Сабақ тақырыбы: §1, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты



бет58/66
Дата14.04.2017
өлшемі7,84 Mb.
#13894
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66

IV. Пысықтау.

1. Көлбеу жазықтықтың формуласы қалай жазылады?

2. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?

3. «Механиканың алтын ережесі» барлық механизмдер үшін орындала ма? Мысал келтіріңдер.

4.Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы анықталады?

5. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе?



V. Есептер шығару. В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,№554, №555, №556.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §63. 19-тапсырма.


60 – сабак. 7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  • Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы, Р.Башарұлы, Ж.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

439. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар.

440. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

453. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

475. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

476. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

481. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

490. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?

504. Иіндіктің ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді. Кіші күш ілінгенге дейінгі тірек нүктесінің қашықтығы 6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, иіндіктің ұзындығын табыңдар.

513. Тепе-теңдік күйдегі иіндіктің иіндері сәйкес 15 және 90 см-ге тең. Иіндікке түсетін күш 1,2Н. Үлкен күштің мәнін табыңдар.

8. Қатаңдығы 1,5∙105 Н/м серіппені серпімділік күшінің әсерінен 2 см-ге ұзартса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай болады?

10. Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?



IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: №7 зертханалық жұмысқа дайындық.

7-сынып

62 – сабак. Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.

Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.

1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:


  1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;

  2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

  3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.


  1. тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;

  2. көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;

  3. білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;

  4. білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.

Жұмыстың барысы.

Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:

η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2·100%

ПӘК-ін табу үшін:



  1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;

  2. Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,

  3. Көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;

  4. Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:




реті

Көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н)

Ауырлық күші, F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А22 (Дж)

Көлбеу жазықтық

тың ұзындығы, ℓ(м)



Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h

(м)


Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,

А1=F1h.




ПӘК

(%)




























  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.



7-сынып.

64 – сабак. Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау

Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.

1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;

  2. Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;

  3. Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:




Масса, m1(г)

Иін, ℓ1(см)

Күш,

F1 (Н)



Күш моменті,

М1 (Н·м)



Масса,

m 2 (г)



Иін, ℓ2(см)

Күш,

F2 (Н)



Күш моменті,

М2 (Н·м)






























  1. М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М12) олардың орташа мәніне бөлу керек:

Ауытқу= (М12): (М12)/2·100%

2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  1. Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;

  2. Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:

Моң= М12+...+Мn;

  1. Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар;

Мсол= М12+...+Мк;

  1. Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте

алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.

  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.



7- сынып

67 – сабак. Жылдық тест жұмысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың жылдық материалды қалай меңгергендерін тексеру, тинянақтау, қорытындылау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: тест жұмысы

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс

Сабаққа қажетті құралдар: таратпа тест жұмыстары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа

1. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды?

А. Диффузия

В. Конвекция

С. Электрлену

Д. Иондалу

2. Астрономиялық денелерге не жатпайды?

А. Жұлдыздар.

В. Планеталар

С. Кометалар

Д. Аметистер

3. Берілген сөздердің қайсысы физикалық дене болып табылады?

А. Ұшақ


В. Дыбыс

С. Метр


Д. Жылдамдық

4. Төмендегі құбылыстардың қайсысы механикалық құбылыстарға жатады?

А. Автомашинаның қозғалысы

В. Жапырақтың сарғаюы

С. Картоптың бүлінуі

Д. Найзағайдың жарқырауы

5. Астрономияның ең негізгі құралы қалай аталады?

А. Микроскоп

В. Телескоп

С. Линза


Д. Окуляр

6. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

А. с


В. кг

С. м


Д. м/с

7. Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құралды атаңыз.

А. Өлшеуіш сызғыш

В. Ареометр

С. Манометр

Д. Мензурка

8. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің, осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын шаманы қалай атайды?

А. Үйкеліс күші

В. Серпімділік күші

С. Қысым күші

Д. Қысым

9. Таразының оң табақшасына 20 г, 1 г, 500 мг, 10 мг кірлерді салған кезде, оның сол жақ табақшасындағы денемен теңесті. Өлшеніп жатқан дененің массасы қандай?

А. 26 г 11 мг

В. 20 г 511 мг

С. 531 мг

Д. 21 г 510 мг

10. Заттар қандай күйде пішіні мен көлемін сақтайды?

А. Газ тәрізді

В. Сұйық

С. Қатты немесе сұйық

Д. Қатты

11. Мензурка бөлігінің құнын анықта.

А. 50 мл

В. 12,5 мл

С. 200 мл



Д. 25 мл

12. Бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығы қандай өрнекпен анықталады?

А.

В.

С.

Д.

Каталог: uploads -> doc -> 10ff
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10ff -> Сабақтың тақырыбы: М. Мағауин «Бір атаның балалары»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет