Сабақ нөмірі: №156 Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл



бет1/5
Дата13.05.2020
өлшемі266,43 Kb.
#67623
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6,05,20


Математика пәні бойынша 5 сынып оқушыларына тірек конспектісі

4 - тоқсан
Сабақ нөмірі: №156

Сабақтың тақырыбы:Натурал сандар және нөл

Сабақтың мақсаты. • Көптаңбалы натурал сандарды қосу мен азайтудың,көбейту мен бөлудің қасиеттерін есте сақтай отырып, дұрыс қолдануды түйіндейді және бір санның екінші саннан қаншаға артық немесе кем екені біледі.

Конспект





Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді. Яғни ол

a ∙ b = b ∙ a теңдігімен жазылады.



Көбейтудің терімділік қасиеті: Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту керек, яғни

(a ∙ b) ∙ c = a ∙ (b ∙ c) теңдігімен жазылады.



Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: Қосындыны санға көбейту үшін санды қосылғыштардың әрқайсысына көбейтіп, шықан нәтижелерді қосу керек, яғни

(a + b) ∙ c = a ∙ с + b ∙ c немесе с ∙ (a + b) = с ∙ а + с ∙ b

теңдіктерімен жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет