Сабақ Практикалық сабақтың тақырыбы Инклюзивті білім беру моделі



Дата08.02.2022
өлшемі16,78 Kb.
#123072
түріСабақ
Байланысты:
Практикалық сабақ 2
тозим мен табандылык, руский 2 сем 5 сро(1)

2 Практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы Инклюзивті білім беру моделі


Практикалық (семинарлық) сабақтың мақсаты мен міндеттері: инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен және талдай білуге үйрету.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.


Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта


Оқытудың әдістері мен түрлері: Дөңгелек үстел, “Үлкен шеңбер”, « Аквариум» әдісі, «Пікірталас» әдісі, “Миға шабуыл” әдісі, “Іскерік ойын” әдісі, Психологиялық консилиум, Кеңес беру, тренинг.


Деңгейлік тапсырмалар:
Күрделі деңгей: Инклюзивті білім берудің ерекшелігін сипаттаңыз. Орта деңгей: Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығын анықтаңыз
Жеңіл деңгей Инклюзивті білім берудің мақсаты, міндеттерін айтып беріңіз
ОБӨЖ тапсырмалары:
Инклюзивті білім беру курсы курс бойынша терминдік сөздік құрастыру тақырыбында ОБӨЖ тапсырмасын орындау.
БӨЖ тапсырмалары:
Шетелдердегі инклюзивті бб тақырыбында БӨЖ тапсырмасын орындау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Жұбаназарова Н.С. Денсаулық психологиясы. Оқу құралы. -Алматы: Қазақ унив-ті, 2018. -116 б.
2. Бримбетова Н.Ж Инклюзивное социальное развитие ргионов Казахстана: методы оценки и анализ:брюшира. -Алматы: ин-тут эконом. КН МОН РК, 2016. -45с.
3. Айтметова Г.А . Тірек-қимыл жүйесінің зерттеу әдістері. -Түркістан: Тұран, 2018. -96 б.
Қосымша:
1. КононоваС.И. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға математиканы окыту әдістемесі. Оқулық, Эверо, 2014
2. Бгажнокова И.М. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқу құралы, Эверо, 2014.
3. КононоваС.И. Денсаулық психологиясы. Оқуқұралы,Эверо, 2015.
4. Александрова Л.Ю. Теория и практика инклюзивного образования. Учебное пособие. Эверо, 2016.
5. Карасева Е. Инклюзивное обучение и воспитание детей дошкольного возраста с ограниченными возможностями здоровья (методические рекомендации). «Русское слово-учебник», 2014, -64 стр.
6. Танцора С.Ю.Индивидуальная образовательная программа в условиях инклюзии. «Сфера», 2016. - 64 стр
7. Бгажнокова И.М. Преемственность между дошкольным и начальным школьным образованием детей, испытывающих трудности в обучении. Монография, Эверо, 2016.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет