Сабақ өткізу технологиясы Құрастырған: Нұрғали Мирамкүл Рахатқызы



бет8/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#34628
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қорытынды:
«Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті» тақырыбын оқи отырып, бұл сұраққа қалай жауап беріңдер?
Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті – кітапта. Кітап энциклопедиялар (сөз шежірелері), анықтамалықтар, сөздіктер.
Бұл кітапты дұрыс пайдалана білсек, білімді, ізденімпаз, танымы күшті тұлға болатындарыңа сенімім мол. Сіздерге көп сәттіліктер тілеймін!
Кітап-рухани қазына
Мақсаты : оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетіне тәрбиелеу , оның пайдасы мен маңызын ұғындыру.
Білімділікке , ізгілікке, ұқыптылыққа, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : слайдтар,плакаттар,кітап көрмесі,маркер,жалауша


  1. Ұйымдастыру бөлімі

Балалар келген қонақтармен амандасады.
«Әдептілік белгісі
Иіліп сәлем береміз»

Слайд №1 кітап туралы


Жұмбақ
Бір сандық бар өзгеше
Қолыңа алып жүресің
Ішін ашып қарасаң
өмір сырын білесің
(кітап)
Дұрыс-ақ «өмірдегі ең жақын кеңесшің – кітап » дегендей , бүгінгі кешіміз кітап жайлы болмақ. Білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білімнің бұлағы, оны бойыңа сіңіру үшін көп оқу қажет. Енді бүгінгі кешіміздің ерекшелігі , бұл сайыс түрінде өтеді. Ол үшін біздер 2 топқа бөлінеміз де, жеңімпаз топ «Оқырман топ» атағына ие болады.
Олар 1- топ «Ойшылдар»
2-топ «Алғырлар»
Кешіміздің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырамын.
1. Омархан Халида
2 .Нұрғалиева Мейрамгул
3.Нұрмағамбетова Фарида

Кітапты қай топ көп оқитынын, көп білетінін осы кеште байқайтын боламыз.


Кешіміз 4 бөлімнен тұрады слайд № 2

  1. Білім көзі- кітапта – мақал-мәтелдердің жалғасын табу

  2. Оқырмандар ой айтады (оқыған ертегі,әңгімелерінен үзінді) Бұл жерде оқушы айтылған шығарманың авторын айтса ұпай қосу керек.

  3. Кім тез. Оқушыларға жазушылардың фото суреттері көрсетіледі,аты-жөнін табу керек.

  4. Тапқыр болсаң тауып көр. Берілген әріптер тізбегінен сөз құрастыру. Оқушылардың алдына плакат, маркер беріліп, осы берілген сөзден сөздер шығару

Жауап дайын болғанда жалаушаны көтереміз


Кешіміздің соңында біздің кітапхана туралы дайындалған слайдқа назар аударыңыздар слайд №3

Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби танымдық кеш
Кештің мақсаты: О.Бөкейдің жазушылық шеберлігін, рухани келбетін ашу, әдеби тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға тарту. О.Бөкей - адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігін, адамның жан дүниесін зерттеуге талаптанған романтик - жазушы екендігін кейінгі толқынның жадында мәңгі сақтау.
Көрнекілігі: слайд көрсету,қанатты сөздер,О.Бөкейдің портреті.О,Бөкейдің шығармаларынан кітап көрмесі.
О.Бөкей - « очерк жанрының шебері атты» баяндама
О.Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы,Қатонқарағай аудан ы,Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.О.Бөкей – жазушы,драматург.Ол «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы,редактордың орынбасары,қазіргі дидар газетінде әдеби қызметкер,кейін «Лениншіл жас» қазірі «Жас алаш» газетінде, «Жұлдыз журналында» «1977-1983» бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1969 жылы ҚазМУ – бітірген «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың қасқа құлыным», «Мұзтау», «Ән салады шағалалар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Атау кере», «Өз отыңды өшірме», «Құлыным менің», «Кербұғы», «Сайтан көпір» атты шығармалары. 1986 жылы « Кербұгы » әңгімесінің желісі бойынша балет спектаклі қойылды.Оралхан Бөкейдің шығармалары бұрынғы КСРО және көптеген шетел халықтары тілдерінен аударылған.

Көрінуші ең көнелердің көзіндей,


Жазғандарың - қара өлеңнің сөзіндей.
Асқақ едің,атақты едің,нар едің –
Туған өлкең – ор Алтайдың өзіндей, -

О.Бөкейдің 70 жылдығына байланысты жазушының шеберлігін рухани келбетін ашатын іс – шаралар өткізілді. Соның бірі «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнын ашу.


Оқушылар шығарманың толық мазмұнын ашып көрсетті,осы шығарма бойынша сұрақтар қойылды.
1.Әңгіме неге « Тортай мінер ақбоз ат» деп аталады?
2.Тортай қандай бала?
3.Тортай мен Ораштың шынайы достығы туралы не айтасыздар?
4.Тортайдың дүниеде пір тұтқан жалғыз нәрсесі не?
5.Егер сендер автордың орнында болсаңдар қандай ат қояр едіңдер?
Поэзия минуты (суреттерін көрсетіп О.Бөкей туралы ақын-жазушылардың жазған өлеңдерінен мәнерлеп оқу)
О.Бөкей шығармаларынан монолог оқу (оқушыларға суреттер көрсету)
«Алтайдан ұшқан ақиық» атты кітап көрмесімен таныстыру.
Қорытынды: Қорыта келгенде, өмірден ерте кетсе де артына мол әдеби мұра қалдырған.
Оралхан Бөкей философ, публицист, драматург, алты Алашты аузына қаратқан «Қара сөздің хас шебері» О.Бөкей есімі кейінгі толқынның жадында мәңгі сақталады. Ақын М.Айтқожина апамыздың О.Бөкейге арнаған жыр жолдарымен аяқтаймыз.









Кітап – ойдың талмас қанаты



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет