Сабақ тақырыбы : Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу



Дата08.09.2017
өлшемі241,62 Kb.
#31670
түріСабақ
БҚО Тасқала ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Шопликова Эльмира Орынбаевна

Күні:23.11.2015ж

Бекітілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Темиралиева А.Ж.



Пән атауы : Математика 4 «Б» сынып

Сабақ тақырыбы : Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты

параллелепипедтің көлемін табу



Сабақ мақсаты: 1) Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты

параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептер шығару;

2) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс жасауға

дағдыландыру. Математикаға қызығушылығын арттыру.


3) Оқушыларды жылдамдыққа, достық қарым-қатынас пен ұжымдық іс- әрекетке

тәрбиелеу.



Сабақ типі: қайталау сабақ

Түрі : ойын- сайыс

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, логика ,қазақ тілі

Көрнекілігі: әмбебап тақта, оқулық, геометриялық фигуралар, плакат.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (Оқушылармен, қатысып отырған мұғалімдермен амандасу)

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып жақсы бір өлең шумағын айтып сабағымызды көтеріңкі көңіл

күймен бастайық!

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп өзгеге

Жаңа білім алуға,

Алға қадам басайық.

ІІ. Ой шақыру . (әмбебап тақтада бейнеленген суретке назарларын аударту)


  • Мына суретте қай фигура артық екенін тап. (параллелепипед)

  • Неліктен ? Себебін түсіндір. (көлемді фигура)

-Жарайсыңдар!

Енді, тіктөртбұрыштың қасиеттерін еске түсірейік:

Оқулықтың 114- бетіндегі №1 есепті орындаймыз.


  • Қай қабырғалары параллель?

  • Бұл қабырғалар өзара тең бе?

  • Қай қабырғалар перпендикуляр?

  • Олар өзара тең бе?

  • Сұрақтарына жауап алынып қорытынды жасалады.

Әмбебап тақтадағы фигуралардың ішінен тіктөртбұрышты табу

білдіреді, 6 тіктөртбұрыштан тұратын қандай фигураны білеміз?

Оқушылар: Параллелепипед.



  • Иә, оның алты жағы бар.

Қазір біздер сабақ барысында параллелепипедтің көлемін тауға есептер шығаратын боламыз.

Алдымен формулаларды есімізге түсіріп алайық:



  • Периметрді қалай табамыз ? Р= (a + b )* 2 (см)

  • Ауданды қалай есептейді ? S= a * b (см2)

  • Көлем дегеніміз не ? V=a *b *c (см3)

  • Жақсы

Енді, топтармен ,3 топ жұмыстанып жарысамыз

Ітоп ІІ топ ІІІ топ бір –біріне алақандарын тосып жылулық сыйлайды.



Бүгінгі күн терезеден, Бізге міне тұр қарап.

Қандай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

Оқулықпен жұмыстану

  1. Топ № 4. Есепте.Дұрыстығын тексер.

90 912 х 2 =181 824  436 134 : 2 =218 067 446 545 : 5 =89 309

1 236 + 123 + 9 879 =11 238 12 536 + 273 + 9 873 =22 682 23 123 + 9 898 + 129 =33 150



  1. 832 - 1 009 =799 823 900 479 - 32 509 =867 970 876 874 + 100 009 =976 883

  1. Топ № 5. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

5кг 82г =5 082 г 9 805ц = 900 т 805ц 654ц= 65 400кг

3 сағ.25 мин =(180+25)=205мин 5 сағ= 18 000с 535с = 8 мин55сек (480сек+ 55с=535сек)

600 см = 60 дм 320м2 = 32 000дм2 200см2 = 2 дм2

3-Топ. Карточкамен жұмыстанады.

1 оқушы: Қабырғалары 6м және 9м құрайтын тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап

2 оқушы: Егер тіктөртбұрыштың ауданы 4800 см2 , ал ені 60 см болса, оның ұзындығын тап

3 оқушы: Тікбұрышты параллелепипед тәріздес аквариумның

ұзындығы 12 дм, ені 4 дм, биіктігі 6дм. Аквариумның көлемін тап.

4 оқушы: Қабырғасы а шаршының ауданы мен периметрінің формуласын жаз



5 оқушы: Үшбұрыштың периметрі 15см оның екі қабырғасы өзара тең, ал үшінші қабырғасы 3см. Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларының ұзындығын тап



Сергіту сәті « Бір ұжым » жаттығуы

Мен, сен, ол, олар,

Бәрімзде бір ұжым 2 рет қайталап айту

Мынау сынып, бұл – ұстаз

Қуанышты күн бүгін.

« Ой жетпейтін жер болмайды , Шешімі жоқ есеп болмайды . »

Плакатқа суретін салу

Шартын

Сұрағын жазып қорғау



Шешуін

Жауабын


№6. 115- бетте берілген суреттегі параллепипедтің көлемдерін тапқызу V-?

І – топ: Қызыл

Топ басшылары келіп түс таңдайды ІІ – топ: Күлгін фигуралардың көлемін есептеп табады.

ІІІ - топ: Жасыл



Тапсырманы орындап болған топ қолдарымызды жоғары көтереміз.

Сабақты бекіту (ой шақыру әдісі)



« Сұрақ бізден, жауап сізден » тапсырмасы бойынша сұрақтар беремін.
1. Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең?
2. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар?
3. Текшенің неше жағы бар?
4. Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең?
5. Текшенің жақтары қандай фигура?
6. Шаршының қабырғасы 7 см. Ауданы неге тең?
7. Тіктөртбұрышты парллелепипедтің 3 өлшемін ата
8. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз

9. 4³ дәрежесі неге тең?

10. Кез келген санды 1-ге көбейткенде қандай сан щығады?
Дұрыс жауаптар:

1) 27 см, 2) 12, 3) 6, 4) а см куб, 5) Шаршы, 6) 49 см, 7) Ұзындығы, ені, биіктігі, 8) 999 9) 64 10) Сол санның өзі шығады.

Үй тапсырмасын беру: а) Периметр , аудан , көлем ережелерін жаттау.


ә) № 8, бет 115.
Бағалау парағының қорытындысын шығару.

Тасқала аудандық білім бөлімі


Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі

Ашық сабақ


Тақырыбы:

« Тіктөртбұрыштың, шаршының

периметрі мен ауданын, тік бұрышты

параллелепипедтің көлемін табу »
(4 «Б»сынып,Математика.Сабақтың түрі: ойын-сайыс)

Бастауыш сынып мұғалімі:



Шопликова Э.О.


2015 – 2016 оқу жылы
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет