Сабақтың мазмұны Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін: үтірді ескермей6 сандарды көбейту керек



Дата24.12.2021
өлшемі165,16 Kb.
#104819
түріСабақ
Байланысты:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту
Қысқа мерзімді жоспар, Методика расчета ТЭО

Сабақтың тақырыбы; Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Сенің білетінің:

Сенің меңгеретінің:

  • ондық бөлшекті натурал санға көбейту кезінде қолдануға тиімді ережелер;

  • ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қолданып есептер шығару.

Сабақтың мазмұны

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. үтірді ескермей6 сандарды көбейту керек;

  2. берілген ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, шыққан көбейтіндіде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айыру керек.

1-мысал. Есепте: 2,316 · 4



Есіңе сақта!

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту кезінде көбейтінді мәніндегі үтірден кейінгі цифрлар саны берілген ондық көбейткіштегі үтірден кейінгі цифрлар санына тең болады.

⠀ Ондық бөлшекті натурал санға көбейту кезінде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті:

3,5 · 4 = 4 · 3,5



Көбейтудің терімділік қасиеті:

(7 · 1,2) · 5 = 7 · (1,2 · 5)



Көбейтудің үлестірімділік қасиеті:

(2,3 + 1,8) · 3 = 2,3 · 3 + 1,8 · 3

2-мысал. Теңдеуді шеш: x : 5,705 = 4,75 + 3,25

x : 5,705 = 8

x = 5,705 · 8

x = 45,64

Жауабы: x = 45,64.

3-мысал. Биіктігі 6,18 см, ені 4 см, ал ұзындығы енінен 1,5 есе артық болатын параллелепипедтің көлемін тап.



Параллелепипедтің ұзындығын тап: 4 · 1,5 = 6 (см)

Параллелепипедтің көлемін тап. V = 6,18 · 4 · 6 = 148,32 (см3)





Жауабы: 148,32 см3.

4-мысал. Өрнекті ықшамда және оның мәнін тап.



58x + 13,61 – 35,78x – 11,08, мұндағы x = 4

Өрнекті белгісіз қосылғыштар мен белгілі қосылғыштарды жеке топтастыру арқылы ықшамда:



(58 – 35,78)*х + (13,61 – 11,08) = 22,22x + 2,53

x = 4 үшін 22,22x + 2,53 өрнегінің мәнін тап:

22,22 · 4 + 2,53 = 91,41





Жауабы: 91,41.

Тапсырмалар: №1 Қабырғасы 3,85 см болатын квадраттың периметрін тап.

№2 Санды өрнектердің мәндерін есептемей салыстырыңыз 4,7*3 және 0,47*3

№3 Теңдеуді шеш: x : 2,805 = 3,6 + 2,4

№4 Жай бөлшекті ондық бөлшек көрсетіп , есепте

№5 Биіктігі 4,35 см, ені 6 см, ал ұзындығы енінен 1,5 есе артық болатын параллелепипедтің көлемін тап.

6 Өрнекті ықшамда және оның мәнін тап.

35x + 17,6 – 18,57x – 13,05; мұндағы x = 3

№7 Тиімді тәсілмен есепте:

5,3 · 4 + 23,86 · 4 – 7, 365 · 4 – 5,5 · 4.

№8 Егер AC = 9,8 см, BK = 14,5 см және KC = 4 см болса, ABC үшбұрышының ауданын тап.



№9 Теңдеуді шеш:


Үй жұмысына тапсырмалар







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет