Сабақ Оқу ісінің меңгерушісіА. Сарсеналиева Әбж а. Рахметова Пәні: Бейнелеу өнері Күні



Дата25.08.2017
өлшемі220 Kb.
#26964
түріСабақ
1 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Түстану, «Күзгі гүлшоғы» (гуашь) туындысындағы түстік және реңтік үйлесім.(кескіндеме)

Сабақтың мақсаты: а)композиция мен түстердің кескіндемелік және көркемдік мүмкіндіктері туралы түсінігін тереңдету, жарық пен көлеңке заңдылығы туралы қарапайым түсінігін қалыптастыру, оқушылардың көркем- графикалық білігін қалыптастыру;

ә)оқушылардың композиция заңдылықтары туралы білімін дамыту, балалардың шығармашылыққа деген талпынысын және түсті көңіл- күйді білдіретін тәсіл ретінде эмоционалды қабылдау білігін дамыту;

б) қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым- қатынасының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың әдісі: Қайталау, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: күзгі жапырақтар, жеміс- жидектер мен көкөністер, альбомдық қағаздар, гуашь, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам, су құюға арналған кішкене банка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.

Қолайлы эмоционалды жағдай жасау үшін оқушылармен күзгі түстер туралы әңгіме жүргізу.



ІІ. Жаңа сабақ.

Натюрморт- бұл мағынасы жағынан біртұтас композицияға біріктірілген жансыз заттар тобы.

Натюрморт жасау кезеңдері:


  • Натюрмортта бейнеленген заттар тақырыптық тұрғыда үйлесуі керек.

  • Натюрморттың композициясы табиғи болуы тиіс. Натюрморттың заттарын дүкен сөрелеріндегідей етіп бір қатарға тізіп қоюға болмайды.

  • Заттардың орналасуы тұтастай алғанда, мағынасы, көлемі мен түсі жағынан үйлескен топ құруы тиіс.

  • Натюрмортта түстің де атқаратын рөлі бар. Заттардың түсі ортақ реңк пен бояуға бағынуы тиіс.

ІІІ. Машықтық кезең.

Оқушыларға өздері құраған натюрмортты салуға тапсырамыз. Балалар өз бетінше орындаған жұмысында келесі қағидаларды ескерту керек:



  • Қағаздағы суреттердің дұрыс үйлесуі өте маңызды;

  • Сурет бояу қабатының астынан көрініп тұрмайтындай жіңішке сызықтармен салынуы тиіс;

  • Сурет салу кезінде ұсақ бөлшектерді тым ерекшелемеу керек, олай болса, композициялық үйлесім болмайды;

  • Жұмысты орындауда ашық, бірақ тым дарқырап көзге түсетіндей емес түстерді қолдану керек, сурет үйлесімді болуы тиіс.


ІҮ.Қорытындылау.

Сабақта оқушылар өз бетінше натюрморт жасауды және оны құру мен салу кезеңдерімен танысады.



ҮІ.Үйге тапсырма.

Балалардың жұмысын талдап, ең әдемі, айқын, шынайы жұмыстарды ажыратып, бағалаймын.



2 сабақ

Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі туралы «Менің Қазақстаным» (гуашь) сюжетін жасау.О.Таңсықбаев, В.Поляков,А.Исмаиловтың шығармашылығы. (кескіндеме)

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың көркем- графикалық білігі- акварель кескіндемесі тәсілдерінің көркемдік мүмкіндіктерін үйрету;

ә)Композицияда пейзаждың негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту;

б) Балалардың патриоттық, туған таьиғатқа сүйіспеншілік және қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Қайталау, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: Көркемдік материалдар- альбомдық қағаздар, жай қарындаштар, өшіргіш, акварель, қылқалам, су құюға арналған кішкене банка.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.

Оқушылармен Қазақстан табиғаты бейнеленген фотосуреттер мен көшірселерді талқылау барысында балаларға туған өлкесінің табиғаты туралы әсерлерімен бөлісу



ІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларға туған өлкесінің табиғаты, серуендегенде немесе қала сыртына шыққанда байқаған табиғат көріністері, олардан алған әсерлерімен бөлісу қажет. Табиғат көріністерін тек тамашалап қана қоймай, өз бақылауы мен естеліктері бойынша пейзаж салу керек. Табиғат бейнеленген картиналар пейзаж деп аталады. Суретті салу кезеңдері:



  1. Бірінші кезең- табиғатты бақылау. Суретші көргенінің бәрін қайталап салмайды, жақсфлап ойластырып, ең бір жарқын, көрнекті пейзажды таңдайды, демек, композиция бойынша жұмыс істейді.

  2. Екінші кезең- табиғаттағы түстерді бақылау. Суретші түс арқылы табиғаттың күйін енғұрлым дәл бере алса, пейзаж соғұрлым қанық болып шығады.

  3. Үшінші кезең- пейзажды салу жұмысы. Табиғаттан өз бақылауы бойынша алған әсерлері және композиция, перспектива, түстану, жарық пен көлеңке заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, өз туындысын жасайды.

ІІІ. Машықтық кезең.

Оқушыларға өз өлкесінің табиғатын бейнелеу тапсырылады.Ауызша сурет салу тәсілі арқылы оқушылылар өз суреттерінің композициясын анықтайды.Кестені пайдала отырып, балаларға кеңістіктік перспектива ережелерін ескерту қажет: алыстағы нысандарды жақынырақ, жақындағыларын қанығырақ етіп береміз. Сондай- ақ жарық пен көлеңке заңдылықтарын қолдануды үйренеміз: суық түстер нысандарды бір- бірінен қашық етіп көрсетсе, жылы түстер оларды жақындастырады.



Ескерту!Пейзажды әртүрлі планмен салу үшін жақын орналасқан нысандарды қағаздың төменгі жағына, көрерменге жақынырақ етіп салу керек. Бұл- алдыңғы план. Жақын орналасқан заттарды үлкен, ашық түспен, ұсақ бөлшектеріне дейін көрсетіп саламыз. Басқа нысандарды сәл әрірек, демек, қағаздың жоғары жағына саламыз. Олар сәл кәшәлеу болады. Бұл- ортаңғы план. Одан кейін тым алыста орналасқан заттарды қағаздың жоғары жағына саламыз. Бұл- артқы план.

ІҮ.Қорытындылау.

Сабақта оқушылар акварельмен жұмыс істеу тәсілдерін тереңірек меңгерді. Акварель бояулары жасыл желектердің қою түсін, көк аспанды, сондай-ақ күн сәулесі мен суық түстерді беруге көмектесетінін ұғындыңдар.



ҮІ.Үйге тапсырма.Балалардың жұмысын талдап, оқушылар пейзаждағы кеңістік пен тереңдікті, сондай- ақ оған түсіп тұрған жарықты қалай бергеніне байланысты бағалау.

3 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй-қазақ халқының ежелгі дәстүрі баспанасы. «Киіз үй» клакетаксы(сазбалшық) (Сәулет)

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларды ұлттық сәулет өнерімен таныстыру, сазбалшықпен жұмыс істеудегі сәндік тәсілдерді түсіндіру;

ә)Жапсырумен байланысты дағдылар мен біліктерді дамыту, стильдендіру туралы түсінігін бекіту, мүсіндік дағдылары мен біліктерін жетілдіру, назар аудару және бақылағыштықты, қол моторикасын дамыту;

б)Балалардың патриоттық, халықтық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қатырмақағаз, сазбалшық, үшкір таяқша, ермексазбен жұмыс істеу кезінде төсеуге қажет клеенка немесе арнайы тақтайша.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

  2. Жұмыстарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларға киіз үй бейнеленген картина, фотосурет көшірмелері ұсынылады. Олардың киіз үй туралы не білетіндері сұралады. Балаларды қазақтың дәстүрлі баспанасы- киіз үй құрылысының тарихы және құрылысының ерекшеліктерімен таныстырамыз.

Киіз үй- көшпенділердің ғажап туындыларының бірі, қолайлы, жиналмалы баспана. Табиғатты табиғи баспана санаған көшпенділер үйлерін табиғи заңдар бойынша салған. Шеберліктерін шыңдап, ата- бабаларының тәжірибесін байыта отырып, қазақ халқы баспанасын көші- қонға, жинап, қайта құруға қолайлы етіп жасаған. Киіз үй жабдықтары мен заттарын бір түйе, екі атқа артып көше берген. Оның құрылымында көшпенді өмір салтының ерекшелігі көрініс тапқан. Киіз үй жазда қапырық ыстықты кіргізбей, қыстыгүні ызғарлы суықты өткізбей, күзде жауыннан сақтаған.

Осылай киіз үй туралы мәліметті бере келе, оқушыларға бүгінгі тақырыпты түсіндіреміз.

«Киіз үй» тақырыбындағы жұмысымызды сәндік бедер техникасы бойынша орындайтынымызды түсіндіреміз. Бедер үлгісін көрсетіп, оқушылардың назарын оларға таныс стильдендіру және жинақтау тәсілдеріне аударамыз.

Бедер- мүсіннің бір түрі, бедердегі кескін жазыққа орналасады және жартылай көлемді болып табылады.



ІҮ. Машықтық кезең.

Оқушыларға жұмыстың орындалу ретін көрсету:

- өз бедеріміздің өңін дайындаймыз- бір уыс сазбалшықтан негіз- плинт жасаймыз;

- балшықты тақтайшаға жаймарлаймыз (қалыңдығы 3-5 мм);

- жаймарланған балшық бетіне үшкір затпен киіз үй кескінін түсіреміз, оын белгіленген сурет бойынша кесіп аламыз;

- негіз- плинтті аздап сумен шылаймыз;

- киіз үйді ептеп ұстап, өңге (негіз) қоямыз, үшкір затпен оның бөліктерін айшықтап, өрнек түсіреміз.

Ү.Қорытындылау.

Соңында қорытындылап, балалардың жұмысын үстелге қоямыз. Бұл оқушыларға оларды салыстырып, бағалауға мүмкіндік береді.



ҮІ.Үйге тапсырма.

Балалардың жұмысын талдап, бағалау.



4 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй-қазақ халқының ежелгі дәстүрі баспанасы. «Киіз үй» клакетаксы(сазбалшық) (Сәулет)

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларды ұлттық сәулет өнерімен таныстыру, сазбалшықпен жұмыс істеудегі сәндік тәсілдерді түсіндіру;

ә)Жапсырумен байланысты дағдылар мен біліктерді дамыту, стильдендіру туралы түсінігін бекіту, мүсіндік дағдылары мен біліктерін жетілдіру, назар аудару және бақылағыштықты, қол моторикасын дамыту;

б)Балалардың патриоттық, халықтық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қатырмақағаз, сазбалшық, үшкір таяқша, ермексазбен жұмыс істеу кезінде төсеуге қажет клеенка немесе арнайы тақтайша.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

  2. Жұмыстарын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Ертеде қалыптасқан қазақ қолөнерінің барлық түрі киіз үйдің ішін безендіруде қолданылған. Мұнда түрлі- түсті ою- өрнек, ағашты ойып өрнек түсірудің фактуралық және пластикалық түрлері, текеметтің бетіне салынған кестелер, тоқылған ши, былғары мен металдан жасалған бұйымдар үйлесе орналастырылған. Сөйтіп, қазақ баспанасында түс пен сызықтар қайталанбас үйлесім тапқан.

Киіз бен солқылдақ шыбықтан жасалған бұл баспананың қайталанбас келбеті бүгінде әрбір қазақстандық үшін Отанның символына айналды. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі- шаңырақ мемлекеттік символикада көрініс тапты. Шаңырақ барлық уақытта адамның өмір мен дүние туралы түсінігінің, ұрпақтар сабақтастығы мен аспан денелерінің символы болған.
ІҮ. Машықтық кезең.

Өз бетінше жұмыс кезінде:

- сазбалшықпен дұрыс жұмыс істеу;

- материалды тиімді пайдалануда негізгі бөліктерді дұрыс орналастырып, бекіту кезінде балаларға көмектесеміз.


Ү.Қорытындылау.

Соңында қорытындылап, балалардың жұмысын үстелге қоямыз. Бұл оқушыларға оларды салыстырып, бағалауға мүмкіндік береді.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Балалардың жұмысын талдап, бағалау.




5 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Әлемдік өнердегі ою-өрнектің негізгі үлгілері.Ою-өрнектің символикасы. Шығармашылық өрнек композициясы

Сабақтың мақсаты: а)ою- өрнек туралы білімін бекіту, шығармашылық елестету қабілетін белсендіру; көркемдік талғамының дамуына ықпал ету.

ә)сәндік нақыштарды беруде графикалық біліктерді дамыту.

б)балалардың патриоттық сезімін ояту, халыө өнеріне сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: альбомдық қағаздар, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

  2. Жұмыстарын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ.
Ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттарды көре отырып, сәндік- қолданбалы өнер – халықтық өнер екенін түсіндіру. Ал халық тұрмыс заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішін мен сипат береді, сол заттардағы әсемдікті ашып көрсетіп, оны ұрпақтарына жеткізуге тырысқан.

Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың пайдалы ғана емес, сәнді болуына да мән берген. Тұрмыс заттарын сәндеуде халық суретшілері өрнектің түрлі үлгісін ойлап тапты.

Ою-өрнектер негізі табиғаттан алынады. Өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар, тастар, су, бұлттар- айналаны қоршаған табиғат адамға ою- өрнектің сансыз үлгісін көрсетті.

Өрнек бір немесе бірнеше сәндік элементтерден тұрады. Бұл элементтердің әртүрлі үйлесімі негізінде өрнектің негізгі үш түрі қалыптасты- тұйық, жолақты, керегекөз.



Тұйық өрнек- ою элементтерінің топтасып, тұйық қозғалысты құрауын юілдіреді.

Жолақты өрнекте сәндік элементтер жолақ ішінде өзара үйлескен ырғақты қатар құрайды.

Керегекөз өрнекте элементтер қайталана отырып, торкөздер құрайды.
ІҮ. Машықтық кезең.

Оқушыларға өрнек үлгілері негізінде өз бетінше өзіндік ою- өрнек композициясын жасауды ұсыну.



  • Ою- өрнектің суретін салуда кескінді қағазға дұрыс орналастыру,

  • Өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отырып салу.

  • Өрнек элементтерін бояй отырып, суреттің түстік үйлесімін естен шығармау.


Ү.Қорытындылау.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындыланады.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Балалардың жұмысын талдап, бағалау.



6 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық дизайн.Сурет композициясымен мәтін мазмұнының өзара байланысы.(Қаріп өнері)

Сабақтың мақсаты: А)қаріп туралы білімін бекіту, шығармашылық елестету қабілетін белсендіру.

Ә) графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту- түзу, штрих, таңбамен жұмыс істеу.

Б)оқушылардың қоршаған шындыққа және графика өнеріне эстетикалық қарым- қатынасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: альбомдық қағаздар, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

2.Жұмыстарын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Графика сөзі гректің «жазамын, бейнелеймін» деген сөзінен шыққан. Бұл атаудың өзі жазу мен суреттің арасында көп байланыс бар екенін көрсетеді. Суретші қағазға жазу құралы- қауырсын, қарындашпен сурет салады. Графиканың негізін жазщу құрайды: қаріптің әрбір кескінінің сипаты ол орындалатын құралға байланысты, орындаудың әрбір техникасы қаріптің белгілі бір түріне сәйкес келеді.

Мәтінді талдай отырып, оның композициясы, ырғағы, түстік шешімі, кескіндік сипаты- көркем туындыға тән ерекшеліктері туралы айтуға болады. Қаріп- жазудың әліпбилік таңбасы ғана емес, графикалық өнердің бір саласы болып табылады.

Көптеген суретші қаріп үлгісін жасап шығу үшін еңбектенді. Олардың еңбегі мен шығармашылығының арқасында бүгінде әрбір қаріп қайталанбас өзіндік көркем кескінге ие.

Әріптердің таңбалануы, сөздерген құралған жолдарға орналасуы, қаріптік жазбалардың композициясын жасау білім мен білік қана емес, көркемдік талғамды да талап етеді.



ІҮ. Машықтық кезең.

Гельді қаламмен бейнелеуді бастаймыз. Оқушыларға суретте күңгірт түсті тым көп пайдаланбай, ерекше күңгірт тұстарда (таңба) ғана қалдыруын ескертеміз. Бейкенің кескіні (сызықтар) қалыңдығын өзгертіп жіберуі мүмкін, кейбір тұстарын штрихтау арқылы күңгірттеу еткен дұрыс.


Ү.Қорытындылау.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындыланады.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Сөздің «сипатын» барынша анық та қызық етіп берген үздік жұмыстар бағаланады.



7 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр мүсін.Жануарлар жайлы ертегілердің желісі бойынша екі не үш фигурадан тұратын композиция (ермексаз)

Сабақтың мақсаты: А)Көлемді кескін бойынша, түрлі мүсіндік материалмен (тас, сазбалшық, ағаш, ермексаз, шыны, фарфор, металл, бетон) жұмыс сітеу туралы түсінік беру.

Ә) Суретші- мүсіншінің жұмысымен таныстыру; шығармашылық қаюілет, көркемдік мәдениетті дамыту; табиғатты бақылау дағдысын дамыту.

Б) Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым- қатынас қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақтайша, ермксаз, қылқалам, шүберек, су құюға арналған кішкене ыдыс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

2.Жұмыстарын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бұл сабақта біз мүсін туралы әңгімені жалғастырамыз.Латын сөзі sculptura- «қиып алу», «қашау» деген мағына береді. Мүсіннің көлемі мен пішіні болатындықтан, бұл туындыларды барлық қырынан қарауға болады. Мүсінші қиып алады, ойып, туындыны қатты материалдан жонып немесе олардан гөрі жұмсақ, иілгіш материалдан қашап жасайды. Мүсінші туындыны артық массаныв алып тастау немесе керісінше массасын үлкейту арқылы, құю тәсілімен жасайды. Мүсін боялған немесе реңк берілген болуы мүмкін.

Оқушылардан мүсінші пайдалана алатын материалдардың атауы және олар туралы білетіндерін сұраймыз.

Әр оқушы өзінің сүйікті үй жануары туралы, оның мінезі мен қылықтары туралы айтып беруі сұралады.

Ермексаздан екі не үш фигурадан тұратын композиция- кейіпкерлердің жұмыр мүсінін жасаймыз. Жұмысты композициядан бастау керек. Біздің мүсініміз жай ғана қатар орналасқан заттар емес, өзара үйлескен топ. Демек, қозғалыс та, қимыл да- барлығы мүсіннің басты идеясына бағынуы керек.


ІҮ. Машықтық кезең.

Мүсінді жасау жұмысының кезеңдері:

1) Жапсыруды кескін көлемін анықтап, жинақталған пішіндерді көлемді етіп тұрғызудан бастау керек. Бастапқы көлемді шағындау ету керек, өйткені ермексазды шетінен жапсыра бастағанда пішін біршама үлкейеді.

2) Көлемді нақтылап, жалпы сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін, пропорционалды қатынастарды анықтаймыз.

3) Әрі қарай жалпыдан бөлшектерін нақтылауға, негізгіден қосымшаға өте бастаймыз. Жапсыру кезінде жекелеген бөлшектерқай бөлігін құрайтынын түсіну үшін оны тұтас алып қарау керек.

4) Композицияны жапсырудың соңғы кезеңі- тұтас көлемнің бөлшектерін пысықтау. Мұны көлемді дененің сырт пішінін «кескіндей» әрі сипай отырып, қылқаламмен жасайды.



Ү.Қорытындылау.

Оқушылардың өз бетінше жұмысы. Ортақ қателіктерді талдау және пішіндеу мен қимылдарды нақтылау.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындыланады.
ҮІ.Үйге тапсырма.

Пропорцияны дұрыс сақтау, қимыл- қозғалысты дұрыс беру, ұсақ бөлшектерді анық етіп беру, жалпы көркемдігі мен тұтастығын ескере отырып, оқушылар жұмыстары бағаланады.



8 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық заттардан жасалған натюрморт. (Графика)

Сабақтың мақсаты: А)Композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу, сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Ә) Графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

Б) қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым- қатынасының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: альбомдық қағаз, жай қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

2.Жұмыстарын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың басында бірнеше қарапайым заттан натюртморт құрастырамыз. Оқушыларға олардың пішіні барлық жағынан толық көрінетіндей етіп топтастыруды тапсырылады.

Оқушыларға натюрмортты затқа қарап отырып салатынымызды түсіндіру керек. Күрделі заттарды салуға кіріспес бұрын қарапайымдарын қалай салу керектігін түсіну керек. Натюрморт салуда бір заттардың кеңістікте қалай орналасатынын, олардың пропорциясы мен пішінін қалай беру керектігін көрсетеміз. Сондай- ақ «Сызықтық перспектива» кестесін пайдалана отырып, сызықтық перспектива ережелерін қолдану керек.


ІҮ. Машықтық кезең.

Ең алдымен натюрмортты мұқия бақылап, заттардың биіктігін енімен салыстыр. Бұл натюрмортты қағаз бетіне тігінен және көлденеңінен қалай орналастыруға болатынын көрсетеді. Жай қарындаштың көмегімен натюрморттың жалпы биіктігі мен енін жіңішке сызықтармен белгілеп ал. Сосын осы жерге әрбір заттың орны мен көлемін белгіле. Заттардың өзара биіктігі мен көлемін салыстыра отырып, әр заттың пропорциясын анықта.

Заттардың суретін сала отырып, ортаңғы, төменгі және жоғарғы сызықты белгіле. Ұсақ бөлшектеріне тоқталмастан бұрын, әр заттың жалпы пішінін келтір. Заттардың көлемін тағы тексеріп, нақтылап ал.
Ү.Қорытындылау.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындыланады.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Затты барынша шынайы суреттеген үздік жұмыстар атап өтіліп, бағаланады.



9 сабақ
Оқу ісінің меңгерушісіА.Сарсеналиева ӘБЖ А.Рахметова

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Суретті салу заңдылықтары, суреттегі жарық пен көлнеңкенің арақатынасы.(Жай қарындаш).

Сабақтың мақсаты: А)Композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу, сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Ә) Графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

Б) қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым- қатынасының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: альбомдық қағаз, жай қарындаш, өшіргіш.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасау.

2.Жұмыстарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ең алдымен натюрмортты мұқия бақылап, заттардың биіктігін енімен салыстыр. Бұл натюрмортты қағаз бетіне тігінен және көлденеңінен қалай орналастыруға болатынын көрсетеді. Жай қарындаштың көмегімен натюрморттың жалпы биіктігі мен енін жіңішке сызықтармен белгілеп ал. Сосын осы жерге әрбір заттың орны мен көлемін белгіле. Заттардың өзара биіктігі мен көлемін салыстыра отырып, әр заттың пропорциясын анықта.

Заттардың суретін сала отырып, ортаңғы, төменгі және жоғарғы сызықты белгіле. Ұсақ бөлшектеріне тоқталмастан бұрын, әр заттың жалпы пішінін келтір. Заттардың көлемін тағы тексеріп, нақтылап ал.

Жарық пенк көлеңкеге ерекше мән беру керек. Оқушылармен бірлесе отырып, заттардың жарық тұстарын, жартылай көлеңкені, заттарға түскен және заттың өз көлеңкесін анықтау.


ІҮ. Машықтық кезең.

Суретті затқа қарап салудың кезеңдеріне сәйкес жұмысты орындау.


Ү.Қорытындылау.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындыланады.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Затты барынша шынайы суреттеген үздік жұмыстар атап өтіліп, бағаланады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет