Сабақ тақырыбы 8 сыныптағы алгебра курсын қайталау Сабақтың түрі



бет1/4
Дата03.09.2022
өлшемі69,97 Kb.
#148670
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Саба та ырыбы 8 сыныпта ы алгебра курсын айталау Саба ты т рі

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сынып алгебра курсын қайталау

Мектеп: Т.Амандосов атындағы орта мектеп

Күні: 5.09.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Ыдрысова А

Сынып: 9 а,ә,б,в

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8 - сыныптағы алгебра курсын қайталау

Сабақтың түрі

Практикум сабағы

Сабақ мақсаттары

Жалпы курс бойынша білімдерін жинақтау,саралау,білімдерін есептер шығару барысында тексеру.
Алған білімдерінің беріктігін байқау,дарындылығын анықтау.
Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Бағалау
критерийлері

  • Толық квадрат теңдеуді шешуде жалпы формуланы қолданады;

  • Толымсыз квадрат теңдеуді шешеді;

  • Квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын қолданады;

  • Бөлшек-рационал теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шығарады;

  • Квадрат теңдеудің көмегімен мәтіндік есептерді шығарады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: квадрат үшмүше; квадрат үшмүшенің түбірі; квадрат теңдеу; екінші дәрежелі теңдеу; толық және толымсыз квадрат теңдеулер; келтірілген квадрат теңдеу; бірінші немесе басты коэффициент, екінші коэффициент немесе х-тің коэффициенті, бос мүше; дискриминант; екімүшенің квадратын бөліп алу; рационал теңдеу; биквадрат теңдеу; бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер жиыны; бөгде түбір.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік; ... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады; берілген квадрат теңдеудің... (түбірлер саны) түбірі бар, өйткені ... ; кез келген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін ... арқылы өрнектеуге болады; берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ; берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені .. ; берілген түбір бөгде түбір, өйткені ... .

Құндылықтарды
дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

АКТ қолдану
дағдылары

Тақырыпты талдау барысында Microsoft PowerPoint бағдарламасын қолдану

Бастапқы білім



Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет