Сабақ тақырыбы 8 сыныптағы алгебра курсын қайталау Сабақтың түрі



бет4/4
Дата03.09.2022
өлшемі69,97 Kb.
#148670
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Саба та ырыбы 8 сыныпта ы алгебра курсын айталау Саба ты т рі

1. «Не үйрендік?» сұрағы төңірегінде оқушылардың ой – пікірін сұрау.Рефлексия төмендегі мазмұнда өтеді.
Рефлексия «Сөйлемді аяқтау».
Мен бүгін көп нәрсені еске түсірдім...........
Мен үшін...........
Қиын болды..........
Мен тапсырмаларды..........
Мен енді............
Алдағы уақытта.......
2. Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.
3. Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
4. Үйге тапсырма: дескриптор құрып мәтін есепті шешу сұралады.
Екі бригада жұмыс жасап 8 сағат көлемінде жер жыртты. Егер екінші бригада бірінші бригадаға қарағанда 12 сағатқа артық жұмыс жасау керек болса, онда әр бригада жеке жұмыс жасағанда жерді қанша уақытта жыртады. [6]

№ 3 дидактикалық материал

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет