Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Үй құстары» тақырыбына дидактикалық ойындарды енгізу арқылы жүргізілетін сабақтың жоспары. Білімдік



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,79 Mb.
#30120
түріСабақ
1   2   3

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қанатымызды жаяйық.

Құстар сияқты ұшайық,

Орнымызға қонайық.

Балалар сергіту сәтін өткізеді.



Тәрбиеші:

- Балалар, Тапқышбек атайдың екінші тапсырмасында тағы да суреттен әңгіме құрау ұсынылған. Мына суретке назар аударалық.

-Дастарханда көп тағамдар орналасқан. Солардың қайсысын үй құстары қорек етеді, атап өтейік.



-Балалар үй құстары қорек ететін тағамдардың аттарын атайды, ойларын білдіреді.


Тапқышбек атайдың сөзі:

-Балалар, сендерді қатты ырза болып тұрмын, сабаққа керемет әзірлік жасапсыңдар, өте белсенді екенсіңдер. Рахмет, мен тағы да баратын мектептерім бар, тағы да келемін басқа сабақтарыңа, бүгін тәрбиеші сендерді өте жоғары бағалайды деп ойлаймын.

Шығармашылық бағыттағы ойын: Дүкенде «Атын ата» желілі - рөлді ойын - балалар кодоскоп арқылы көрсетілетін құстардың аттарын т атайды. Әр құстың қандай өнім беретінін, қандай пайдасы бар екендігін баяндайды. Мысалы: Тауық, үйрек жұмытқа әкеледі, қаздың еті дәмді болады.

Тәрбиеші:

-Балалар, күзде де, жазда да, көктемде де табиғат – Анамыздың төңірегінен орын алатын қандай құстарды білесіңдер?

-Балалар атайды. Ал, үй құстарының дала құстарынан қандай айырмашылықтары бар екендігін білеміз бе?

Тәрбиеші:

- Ендеше, мына үй құстарының атауларына назар аударайық. Қандай дауыстар шығаратындығын еске түсіре отырып, сызықтар бойынша байланыстырайық.

Сөздерді сызықпен байланыстыр:



Әтеш: қыт-қыттайды.

Тауық: қаңқылдайды

Қаз: бақылдайды

Үйрек: кукарекулейді

Бұл жұмысты оқушылар іске асырып, әр құстың дауысы мен қимыл-қозғалыстарын салады.



Дидактикалық ойын: «Тыйым сөздер»мен «Қанатты сөздерге» орын берейік.

Ойын шарты:

-Балалар шеңбер жасап, оралған жіпті тарқата, бір-біріне береді. Жіпті тарқатып ұстаған бала бір тыйым сөз немесе қанатты сөз, яғни мақал – мәтел айтуы қажет. Қанатты немесе тыйым сөз «Құстар» тақырыбына қатысы болмақ.

1. Құсты атуға болмайды.

Суға түкіруге болмайды.

2.Үй құстары – баршаның достары.

Тілдерін дамыту тапсырмасы. Тәрбиеші сурет ұсынады, балалар үй құсына қатысты сөйлемдер құрап, ойларын баяндайды.

«Сиқырлы суреттер» деп аталатын дидактикалық ойынды өткізу.
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту, тілдерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. 


Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары дамиды
«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, ойларын ұштау.


Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

Сабақты тәрбиешінің қорытындылауы, бағалау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі «Үй құстары» атты сабаққа жақсы дайындықпен келіпсіңдер, көңіл-күйлерің де жақсы. Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа «жұлдызша» ұсынамын. Барлығың белсенділік танытып, үй құстары туралы көп білетіндіктеріңде байқаттыңдар.





Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет