Сабақ нөмірі: 6 Сабақтың тақырыбы: Пропорция (1-сабақ) Мақсаты: пропорцияны оқу және жазу



Дата25.01.2022
өлшемі47,69 Kb.
#114316
түріСабақ
Байланысты:
математика,6сынып,каз,6


Математика пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақ нөмірі: 6

Сабақтың тақырыбы: Пропорция (1-сабақ)

  1. Мақсаты:

пропорцияны оқу және жазу;

пропорция анықтамасын білу;

пропорцияларды ажырату және құрастыру;


  1. Сабаққа теориялық материалдар:

 Пропорция туралы тарихи мәлімет беру.

  Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс  болған еді.

Пропорционалдық тәуелділік архитектура  мен өнерде жиі пайдаланылады. Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем  болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты. Тіпті , Страдивари да ,өзінің ерекше скрипкасын жасағанда пропорцияны пайдаланған. Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.

  Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8:15=96:180  пропорциясын  180     96    15     8 түрінде жазған, ал XVII  ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180  түрінде жазған.

  Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі,өнертапқыш әрі математик Г.В.Лейбниц енгізген.

Сұрақ:


  1. Қатынас теңдігі мен пропорция арасында қандай байланыс бар?

  2. Қандай жағдайда қатынастар бір-біріне тең болады?

сондықтан немесе осындай тура теңдік пропорция.

Анықтама: Екі қатынастың теңдігін пропорция деп атайды.

«а-ның в-ға қатынасы тең болады с-ның d-ға қатынасы»






(мұндағы a b c 0, d .)
Мысалы:

мұндағы бен шеткі мүшелері, пен ортаңғы мүшелері

Тағы да мысал келтірейік:











* Шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерінің көбейтінділерінің мәні тең.





  1. Тапсырмалар оқулықтан:

112, 21-бет

113, 21-бет

117, 28-бет

121, 28-бет

№1. Кестені толтырыңыз:

Пропорция



72 : 6 = 48 : 4

a : b = c : d

Шеткі мүшелері







 

Ортаңғы мүшелері







 

№2. Пропорцияны жазыңдар:


  1. 16 – ның 20 – ға қатынасы 8 – дің 10 – ға қатынасына тең;

  2. 4,2 – нің 6 – ға қатынасы 1,4 – тің 2 – ге қатынасына тең;

  3. 1,5 – тің 3,5 – ке қатынасы 6 – ның 14 – ке қатынасына тең;

  4. – тің 6 – ға қатынасы – дің 4 – ке қатынасына тең;

№3. Мына теңдіктер пропорция бола ма:

  1. 1 : 100 = 3 : 300;

  2. ;

  3. 7 : 5 = 9 : 6;



b)Төмендегі сандардан пропорция құрыңыз:

А) 18; 3; 30; 5



Б) 3,9; 9; 3; 2,7
№5. Төртінші санды тауып, пропорция құрыңдар:

  1. 8; 3; 24; 2) 100; 30; 48;

3) 9; 7; 28; 4) 3,5; 2,4; 4,32.

  1. Сілтеме:

  1. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 1-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 30-33 беттер

  2. Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018

  3. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/proporcziya-proporcziyanyng-negizgi-qasieti?mid=0063d1b0-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

  4. http://www.resolventa.ru/demo/spain/demospain.htm



Әзірлеуші: Матаева Карлыгаш Омирбековна, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет