Сабақ Студенттердің өз бетімен сабақтан тыс дайындалуға арналған әдістемелік нұсқамасы Сіздің қимыл әрекетіңіздің реті



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі1,3 Mb.
#86804
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 2 симуляция ҚР ДСЖ МІ 2 курс бакалавр - копия

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Кереуеттің бас жағын қабырға жаққа қойыңыз;

  • Кереуеттер арасындағы қашықтықты 1-1,5 м ұстаңыз;

  • Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз;

  • Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;

  • Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз

Жағдайы нашар пациенттін матрастың үстіне қабатты ақжайма, жастықтың тысын да екі қабаттап салады. Ауа райына, күн мезгіліне байланысты қалың көрпе тысымен беріледі.
Пациенттін төсек жабқыштарында қатты тігістер кедергі жасамау керек. Мейірбике пациентке үнемі көңіл аударып, жағдайын сұрап, қамқорлық жасауы керек. Отыруға ыңғайлы қалып болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейін жиып отырғызу керек. Бас жағын көтеру үшін бірнеше жастық қойып биіктетуге болады. Аяқ жақтыда да биіктету үшін, жастық, валик, тізенің астын жоғарлату арқылы түзеуге болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Негізгі функционалдық төсек пациентке әлдеқайда жақсы жағдай тұғызуы қажет. Сетканың үстіне тегіс матрас салады. Несеп пен нәжіс ұстай алмайтын пациенттердін матрасы үстіне жамбастың астына жаялық салады және оның шеттерін төсек кірлемеу үшін матрастың астына бүктейді. Жағдайы нашар пациенттін ақжапқыштың үстіне жаялық немесе екіге бүктелген басқа ақжапқыш салады. Басына жастық қояды (біреу немесе екеу). Пациентке көрпе тысы бар көрпе береді, жыл мезгіліне байланысты ең жақсы жүнді көрпе. Ауыр пациенттін ақ жаймасында, жастықтың, көрпенің тысында түймелер болмауы тиіс.
Мейірбике пациенттін жатысы жақсы болуын әрқашанда байқап жүру керек (мүшенің немесе жүйенің немесе жүйенің жақсы жұмыс істеуі үшін). Ол үшін ең жақсысы үш қозғалмалы бөлімнен тұратын функционалды төсекті қолданған жөн. Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады (отыратын жағдайға дейін). Бас жағының көтерілетін, сонымен қатар бас астына қоятындарын жастық ретінде қоюға болады. Аяқ жағынан көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына салынған валик арқылы істеуге болады.
Науқастың терісіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және анализаторлық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий, калий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда - анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тербөліну күрт артады, ал булағанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Науқасты әсіресе ауыр халдегі науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін сақтау үшін май және тері бездері қызметінің маңызы зор. Алайда тері мен май терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, терімен бірге теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен қышиды, одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің тұтастығы бұзылады. Бұл өз кезегінде терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына жағдай жасайды. Осыған байланысты мейірбике пациенттің жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және теріні таза сақтау жөніндегі әрекеттерді орындауға көмектеседі. Мейірбике өз аяғымен жүрген науқастардың төсек-орын жапқыштарын, іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу кестесін жасап, орындауы тиіс.
Сондықтан тері таза болуы керек - мұндай науқастардың іш киімдерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылган сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шат аймағына, колтық астына, әйелдерде - емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.
Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өте маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсек тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары -аптасына 2-3 рет жуылады
Денесін сүрту
Егер науқасқа жартылай өндеу - денесін сүрту - тағайындалса, онда жылы су, сүлгі, клеенка, көрпе дайындап алған жөн. Суға антисептикалық әсер ететін зат (калий перманганатын) қосуға болады.

Науқастың астына клеенка төсеп,суға матырылған сүлгімен, науқастың денесін толық ашпай, жеке бөліктерін бірінен соң бірін сүрту. Содан кейін орамалмен құрғату, сол бөлікті көрпемен жабу. Дененің басқа бөліктерін де осылай ретпен сүрту.


Науқасты жуындыру.
Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Қолдарынызды жуып, қолғап киіңіз,сүлгіні суға матырып алыныз. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз. Қолғапты шешіп, колдарыңызды жуыңыз.
Ойылудың пайда болуына әкелетін негізгі және де басқа факторлар.
Ойылуды емдеу, ойылудың алдын - алу бойынша науқастар мен оның туысқандарына ереже- нұсқау құрастыру.
Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндер(некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет