Сабақ. Призма. Параллелипипед. Пирамида. Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері: 1 табандары тең 2 табандары параллель жазықтықтарда жатады



бет1/5
Дата14.04.2020
өлшемі320,86 Kb.
#62453
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Призма. Параллелипипед. Пирамида
таблица сурдо, физика
Жаңа сабақ. Призма. Параллелипипед. Пирамида.

Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:

1) табандары тең

2) табандары параллель жазықтықтарда жатады

3) бүйір қырлары параллель және тең. Көлбеу призма. Тік призма.



Екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпбұрыштар, ал қалған жақтары осы көпбұрыштармен ортақ қабырғалары бар параллелограмдар болып келген көпжақты призма деп атайды. Призманың құрам бөліктері ABCD және A1B1C1D1 - көпбұрышты призманың табандары, қалған жақтары бүйір жақтары, олардың бірігуі призманың бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары деп аталады. Призманың бір жағында жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні призманың диагоналі деп атайды. Бір табанның нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляры призманың биіктігі деп аталады. Табан қабырғаларының санына байланысты призма үшбұрышты, төртбұрышты , ... , n бұрышты деп аталады.




Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп,ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса,көлбеу призма деп аталады.



Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады.
Тік призманцң бүйір беті:
Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады: S=pһ
Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі,  һ-призманың биіктігі
Призманың толық беті:
Призманың толық беті (толық бетінің ауданы) бүйір бетімен табандары аудандарының қосындысына тең болады. S=ph+2Sт    Мұндағы: ph-призманың бүйір беті, 2Sт-  призманың табан аудандары (астынғы және үстіңгі табандары)
Призманың көлемі:Кез келген призманың көлемі оның табан ауданын биіктігіне көбейткенге тең болады. V=SH  Мұндағы: V-призма көлемі,S-призманың табанының ауданы,H-призманың биіктігі.
V. Есептер шығару: 1.Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және оның табан жазықтығымен жасайтын бұрышы 300 - қа тең. Призманың биіктігін табыңыз. 2. Тік призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келген тікбұрышты үшбұрыш.Егер призманың биіктігі 7 см болса, оның толық бетінің ауданын табыңыз. 3. Үшбұрышты дұрыс призманы бүйір жағының диагоналі d-ға тең және табан жазықтығымен ᵠ бұрыш жасайды. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар





Есеп 2.Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см,ал биіктігі 14 см.Призма диагоналын тап.






Есеп 3. Дұрыс төртбұрыш призманың диагоналы 2см және табанына 30 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын тап.


   Есеп 4. Дұрыс дөрт бұрыш призманың диагоналы  2- ке тең де, бүйір бетіне 30 градус  бұрыш жасайды.Призманың көлемін тап.

.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет