Сабақ Студенттердің өз бетімен сабақтан тыс дайындалуға арналған әдістемелік нұсқамасы Сіздің қимыл әрекетіңіздің реті



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі1,3 Mb.
#86804
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 2 симуляция ҚР ДСЖ МІ 2 курс бакалавр - копия

Емделушіге төсек дайындау. Ауыр халдегі науқастарға төсекте неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау қажеттігі төсектің құрылымына белгілі бір талаптар қояды. Науқастың төсектегі қалпы ыңғайлы, тесек-орны таза, матрац тегіс болуы керек.
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау үшін жастықшаларды, қосымша жастықтарды, жұмыр жастықтарды, аяқтарға тіреуіш және омыртқасы зақымданған науқастарды жатқызу қажет болғанда ағаш тақта пайдаланады. Нәжісі мен зәрі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенка төсейді.
Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықта (ауыр ентігуде), кейде төмен (наркоздан шығарда) немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.
Науқастың төсегін ауыстыру
Халі ауыр науқастың төсеніштері мен іш киімдерін ауыстыру 7 күнде бір рет болуы керек. Егер төсеніштері ластанса, онда тез арада ауыстырылады. Ал операциядан кейінгі науқастардың төсеніштерін қажетіне қарай ауыстырып отырады. Ластанған төсеніштері мен киімдері арнайы клеенкадан тігілген қапқа салынып, арнайы жуылатын орынға жіберіледі. Ал жұқпалы ауру мен операциядан кейінгі төсеніштер мен іш киімдер жуу алдында зарарсыздандыруға тартылады. Әрбір науқас ауруханадан шыққан соң, төсеніштер, іш киімдер, матрастар ауыстырылып, зарарсыздандыру камерасында зарарсыздандыруға тартылады.
Науқастың жай - күйіне қарай төсек жаймаларын ауыстырудың түрлі тәсілдері болады.
Егер науқас жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол кіші мейірбике көмегімен төсек-
орнын өзі ауыстырады. Егер науқастың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейірбике оны орындыққа отырғызып, ақ жаймасын өзі ауыстырады.
Төсек тартып жатқан науқастардың ақ жаймасын ауыстыру қиын. Науқастың төсек-орнын әдетте екі адам науқасқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады. Ол үшін ақ жайманы бас пен аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, бел тұсынан /сегізкөз/ орап алады. Екі жағынан ораған таза ақ жайманы жайлап науқастың сегізкөзіне жақындатып салады. Содан кейін басы мен аяғына қарай түзетеді

Мейірбике науқастың киімін шешіндіру үшін науқастың жамбасының астына қолын тығып, көйлектің етегін ақырындап, бас жағына қарай көтереді. Содан кейін науқастың екі қолын жоғары көтеріп, көйлектен әуелі басын, сосын қолын шығарады.


Егер науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан кейін жарақаттанған қолынан шешеді.Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді. Екі жеңін кигізіңіз, егер қолда жарақат болса, алдымен жарақат қолын, содан кейін сау қолын кигізіңіз. Көйлекті басынан кигізіп, етегін төмен қарай жазып, түсіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет