Сабақ өткізу технологиясы Құрастырған: Нұрғали Мирамкүл Рахатқызы



бет13/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#34628
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1.Жылан інінен қалай шығады?
Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.
2.Қар жана ма?
Қалауын тапса, қар жанады.
3.Инемен құдық қазуға бола ма?
Оқу инемен құдық қазғандай.
4.Ең тәтті не?
Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті
5.Не қорқақ, не батыр?
Көз қорқақ, қол батыр.
6.Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
7.Тауық түс көре ме?
Тауықтың түсіне тары кіреді.
8.Оттан да ыстық не?
Отан оттан да ыстық.
9.Шошқа үре ме?
Ит жоқта шошқа үреді.
10.Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы бес қару.
11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.
12.Жігітті шал деген жөн бе?
Жаман жігіт жасында шал болар.
13.Үлкен сөз, үлкен көз бола ма?
Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен.

3-4 сайыстар қорытындысы әділ-қазыларға сөз.


Келесі бесінші сайысымыз «Синквейн» деп аталады.
5-нші сайыс. Суретке қарап берілген 5 жолды толықтырып өлең шумағын құрастыру керек.
1. Зат есім:
2. Сын есім:
3. Етістік:
4. Толықтауыш:
5. Түйін сөз:
5-сайыстың қорытындысын жариялау үшін әділқазыларға сөз береміз.

ІІІ қорытынды бөлім
Кітапханашның сөзі:
Ал енді жиналған ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Орындарын беріп, марапаттау қағаздары мен сыйлықтарды табыстау.

Міне, осымен «Кітап-ойдың талмас қанаты»атты сайысы да өз мәресіне жетті. Кеште өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыл балаларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Кешімізді қорытындылай келе, мектебіміздің кітапханасы туралы слайдқа назар аударыңыздар.










«Абай ой данасы, қазағымның панасы» атты Абай Құнанбайұлына -қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ағартушы, философқа кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Аумағың Алатаудай, ақын Абай,


Шыңысың ақындықтың, сен Гималай
Кемеңгер ақыл-ойдың данышпаны
Шешені шешендердің бұлбұл таңдай»
С. Серікбаев

Абайдың үлкен портреті ілінді.


І бөлім: «Абайдың асыл мұрасы»
ІІ бөлім: «Абай – ұлы ақын және ағартушы»


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Абай. Қара сөздер. Поэмалар – Алматы, «Атлас», 2001. – 128б.

  2. Абай тағылымы. Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы, «Жазушы», 1986, - 436 б.

  3. Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер. . – Алматы, «Жазушы», 1985, - 176 б.

  4. Абай. Энциклопедия. (Бас ред Р.Н. Нұрғалиев: ред алқасы З.Ахметов., Б.Г. Ерзакович т.б ) . – Алматы, «Атамұра», 1995, - 720 б.

  5. Абай. Перевод с казахского С.Санбаева А – А, 1970 – 128 б.

  6. Сильченко М.С. Абайдың творчестволық өмірбаяны – Алматы, «Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы», 1957 – 294б.

  7. Шыңғыстау. – Алматы. «Өнер», 1991 – 63б

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет