Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ


V. Бекіту. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою. Тапсырмалар



бет14/18
Дата23.05.2017
өлшемі5,41 Mb.
#16587
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

V. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша пікірлесетін сұрақтар құрандар.

2. Мәтіннен табиғатқа қатысты сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
4-тапсырма. Берілген сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына қарай талдау.

Үлгі: ұқыптылықпен – ұқып – түбір, -ты – сөз тудырушы жұрнақ, -лық – зат есім тудыратын жұрнақ, -пен – көмектес септігінің жалғауы.

Жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық.
VI. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, пікірлесу

1. Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием. (Дж.Байрон)

2. Табиғат қарапайым да біртұтас бірегейлігімен-ақ ғаламат көрікті. (Р.Фейнмен)

3. Табиғи дүниенің бәрі сұлу. (Н.Г.Чернышевский)
VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.


2-сабақ

Тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Аударма сөздік бойынша мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп оқу. Әңгіменің негізгі ойы бойынша пікірлесу.
«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Алмабектің жасаған қылығы туралы оқушылардан пікір алмасады. Әр оқушы өз ойын айтады. Табиғатқа деген жанашырлығы туралы айтады. Адам мен табиғаттың байланысы туралы ашып айтады.
2-тапсырма. Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесі бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей

1. Мәтіннің негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар дайындаңдар.

2. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қандай сөз табына жататынына сипаттама беріңдер.

3. Мәтіннен бұйрық райда тұрған етістіктерді теріп жазып, қандай жақта тұрғанын анықтаңдар.
ІІ деңгей

1. Мәтіннен негізгі мазмұнын анықтайтын сөйлемдерді табыңдар.

2. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар.
І деңгей

1. Мәтінді әңгімелеп, өз ойларыңды білдіріңдер.

2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жазыңдар.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райға қойып жазу.

Жүгіре жөнелді – жүгіре жөнел! Болды – бол!

Естілді – есті! Жүгіру – жүгір!

Беремін – бер! Қопсытты – қопсыт! Ақтады – ақта!
V. Сабақты қорытындылау. Автор орындығы:

«Адам мен табиғат байланысы» деген тақырыпқа шағын эссе жазып, жазғандарын ортаға шығып, орындыққа отырып оқып береді.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
86-3-сабақ

Тақырыбы: Таудың пайда болуы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Таудың пайда болуы туралы мәліметтермен танысып, сұрақтарға жауап беру.

Сөздік:

Көтеріңкі – возвышенный өркештеу – горбиться

заңғар – высочайший құзды – скалистый, с утесами

түзілу – образоваться жаншу – придавить

тау қаптары – горные складки қозғалыс - перемещение

Сұрақтар:

1. Тау деген не?

2. Таулар қалай пайда болған?

3. Таудың биік басына қарай климат қандай болады?

4. Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер?
2-тапсырма. Тауға қатысты сөздердің мағынасын біліп алу. Сөйлемдерді жазып алу.

1. Шың – таудың ұшар басы, биік жері.

2. Төбе – топырақ, құм немесе тастан үйіліп қалған биік дөң, шоқы.

3. Қойнау – жан-жағы биік тау немесе қырат, жоталармен қоршалған жазық.

4. Бөктер – таудың биік қапталының, жотаның жоғарылау баурай жағы.
3-тапсырма. «Шың» сөзінің шыққан тегімен танысу.

Шың – таудың ең биік, ұшар басы. Ертеректе «шың» сөзінің мағынасы басқаша болғанын кейбір түркі тілдері арқылы білеміз. Мысалы, якут тілінде «чаацы» тұлғасындағы сөз біздің түсінігіміздегі «жалаңаш жартас» дегенді ұғындырған. Ал тунгус тілдерінде «йаң» сөзі тек қана «жартас» ұғымын берген. Міне, осыдан барып «шың» сөзі пайда болды.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша диалог құрап, өзара сөйлестіру.
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Тау атауларын теріп жазып, есте сақтау.

«Кім жылдам?» ойыны:

Алатау, Көкшетау, Тянь – Шань, Тарбағатай, Алтай, т.б.
VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. «Қазақстан жеріндегі таулар» деген тақырыпта шығарма жазу.

87-4-сабақ

Тақырыбы: Өзендер қайдан басталады және қайда құйылады?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Өзен қайдан басталады?

2. Өзендер ылдимен қалай қарай ағады?

3. Өзен теңізге жақындағанда қалай аға бастайды?

4. Өзенге нелер құяды?

5. Олар қалай аталады?
2-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.

1) Кейбір өзендер өздерінің бастауын тау басындағы мұздақтардың еріген жерінен алады.

2) Жаңбыр суы жерге сіңіп, жер асты суларын түзеді.

3) Жер асты сулары жерді тесіп шығып, бұлақ болып ағады.

4) Өзен жазыққа жеткенде арнасы кеңейіп, баяу аға бастайды.

5) Өзен өзінің сағасынан үлкен бұрылыстар жасап ағады.

6) Бұлақтар бір-бірімен қосылып, жылдам ағатын тау өзеніне айналады.
3-тапсырма. «Дария, теңіз» сөздерінің шығу тарихымен танысу.
4-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, өзара сөйлесу.

- ... ?

- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.

- ...?

- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.

- ...?

- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.

- ...?

- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Қызықты мәліметтермен танысу.

Әлемдегі ең ұзын өзен – Мысырдағы Ніл өзені, оның ұзындығы 6670 километр. Ең қысқа өзен – АҚШ-тағы Ди өзені, оның ұзындығы 37 метр.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

88-5-сабақ

Тақырыбы: Көлдер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Суға байланысты сөздердің мағынасын біліп алу. Сөйлемдердегі сөздердің тиісті әріптерін қойып жазу.

Тұма – кішірек бастау, бұлақ. Жер астынан шығып жатады.

Бұлақ – басы бастаулардан басталып, баяу ағатын кішігірім су.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, көлдің пайда болуы туралы айтып беру. Мәтінге ат қою.

Көлдер құрлық бетіндегі үлкен ойпаң жерлерде пайда болады. Өзендер ойпаңдарға құйылып және көптеген көлдерден ағып шығады. Өзендер сумен балшық пен құмды ағызып әкеледі. Сондықтан кейбір көлдер ластанады және құрып кетеді.

Кейбір көлдерден сулар ағып шықпайды. Мұндай көлдерді ақпайтын көлдер деп атайды. Ал кейбір көлдерден су ағып шығады. Бұларды ағатын көлдер деп атайды.

(«Менің алғашқы энциклопедиям»)
3-тапсырма. Мәтінге диалог құрап, өзара сөйлесу.

Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар. Ірі көлдерге Балқаш, Алакөл, Сасықкөл тағы басқа көлдер жатады.

Әлемдегі және Қазақстандағы ең ірі көл – Каспий көлі. Көлемі үлкен болғандықтан, оны теңіз деп атайды. Каспий теңізінің ұзындығы 1200 км, ені 300 км-ге дейін жетеді, ал тереңдігі 1000 м-ден астам.

Ал әлемдегі ең терең көл – Сібірде орналасқан Байкал көлі.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Тірек сызба негізінде әңгіме құрау.


Су – табиғат байлығы


Дүние жүзінің ¾ бөлігі су



  • Барлық тіршілік суға байланысты

  • Су климат пен ау райының өзгеруінде маңызды рөл атқарады

  • Егіншілікте су қоры көп шығындалады

Су байлықтарын



сақтауымыз керек!


VI. Үй тапсырмасы. Су туралы мақал – мәтелдер жазып келу.
6-сабақ

Тақырыбы: Суды қадірлейік

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қазақ халқы суды қалай қадірлегені туралы шағын әңгіме жазу.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнына лайық ат қою. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Бурабай көліндегі Оқжетпес шыңы қалай суреттелген?

2. Ілік септігінде тұрған зат есімдерді теріп жазып, сөз тіркестерін құраңдар.
ІІ деңгей

1. Мәтіннің негізгі мазмұнын ашатын эпизодты табыңдар.

2. Мәтінге жоспар құрып әңгімелеңдер.
І деңгей

Әдебиеттерден Бурабай туралы қосымша мәліметтерді жинақтап, реферат жазыңдар.
Кластер жасау:

Оқушылар Бурабайдың тамаша табиғатын қағаз бетіне салып, оның әдемілігін өз сөздерімен суреттеп айтып береді. Ортаға шығып, жазған жұмыстарын қорғайды.
3-тапсырма. Сурет бойынша диалог құрап, өзара сөйлесу.

Әр топ диалог құрап, ортаға шығып сөйлеседі.
Ү. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:



Бурабай

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

7-сабақ

Тақырыбы: Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сөздердің мағынасын түсініп оқып, қысқаша жазып алу.

«Топан», «Құз» сөздерінің мағынасын түсініп, берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Топан. Көбіне ертегі, аңыз әңгімеде жер бетін басқан тасқын суды осылай айтады. Кейде «топан су» деген тіркес қалпында да айтылады. Осыған қарағанда «топан» сөзінің өз алдына, жеке мағынасы барлығын байқаймыз. Іздестіре келгенде мұны парсы тілінен табамыз. Бұл тілдегі «туфан» тұлғасы қазақша «дауыл» дегенді білдіреді. Күшті дауыл соққанда теңіз, мұхит сулары көтеріліп сұрапыл су тасқыны болады. Табиғаттың осы құбылысына орай «топан су» дегеніміз біздің тілімізде – «дауыл суы» дегенмен бірдей.

Құз. Бұл сөз көбіне тау бедеріне байланысты қолданылады. Қазіргі түсіндірме сөздігіміз оны тау шыңы, тік шатқал, биік жартас деп ұғындырады. Ал шын мәнісінде, құз бен шыңның мағына жағынан айырмасы бар. Ертедегі түркі тілдерінде «құз» деп таудың күн түспейтін жағын айтқан. Бұған сол кезден келе жатқан «құздың қары кемімесе, қойдың майы кемімес» деген мақал да дәлел.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жазбаша сипаттама беру.

Сөздік:

Жібек – шелк құлпыру – расцветать

Нұр – луч қамыс – камыш

өрнекті – узорчатый кілем – ковер

ақырын – осторожно нәзік – нежный

меруерт – жемчуг гауһар – бриллиант

моншақ – бусы біз – острый

тұмсық – клюв кең жайқын – широкий

шаңқию – выделяться көлеңдеу – медленно плавать

Кластер жасау:

«Аққулы көл» тақырыбына сурет салып, салған суреттерін әңгімелеу. Ортаға шығып өз сөздерімен толықтырып, қорғау.

4-тапсырма. «Аққулы көлде» мәтінінен бес етістікті теріп алып, бұйрық рай формасын жасау.

Үлгі : құлпырады – құлпыр
V. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі:

Бес жолды өлең.

Аққу. Көл.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалқы есімдерді қойып, көшіріп жазу.

8-сабақ

Тақырыбы: Таза бұлақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап беру.

Сөздік:

Шыныдай – как стекло тынбай – непрерывно

Кеңею – расширяться жалқауланбау – не лениться

Мұрат – цель жету – достигнуть

Тоқталып қалма – не останавливайся

Сұрақтар:

1) Тастақ жерден шығып жатқан бұлақтың суы қандай еді?

2) Бұлақтың қасында жатқан таста қандай жазу болған?

3) Бұл жазудан жолаушы қандай ғибрат алған?
2-тапсырма. Бұйрық райда тұрған етістіктердің астын сызу.

Адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланба, тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің.
3-тапсырма. «Таза бұлақ» мәтіні бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сөйлемдерді аяқтаңдар.

Бұлақтың суы - ..., ... .

Таста былай жазылыпты: «...».

Бұл жазылған сөз - ... .

Бұдан мынадай ғибрат алуға болады: - ..., ..., ... .

Бұлақ дегеніміз не?

ІІ деңгей

1. Мәтінге күрделі жоспар құрып, мазмұнын әңгімелеңдер.

2. Мәтіннен туынды зат есімді тауып, сөз құрамына қарай талдаңдар.

І деңгей

«Адал қызмет қыл, тоқталып қалма» деген сөз тіркестерін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді ортаға салыңдар.
V. Сабақты қорытындылау.

«Кім шапшаң?» ойыны:

Оқушылар екі топқа бөлініп, бұлаққа, өзен – көлге байланысты мақал – мәтелдер айтып жарысады. Тез әрі шапшаң, көп мақал – мәтел айтқан оқушы жеңімпаз атанады.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


9-сабақ

Тақырыбы: Табиғат құбылысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысып, табиғат деген тақырыпта сөйлем құрау.

Құбылмалы – изменчивый

Қайта оралу – возвращаться

Ауа райы – погода

Осы кезде – в это время
2-тапсырма. «Табиғат құбылысы» мәтіні бойынша мазмұндама жазу. Қандай жыл мезгілі бейнеленгенін анықтау.

Жоспар:

1. Көктемгі ауа райы.

2. Көктемнің басталуы.

3. Көктемдегі өзгерістер.

4. Көктемгі мерекелер.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, мысалдарын келтіру.

1. Зат есім деген не?

2. Зат есімнің сұрақтары қандай?

3. Туынды зат есім дегеніміз не? Оның негізгі зат есімнен айырмашылығы қандай?

4. Етістіктің бұйрық райы нені білдіреді?
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Кестені сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған туынды зат есімдердің мысалдарымен толықтыру.

-тай, -жан, -шақ, -шек

-шы, -ші, -лық, -лік, -дық, - дік, -тық, -тік

-ғыш, -гіш, -ыш, -іш

Еркетай

...

...

Жолаушы

...

...

Сүзгіш

...

...












VI. Үй тапсырмасы. Ережені қайталау


10-сабақ

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі зат есімнің септік тұлғасын анықтаңдар.

Табиғатты қорғау - біздің парызымыз.

A) барыс септік

B) табыс септік

C) жатыс септік

D) шығыс септік

2. Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» шығармасындағы кейіпкерді табыңдар.

A) Қожа B) Алмабек C) Қодар D) Ақан

3. Шың дегеніміз не?

A) таудың етегі

B) таудың ұшар басы

C) көлдің жағасы

D) ағаштың басы

4. Қай жылы ағылшын альпинистері әлемдегі ең биік шың Эвересті бағындырды?

A) 1953 ж. B) 1954 ж. С)1955 ж. D) 1956 ж.

5. Өзен қайдан бастау алады?

A) бұлақтан бастау алады B) тік және жылдам ағатын бастауын таудан

C) жазық жерден D) шағын көлдерден

6. Қазақстанда ... көл бар. Берілген сөйлемді толықтырыңдар.

A) 50 мыңнан астам B) 48 мыңнан астам

C) 47 мыңнан астам D) 46 мыңнан астам

7. Каспий теңізінің ұзындығы қанша?

А)1200 KM В)1300 KM С)1400 KM D)1500 KM

8. Берілген сөйлемнің тұлғасын анықтаңдар. Табиғатты қорғаңдар.

А)сұраулы сөйлем B) бұйрықты сөйлем

C) лепті сөйлем D) хабарлы сөйлем

9. Әлемдегі ең терең көл Байкал көлі қайда орналасқан?

A) Қазақстанда B) Сібірде C) Ресейде D) Украинада

10. Туынды зат есімді табыңдар.

A) табиғат B) көл C) тазалық D) шөл
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Туынды зат есімді табыңдар. Мысал келтіріңдер. Сөйлем құраңдар.

  2. Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы әңгіме құраңдар.

  3. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтарды атаңдар. Әрқайсысына мысал келтіріңдер.

  4. Бұйрық райды қолданып, бірнеше сөзді жіктеңдер.

  5. Адам өміріндегі судың маңызы туралы шағын шығарма жазыңдар.

  6. Таулар қалай пайда болды? Қазақстан таулары жөнінде әңгіме құраңдар.



V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

11-сабақ

Тақырыбы: Диктант

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Диктант жазу.
Диктант мәтінін бірнеше рет оқып шығамын. Содан соң түсініксіз, қиын сөздердің емлесін түсіндіремін, тақтаға қалай жазылатынын көрсетемін. Жазып болған соң бір рет тексеріп, содан соң оқушылардың өздеріне тексертемін. Емле ережелерін қайталап өту.
Әке кеңесi.
Сонау бiр өткен заманда адамдардың өмiрi сонша ауыр болыпты. Сондықтан аурушаң, әлсiз балаларды тағдырдың тәлкегiне берiп, жұмысқа жарамай қалған қарттарды ит – құс жеп қоюы үшiн орманға апарып, қалдырып кетедi екен. Бұйрықты орындамағандар қатаң жазаланыпты.

Бәрiбiр бұйрықты орындамаған жүрегiнiң түгi бар бiреу шықты. Бiр жiгiт өзiнiң әкесiн сондай жақсы көрiптi. Содан да болса керек, заңды бiрiншi болып бұзыпты. Үйдегi дәлiздiң еденiнiң астынан үңгiр қазып, әкесiн жасырып қояды. Тек түн iшiнде ғана қария таза ауа жұтып, ұлымен тiлдесу үшiн жер астынан шығады екен.

Сөйтiп бiрнеше жыл өтедi. Оның үстiне бұл елде соғыс болып, көп мекен иесiз қалады.
(94 сөз)

(Чех ертегiсi)




V. Сабақты қорытындылау.

Тапсырма:

  1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, бұйрық рай тұлғасын жасау.




  1. Орындамағандар, үйдегі, дәліздің сөздерін құрамына қарай талдау.


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

XII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Табиғатты қорғау


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру. Лексикалық тақырып. Бекіту. «Табиғат байлықтары» мәтінімен жұмыс. Жаттығуларды орындау. Деңгейлік тапсырмалар.

45 минут




2-сабақ

«Қазақстан ормандары» мәтінімен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Тірек сызбамен жұмыс.

45 минут




3-сабақ

Диалогпен жұмыс.

Жаттығуларды орындау.

45 минут




4-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар.

Жаттығуларды орындау.

45 минут




5-сабақ

«Ең құрғақ жерлер» мәтінімен жұмыс.

Жаттығулармен жұмыс.

«Ең үлкен шөл» диалогі.

45 минут




6-сабақ

Тіл дамыту.

Жаттығулармен жұмыс. Тірек сызбамен жұмыс. Мазмұндама жазу.

45 минут




7-сабақ

«Жануарлар әлемі» мәтінімен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар.

Жаттығулармен жұмыс.

45 минут




8-сабақ

«Бүркіт» мәтінімен жұмыс. Диалогпен жұмыс. Жаттығулармен жұмыс.

«Сөзшең тотылар» мәтінімен жұмыс.

45 минут




9-сабақ

Халықаралық «Қызыл кітап» мәтіні.

Диалогпен жұмыс. Мазмұндама жазу. Жаттығуларды орындау.

45 минут







10-сабақ

Нақыл сөздермен жұмыс. «Жердің асыл қазыналары» мәтінімен жұмыс.

45 минут




Қорытын-ды

11-сабақ

1. Тест.

2. Бақылау сұрақтары.

45 минут







12-сабақ

Диктант

45 минут





93-1-сабақ Кіріспе бөлімі
Тақырыбы: Табиғат байлықтары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтар арқылы диалог құрау. Өзара сөйлесу.

Сұрақтар:

1. Адамға табиғат байлықтары неге керек?

2. Табиғат байлықтарына нелерді жатқызуға болады?

3. Табиғат қорының азаюына не себеп?

4. Біз неге жол бермеуіміз керек?

5. Табиғат байлықтарын сақтап қалу үшін біздің қолымыздан не келеді?
2-тапсырма. Берілген етістіктерден бұйрық рай формасын жасап, сөйлем құрау.

Жасалу, пайдалану, сақтау, айтуға, қорғау.
3-тапсырма. Сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау.

Найзағай. Нөсер жаңбыр.
4-тапсырма. Мәтінде қандай табиғат байлығы туралы айтылғанын анықтау. Мәтінге ат қою.
5-тапсырма. 4-тапсырмада берілген мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құраңдар.

2. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауын анықтаңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.

2. Туынды зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына қарай талдаңдар.

І деңгей

Ауа ластанбауы үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы айтып беріңдер.
V. Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» әдісі:



Табиғат

VI. Үй тапсырмасы.

6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрау. Өзара сөйлесу.

94-2-сабақ

Тақырыбы: Қазақстан ормандары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беру.

Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын шағын ормандар алып жатыр. Біздің елімізден орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь-Шань шыршалары биік болып көрініп тұрады. Аралас орманда шыршалар, самырсындар, көктерек, долана тағы басқа ағаштар араласып өседі. Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралыда қайың, қарағай, Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі.
2-тапсырма. Орманның түрлері туралы мәтінмен танысып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Ұсақ жапырақты ормандарда қандай ағаштар өседі?

2) Қылқан жапырақты ормандарда қандай ағаштар өседі?

3) Аралас жапырақты ормандар деп қандай ормандарды атайды?

ІІ деңгей

Қазақстан жеріндегі орман түрлерін айтып, айырмашылықтарын айтыңдар.

І деңгей

«Қазақстандағы ормандар» деген тақырыпқа реферат дайындаңдар.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Тірек сызбаны толықтырып, әңгіме құрау.
Орман түрлері
Ұсақ жапырақты Қылқан жапырақты Аралас жапырақты

Қайың, көктерек, т.б. Мәңгі жасыл емен, үйеңкі,

өсімдіктер:шырша тобылғы, жабайы

жеміс ағаштары, т.б.
ерекшеліктері
.... ..... .....


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


95-3-сабақ

Тақырыбы: Орманның денсаулыққа пайдасы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Қызықты мәліметті түсініп, есте сақтау.

Қызықты мәлімет

Ең үлкен орман қайда екенін білесіңдер ме? Біздің жер шарымыздағы ең үлкен және қалың орман солтүстік жарты шарда, яғни Солтүстік Тундрада орналасқан. Ол Еуропа мен Азияға дейін созылып жатыр. Ол тайга деп аталады. Тайга – қылқан жапырақты ағаштар өсетін орман түрі. Тайгада қоңыр аю мен қасқырлар тіршілік етеді. Тундрада қыста қатты суық болады. Осы кезде солтүстік бұғылары тайганы паналайды.
2-тапсырма. Диалогті мәтін бойынша толықтыру.

- Ең үлкен орман қайда орналасқан?

- ...

- Ол қалай аталады?

- ...

- Тайга орманның қандай түріне жатады?

- ...

- Тайгада қандай аңдар мекендейді?

- ...

- Солтүстік бұғылар тайганы қашан паналайды?

- ...
4-тапсырма. 3-тапсырмадағы мәтінді пайдаланып, төменде берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құрау.
Орманның үстінен - сүзіледі.

өткен су - тазарып шығады.

- сүзгіштен өткен судан артық болады.
Орманның ауасы - таза.

- жеңіл.

- денсаулыққа пайдалы.
Орманда демалған адам - салқынға берілмейді.

- қан құрамы жақсарады.

- қанның қысымы төмендейді.

- шаршағаны басылады.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
96-4-сабақ

Тақырыбы: Орманды сақтау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сөздердің керекті жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

Орман тіршілік үшін аса қажет, ауаны да тазартып тұрады. Орманды ұрлап кесетін баукеспелерден, зиянды жәндіктерден, өрттен қорғау керек. Адамдар орман ішін ағаштардың шірігінен, қураған ағаштардан тазартады. Ағашы кесілген жерлерге жас көшеттер отырғызылады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сұраққа жазбаша жауап беріңдер.

Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін не істеу керек?

2. Мәтіндегі туынды зат есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, жұрнақтарын белгілеңдер.

ІІ деңгей

Қазақстанның орман шаруашылықтары қандай жұмыстарды атқарып жүргендері туралы айтып беріңдер.

І деңгей

«Орманды қалай қорғаймыз» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Мәтіннің қандай тақырыпқа жазылғанын анықтау.

Сөздік:

Зиян – вред өрт – пожар

Пайдалану – использовать бағытталған – направленный

Қарапайым ережелер – простые правила

Көміп тастау – закопать
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің екінші бағаннан жалғасын табу.

Жауап үлгісі:

Сөйлемнің басы

Сөйлемнің аяғы

1. Ормандарда өртті болдырмау үшін ...

2. Өрт таралмау үшін ...

3. Ағаштың түбінде ...

1. халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құралдармен өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек.

2. оның арасынан ор, каналдар қазады.

3. от жағуға болмайды.


VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, жазып алу. Бұйрық райда тұрған етістік пен туынды зат есімдерді тауып, астын сызу.

97-5-сабақ

Тақырыбы: Eң құрғақ жерлер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

1. Жер шарындағы ең құрғақ жер қалай аталады?

2. Шөлдер Жер шарының қандай аумағын алып жатыр?

3. Шөлдерде жаңбыр жауа ма?

4. Үнемі не соғып тұрады?

5. Жел арқылы үйілген құмды төбелер қалай аталады?

6. Шөлді басқаша тағы қалай атайды?
2-тапсырма. Сөйлемдерге керекті сөздерді қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1. Жер шарының көп аймағын шөлдер алып жатыр.

2. Шөл - суға тапшы аймақ.

3. Жел құмды сыпырып, биік төбе етіп үйеді.

4. Кейбір шөлдерде жаңбыр мүлде жаумайды.
3-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, зат есімдердің жалғауларын анықтау.

1. Ең ыстық шөлдерде күндіз температура 50 С-қа дейін көтеріледі.

2. Ал түнде салқын, тіпті кәдімгідей суық болады.

3. Біздің елімізде Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, тағы басқа шөлдер бар.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Өзара сөйлесу.

Ең үлкен шөл

  • Дүниедегі ең үлкен шөл қандай?

  • Солтүстік Африкадағы Сахара шөлі.

  • Оның аумағы қанша?

  • Шығыстан батысқа дейінгі арақашықтығы – 5600 километр, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін арақашықтығы – 1700 км.

  • Сахарадан не табылды?

  • Сахара шөлінен тұзды тас кесектерден тұрғызылған қаланың ескі орны табылды.

  • Мұндай қала жаңбырға ери ме?

  • Біздің жерде жаңбырдың бірінші күні-ақ еріп кетер еді. Ал Сахарада ше?

  • Сахарада жаңбыр жаумайтындығынан бұл тұзды қала жүздеген жылдар бойы сақталып тұрған.


VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. «Ең құрғақ жер» деген тақырыпқа шығарма жазу.
98-6-сабақ

Тақырыбы: Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу.

Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да, у-шу болып жатқан жоқ. Мамыр айында көк ала жібек кілем жайғандай қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл – жасыл гүлдермен түрленген көкорай алаңқайлар көркінен айырылған. Сол алаңқайлардан ұшып, аспанға, көкке шығып қалықтап, мың түрлі күйге салған, құбылтып жырланған бозторғайлардың да жырлары қазір естілмейді. Жазғытұрымдай әуеге, көкке, гүл иісіне мастанған адам мен мал дауыстары да көп естілмейді.

Қызыл ала, жасыл, түрлі далалар, көкорайлар солып, бурыл тартқан. Көк жасыл ормандардың жапырақтары сарғылт тартқан, селдірей де бастаған. Ормандар да, дала да, жан-жануарлар да бәрі қазір солғын тартып, күзге салымғы күнге жай ғана шуақтап тұрған тәрізді.

2-тапсырма. Қызықты мәліметтерді түсініп оқып, жазып алу. Сұрақтарға жауап беру.

1. Әлемдегі ең биік ағаш қандай?

2. Ол ағаш қайда өседі?

3. Оның биіктігі қандай?

4. Сүт ағаштары қайда өседі?

5. Оны неге сүт ағашы дейді?

6. Кәмпит ағашы қайда кездеседі?

7. Оны неге көмпит ағашы деп атайды?

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.

Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өзі-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады. Сөйтеді де бірден тына қалмайды.

Осыдан кейін Арқаның сирек кездесетін, әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Дәл осы бір шақта сені жер үстіне біткен барлық орман мен тоғай, мың түрлі шөп пен жемістер, гүлдер мен таулар, өзендер мен бұлақтар, көлдер мен теңіздер қоршап алып, алыстан ақырын ғана хош иісті лебімен желпігендей. (Ж.Саин)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет