатты болсын!

   Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.

Сабағымызды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұстаныммен бастамақпын.

Себебі сендер бүгін топпен жұмыс жасамақсыңдар.

Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

І.Қайталау-сөз анасы

ІІ.Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.

ІІІ Білгенге маржан-білмеске арзан

ІV.Ойға түстім ойландым.

V.Сәулең болса кеудеңде.

І бөліміміз бойынша Қайталау-сөз анасы.

(Үй тапсырмасын сұраймын).

Қосымша тапсырмаларын сұраймын



І топ Наурыз туралы мақал-мәтел жаттау.

ІІ топ Наурыз туралы өлең шумақтарын жаттау.

– Өлеңнің авторы кім? (Міржақып Дулатов)


– Өлең не туралы?
– Өлең жылдың қай жыл мезгіліне арналған?

2.Білімдерін жан-жақты тексеру.

  Көктем айларына қандай айлар жатады екен?

Табиғатта қандай өзгерістер болады?

3. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

ІІ. «Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар».



«Түртіп алу» стратегиясы

1 топ: Сәкен Сейфуллин деген кім?

2 топ: Жылдар сөйлейді.
Сәкен   Сейфуллин  ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.

Бейнеролик С.Сейфуллин өмірбаяны

ҮШ БӘЙТЕРЕК(Слайд)



Қазақ халқы Сәкен Сейфуллинді,Ілияс Жансүгіровты, Бейімбет Майлинды«Үш бәйтерек» деп атап кеткен. Себебі олар қазақ әдебиетінің  ақындары, қарымды қаламгер, дарынды драматургтар  ретінде үлес қосқан..Олар бір жылда дүниеге келді және қазақ жерінде көз жұмды.



4.Кітаппен жұмыс
оқушылардың мәнерлеп тізбектей оқуы

Өлең не туралы?



ІІІ . « Білгенге маржан, білмеске арзан деп аталады».

Бұл бөлімде топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.

І топқа: Өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беріңдер.

ІІ топ: Өлеңде адам кейпіндегі бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазып шық.

Жаз –

Су-----

Құстар------

Мал----------

Сергіту сәті

5.Салыстыру. Шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар

С.Сейфуллин «Наурыз»

М.Дулатұлы. «Наурыз»







6. Екі топқа тапсырма : Наурыз туралы ассоциация құру

1 топ: Наурыз - көктем айы :

2 топ: Наурыз - мереке:

Оқушыларға сұрақ қойылады

– Балалар алда қандай мейрам келе жатыр?(Наурыз мейрамы)


- Наурыз мерекесі қай күні болады? (22- наурыз күні)

ІV. «Ойға түстім ойландым».

7. Жаңа білімді қорытындылау.

 Сұрақтарға жауап береді.



Тест тапсырмалар

Наурыз мейрамы қай күні тойланады?

а)8 наурыз; ә)23 ақпан; б) 22 наурыз.

Наурыз күні қандай дәстүрлер бар?

а)коньки тебу, шаңғы тебу; ә)тілек айту, б)дүкенге бару.

Адамдар бір біріне қандай тілек айтады?

а)сау бол; ә)қайырлы таң; б) қайда барсаң жол болсын.

Жыл басының алғашқы гүлі?

а)қалампыр; ә)раушангүл; б)бәйшешек.

Наурыз көжеге неше түрлі тағамдар қосылады?

а)3 тағам; ә)7 тағам; б)10 тағам.

6. Күн мен түн қай күні теңеледі?

а)8 наурыз; ә)23 ақпан; б) 22 наурыз.

7.Көктем айларына қандай айлар жатады?

а)желтоқсан, қаңтар, ақпан; ә)маусым, шілде, тамыз.

б) наурыз, сәуір, мамыр.

8.Наурыз айында қандай мерекелер бар?

а)9 мамыр; ә)1 қыркүйек; б)22 наурыз.



8. Шығармашылық жұмыс

І топ: Эссе жазу

ІІ топ: Наурыз сөзіне  Бес жолды өлең құрастыру

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөйлемнен тұратын сөйлем

Синоним


5. «Сәулең болса кеудеңде»

Бағалау




Оқушының аты-жөні



Үй тапсырма-сы


«Түртіп алу» стратегиясы

Топқа берілген тапсырма

Салыс-тыру

ассоциация құру

Тест тапсыр-малар

Шығармашылық жұмыс

Баға-лау

1




























2




























3




























6.Үйге тапсырма

«Наурыз» өлеңін жаттап келу.
Каталог: 68D1E4D49EE0A549


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет