Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет4/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ
Документ (2)
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар:
Естеріңе түсіріңдер көктемде күннің жылынуы және күзде суықтың түсуі жылда бір мезгілде болады ма?

Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.



О ртасы
10 минут

Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Абиотикалық факторлар. Маңызды экологиялық факторлардың біріне қоршаған орта температурасы жатады. Жергілікті жерде тірі ағзалардың қандай бірлестігі (сообщества) қалыптасатыны температураға (құрлықта оған қоса жауын-шашын мөлшеріне) байланысты. Қоршаған ортаның температурасы – маңызды экологиялық факторлардың бірі. Экваторда ылғалдылық және Күннің қызуы жоғары.
Тағы бір маңызды абиотикалық факторға ылғалдылық жатады. Жа- уын-шашын мөлшері Жер бетіне біркелкі тарамайды. Экваторда жоғары ылғалдылық және Күннің қатты қызуынан джунгли қалыптасқан. Бұл
– аудан бірлігіне шаққанда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген саны кездесетін ылғалды экваторлық ормандар. Бірақ экватордың Оңтүстігінде және Солтүстігінде тропиктер – жылу мөлшері экватордағы сияқты, бірақ жауын-шашын мөлшері аз аумақтар орналасқан. Бұл зоналарда негізгі шөлдер қалыптасқан. Белгілі бір аумақта қандай өсімдіктер бірлестігінің қалыптасуы жылу және ылғал мөлшерінің үйлесіміне байланысты. Ал қандай жануарлардың мекендейтіні өсімдіктерге тәуелді.
Біздің ғаламшарымыздың табиғи жарығы – Күн. Барлық тірі ағзалар соның ерекшелігіне бейімделген.
Жарық – температура мен ылғалдылыққа қарағанда едәуір тұрақты көрсеткіш. Ол Күнге қатысты Жердің орнына тәуелді.
Солтүстік жартышарда 22 желтоқсанға дейін күн қысқарады және міндетті түрде ұзарып, наурызда күн мен түн теңеседі, 21-нен 22 маусымға қараған түн – ең қысқа түн болып есептеледі.
Ортаның қышқылдылығы – тағы бір маңызды абиотикалық фактор. Сендер химияны оқып үйренбесеңдер де, лимон және сірке қышқылы туралы білетін шығарсыңдар. Айран, йогурт жасаған кезде сүт ашытылып, яғни оның қышқылдылығы өзгереді. Мысалы, көптеген қылқанжапырақты өсімдіктер – шырша, қарағай қышқыл ортада жақсы, ал сілтілік ортада нашар өседі. Бидай, бақша дақылдары сияқты көптеген мәдени өсімдіктер шамалы қышқыл топырақта жақсы өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет