Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет41/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Түйе- төрт түліктің төресі

7 сынып биология

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қой шаруашылығы –мал шаруашылығының негізгі саласы

Мақсаты:

Білімділік: Қой шаруашылығына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қой шаруашылығымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.

Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет